Педагогика тарихы


В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары (1826-1888)



бет40/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)
өзіндік жұмыс, ОНАТИЛИ
В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары (1826-1888). Владимир Яковлевич Стоюнин - педагог, білім беру қайраткері, теоретик-әдіскер. Ол 1860 жылғы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың ықпалымен азамат тәбиелеу, тәрбиеде гуманизм ұстанымдарын сақтау, жалпы білім беру, мектепті демократияландыру идеяларын қолдады.
В.Я.Стоюнин психология мен педагогикаға негізделген еркін шығармашылықты мектептің дамуына жағдай жасауды ұсынды.
Оның әдіскерлік идеясы тәрбиелей отырып оқыту ұстанымына негізделді. Тіл сабақтарын оқыту оқу еңбегінің рухани-адамгершілігін қалыптастыратын құрал деп санады. Ол әдебиетті оқытудың біртұтас жүйесін жасады. Ол сословиесіз ұлттық мектеп құруды қолдады. Сондай-ақ, В.Я. Стоюкин ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің өзара байланысына мән берді.
Оның “XVIII ғасырдағы ресейдегі педагогикалық пікірлердің дамуы” (1857-1858), “ХIХ ғасырдың басындағы тәрбие тарихынан” (1878), “Біздің отбасы және оның тарихи тағдыры” (1884) атты еңбектері Ресей педагогикалық ой-пікірінің дамуына айырықша ықпал етті.
Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасы. Николай Иванович Пирогов (1810-1881) шенеуніктің отбасында дүниеге келді. Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірді. Ол орыс хирургиясының негізін қалаумен бірге көрнекті педагогика қайраткері болды. Оның әкімшілік–педагогикалық қызметі жемісті және қызу жүрді. Ол Дерпт университетінде, Петербург медицина академиясында оқытушы болды.
1856 жылы Одесса округінің оқу ісінің попечителі болып екі жыл қызмет етті. Ол гимназиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге барынша күш салды, оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен қарауға бағыт берді. Одессада университет ашуға даярлық жасады.
Сол жылы “Мәскеу жинағында” Пироговтың мақаласы жарияланды, ол мақала педагогикалық және қоғамдық қауымнан қызу қолдау тапты. Мақала мерзімді баспасөз беттерінде қайта басылып, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай “ұйықтап жатқан педагогикалық ойды оятты”.
1858-1861 ж. ж. Пирогов Киев оқу округін басқарды. Одесса мен Киев округтерінің оқу ісінің попечителі болған кезінде мектепті қайта құру мәселелеріне байланысты құнды-құнды пікірлер қосты.
Н.И.Пироговтың педагогикалық мұраларындағы басты идея тәрбие арқылы өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық тәрбие мен жалпыадамзаттық білім беру болды. Оның пікірлері “Өмір мәселелері”, “Болу және болуға тырысу”, т.б. еңбектерінде Ришель лицейіндегі салтанатты жиында сөйлеген сөзінде (1857) көрініс тапты: ол адамгершілік тәрбие негізі – христиан дінінде дей отырып, тәрбиенің екі түрі бар: ол жалпыадамзаттық және арнайы; тәрбиенің ең бірінші мақсаты – “адам болуға” үйрету, яғни балалық шақтан бастап өмірдің материалдық жағын рухани өмірге тәуелді ету, бір сөзбен айтқанда, ең бастысы – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру; адамның екі жақты сипаты бар, бір сипаты - биологиялық, екінші сипаты - қоғамдық; әр жеке тұлғаның ішкі және сыртқы дүниесіне қарама-қайшылық тән; адамның бойындағы табиғи және қоғамдық қасиеттерді үйлестіретін тек қана тәрбие деген пікірді уағыздады.
Н.И.Пирогов мектеп жүйесін сатылы болу керек деп санады. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін, екі типті 4 жылдық прогимназия (орталау мектеп), онан кейін тағы екі типті 3-5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия, одан кейін жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары) болуы керек деп санады.
Н.И.Пирогов әйелдерді оқыту, олардың құқын қорғау мәселесін қолдағанмен де, олар отбасында күйеуін қолдап, балаларын тәрбиелеумен айналысуы тиіс деп есептеді.
Н.И.Пирогов жоғары мектепке қатысты жазған мақаласында университеттік білімді қайта құру керектігін, онда ғылым қызметкерлері мен профессорларды даярлау, оқыту мамандықтың тар аясында емес, жалпыадамзаттық бағытта болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет