Педагогикалық психология



бет15/21
Дата28.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35423
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Тірек ұғымдар: тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері, заңдылық, тәрбиелеу үрдісінің кезеңдері.

Жоспар

1. Тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктері.

2. Тәрбие беру үрдісі көп факторлы үрдіс.

3. Тәрбие үрдісінің құрылымы, кезеңдері.



1. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.

Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:



  • Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.

  • Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.

  • Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.

  • Нәтижесі өте елеусіз.

  • Болашаққа бағытталған үрдіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс. Озық педагогикалық, психологиялық ойларды ұтымды әдіс-тәсілмен қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана сезімі, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру. Ұлттық ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау. Олардың қабылдауын дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметтпен қарау және оны жүзеге асыруға ынталы болу. Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою. Сонымен қатар басқа ұлттық өкілдерін, жастардың өзара сыйластық, достық негізде өмір сүруіне ықпал жасау.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар бар:



  • Тәрбиенің мазмұны оның жүзеге асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі: адамгершілік,имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие жұмысының барлық буынында ана тілін пайдалану.

Педагогикалық жағдайды зерттей отырып, педагогика тәрбиенің заңдылықтарын ашады. Заңдылық - педагогикада ғылыми нормативтік реттеуші қызметін атқара отырып, тәрбиенің заңдылықтарын ескеріп, принциптерді қалыптастырады (принцип - негізгі талаптар).

Адамның дамуы екі өзара байланысты үрдісті - оқытуды және тәрбиелеуді ұйымдастыруды талап етеді. Бұл екі үрдістің әр түрлі міндеттері бар, сондықтан бір бірімен қиылысса да, кейде уақыт бойынша қатар келсе де олар бір бірінен ұйымдастырудың әдістері және формасы жағынан үлкен айырмашылықтары бар.

Тәрбие үрдісі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дәл сол тиімді өзара әрекеті (ынтымақтастығы).

Тұтастық педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Сондықтан педагогикалық үрдіс бөлімінде берілген білімдер жиынтығы тәрбие үрдісіне де тікелей қатысты. Тәрбие үрдісінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы зор. Бұған тәрбиеленушілердің интеллектуалдық өрісіне (олардың санасына), эмоциялық өрісіне (олардың эмоциялары мен сезімдеріне) және еріктік өрісіне (олардың әрекеттеріне, мінез-құлқына) жүйелі және жоспарлы ықпал еткен кезде қол жетеді. Егер осы компоненттердің біреуі түсіп қалатын болса, тәрбие өз мақсатына жете алмайды, ол біржақты сипатқа ие болады. Сондықтан тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - тұлғаға жан-жақты ықпал жасау, санаға, сезім мен мінез-құлыққа бір мезгілде әсер ету.

Тұлғаның қалыптасуы мақсатты бағытталған үрдіс. Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл үрдіс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады. Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады. Ол адамдардың объективті жағдайларымен негізделген (сабақтастырылған). Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес. Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды - бұл қоғам дамуының қажетті шарты.

2. Тәрбие үрдісі өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Ол балалар мектепке келерден көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады. ХVІІІ ғасырдың француз материализмінің аса көрнекті өкілдерінің бірі К.А.Гельвецийдің өзі тәрбиені ұзақ үрдіс ретінде сипаттай отырып, шынтуайтқа келгенде, бүкіл өмірдің өзі бір ұзақ тәрбие деп жазды.

Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі - оның үзіліссіз болуы.

Тәрбие үрдісінің келесі ерекшелігі - оның екі жақты және белсенді үрдіс екендігі. Тәрбиеленуші - тәрбие объектісі ғана емес, субъектісі де. Сондықтан мектеп тәжірибесінде өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті дамытуға қатаң түрде және ұзақ уақыт бойы өзін-өзі қолға алу жұмысын ұйымдастыруға көп назар аударылады.

Тәрбие үрдісі кешенді (комплексті) үрдіс. Бұл тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болғандықтан педагогикалық ықпал ету кешенді сипатта болады.

Тәрбие үрдісінің ерекшелігі - оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығында. Тәрбиеде оқушылардың тұлғаның қандай қасиеттерін, қандай әдеттерді бойға сіңіргендіктерін анықтау қиын. Бұл үшін олардың мінез-құлықтарын әр түрлі жағдайларда, әр түрлі жағдаяттарда ұзақ бақылау керек. Мұның өзі тәрбие - динамикалық, диалектикалық және үздіксіз үрдіс екенімен түсіндіріледі. Тұлғаның кез-келген қасиеті шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.

3. Тәрбие үрдісі күрделі қозғалмалы жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада барынша белгілі тәрбие үрдісінің жүйесінің моделі мынадай өлшемдер бойынша құрылған: мақсат және міндеттері, тәрбие үрдісінің мазмұны, үрдістің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеті, қолданылатын тәрбиелік іс-әрекеттің әдістері, формалары, уақыт бойынша үрдістің даму кезеңдері.

Мақсаттық өлшем бойынша тәрбие үрдісінің құрылымы міндеттердің жиынтығы болып саналады және үрдіс соларды шешуге бағытталған:

- тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны тұтастық қалыптастыру;

- жалпыадамзаттық құндылықтар, әлеуметтік бағытталған мотивация, тұлғаның инттеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік аяларын үйлесімді дамыту негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;

- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер аясындағы қоғамдық құндылықтарға баулу;

- қоғамның демократиялық өзгерістеріне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкесті өмірлік позициясын тәрбиелеу;

- тұлғаның мүмкіншіліктері мен сұраныстарын, тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның ынтасын, қабілетін және қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың жекелік және қоғамдық санасын дамытатын танымдық іс-әрекетті дамыту;

- тұлғаның тәрбиелеу мақсатымен шартталған сапаларын қалыптастыруды ынталандыру үшін даралық, әлеуметтік құнды, әр алуан іс-әрекетті ұйымдастыру;

- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын дамыту, яғни еңбектік іс-әрекеттің өзгермелі жағдайындағы қарым-қатынасты және әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

Келесі құрылым тәрбие үрдісінің басты сатыларын бөлу негізінде жасалған. Өлшемі - үрдістің міндетті түрде өтетін кезеңдердің бірізділігі.

Тәрбиелеу үрдісінің кезеңдері:

- талап етілетін мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін тәрбиеленушілердің ұғынуы. Мұнсыз тұлғаның мінез-құлықтың берілген, тапсырылған типін қалыптастыру нәтижелі болмайды;

- білім сенімге айналуға тиісті. Сенімдер - бұл өмірде басшылыққа алынатын белгілі бір ұстанымдарға және дүниетанымға негізделетін қатаң көзқарастары. Сенімі бар адам қандайда бір қылықтың қажеттігін терең ұғынады. Мысалы, оқушылар мұғаліммен амандасу керектігін біледі. Бірақ бәрі бірдей мұны неге істемейді? Сенімге айналмаған. Тәрбиелеу білім алу сияқты бірінші кезекте тоқтап, сенімге айналу кезеңіне жетпеген

- сезімді қалыптастыру. Сезімді қайрау және оған сүйену арқылы тәрбиешілер оқушылардың талап етілетін нормалар мен ережелерді тез түсінуіне және қабылдауына қолы жетеді.

- іс-әрекетке тарту, араластыру және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу. Жеке тұлға болмысын іс-әрекет туралы ілімсіз қалыптастыруға болмайды.

Келесі құрылым да бірізді үрдіс кезеңдерін бөлуге негізделеді, бірақ ол енді басқа өлшемдерге, яғни үрдістің жүруінің тиімділігін қамтамасыз ететін компоненттер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді:

а) үрдісті жобалау, ол өзіне тәрбиелеудің мақсатын және нақты міндеттерін анықтауды енгізеді;

ә) материалдық (еңбектік, табиғатты қорғау), қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, коммуникативтік), рухани (эмоционалдық-сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

б) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу;

в) нәтижені қадағалау және қорытындылау, алынған және жоспарланған нәтиженің арасындағы арақатынасты орнату, табыстар мен сәтсіздіктерді талдау.

Тәрбие үрдісінің кезеңдерін бөліп шығаруда педагогикалық әрекеттердің бірізділігін де пайдалануға болады:

- жалпы нормалар мен талаптармен таныстыру;

- қатынастарды қалыптастыру;

- көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыру;

- тұлғаның жалпы бағытталғандығын қалыптастыру.



Әдебиет.

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.

  3. Ильина Т. Педагогика. М., 1984.

18 дәріс тақырыбы: Әлеуметтену және тәрбие арасындағы байланыс

Тірек ұғымдар: қарама-қайшылық, әлеуметтену, әлеуметтену факторлары.

Жоспар

  1. Қарама-қайшылық тәрбиенің қозғаушы күші ретінде.

  2. Әлеуметтену және тәрбие.

  3. Әлеуметтендіру негізі және оның кезеңдері.

  4. Жеке тұлғаның қалыптасуы және әлеуметтену факторлары.

1. Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ және қарама-қайшылықты үрдіс. Біздің ағзамызда өмір бойы ұдайы өзгерістер жүріп жатады, бірақ балалық және жасөспірімдік шақта денелік жағдайы және рухани дүниесі әсіресе қарқынды өзгереді. Даму сандық өзгерістерді қарапайым жинақтауға тірелмейді, төменнен жоғарыға тікелей алға қозғалу да болмайды. Бұл үрдістің ерекше сипаттамасы - сандық өзгерістердің тұлғаның денелік, психикалық және рухани сапаларына деген өзгеріске диалектикалық түрде ауысуы.

Дамудың қозғаушы күші - қарама-қайшылықтардың күресі. Қарама-қайшылық - бұл “мәңгі қозғаушы” секілді тұрақты өзгерістерге және жаңаруға сарқылмас энергия беріп тұрады. Қарама-қайшылықтар - бұл тартысқа келіп тұрған қарама-қарсылықты күштер. Адамға қарама-қайшылықтарды ойлап табуға, іздеудің қажеті жоқ, олар сұраныстардың өзгеруінің салдары ретінде шыға береді. Адам өзінің табиғаты бойынша да қарама-қайшылықты.

Қайшылықтарды былайша бөледі: ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтар, бүкіл адамдардың дамуының қозғаушы күші болатын жалпы (универсалды) қарама-қайшылықтар, жекелік - жекелей адамға тән. Адамның сұраныстарының арасындағы қарама-қайшылықтар универсалды сипатқа ие. Мысалы, қарапайым материалдық және рухани сұраныстармен олардың орындалу мүмкіншілігі арасындағы қайшылық. Ішкі қарама-қайшылықтар адамның “өзімен өзі келіспеген” жағдайда пайда болады. Олар жекелік ұмтылыстарда өз көрінісін табады. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі - пайда болатын жаңа сұраныстардың және оларды орындау мүмкіншілігі арасындағы қарама-қайшылық. “Жасағым келеді” - “жасай аламын”, “білемін” - “білмеймін”, “бар” - “жоқ” т.б. - бұлар тұрақты қарама-қайшылықты көрсететін типтік қосарланған жағдайлар.

Адамның дамуы ішкі (ағзаның физиологиялық және психикалық қасиеттері) және сыртқы (адам өмір сүріп және дамып жатқан қоршаған орта) жағдайлармен анықталады. сыртқы ортамен өзара қарым-қатынас үрдісінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қасиеттер қалыптасады, ал өз кезегінде келесі өзгеріске әкеліп соқтырады.



2. Әлеуметтену - қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асырылатын, индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді қайталаудың (воспроизводства) үрдісі және меңгеруінің нәтижесі.

Әлеуметтену - бұл индивидтің қоғамда өз өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдердің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру үрдісі болып табылады. Ол адамның әлеуметтік тәжірибені игеруі барысында жүзеге асады, тек ең алдымен оның белгілі бір қоғамдық қатынастарға, әрекет түріндегі қарым-қатынас формасына түсуі нәтижесінде іске асады. Бұл жағдайда әлеуметтену филогенезде де (адамның тектік қасиеттері мен сипаттарының қалыптасуы), онтогенезде де (нақты тұлғаның қалыптасуы) жүзеге асырылады. Адамның тарихи дамуы тұрғысында да, онтогенезде де тұлға - индивидтің әлеуметтену нәтижесі. “Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады” (А.Н.Леонтьев). Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға - бұл әрқашан да үрдіс, бұл үнемі қалыптасу. Өзінің қалыптасуында, өзінің ұмтылысында тұрып қалған, қатып қалған тұлға - бұл, демек, ағындап-тоқырай бастаған тұлға.

Әлеуметтену қоғамдағы өмірдің әр түрлі шарттағы стихиялық әсер жағдайындағы және тұлғаны мақсатты бағытталған қалыптастыру, яғни тәрбиелеу жағдайында жүзеге асып жатады. Тәрбиелеу - әлеуметтенудің жетекші және анықтаушы бастауы. Ұғым ХХ ғ. ортасында әлеуметтік психологияға енгізілген. Әлеуметтену құбылысының көптеген астары бар. Ұзақ уақыт бойы отандық психолог пен педагогтар әлеуметтенуді институциаланған (мемлекеттік, ресми) білім беру жүйелеріндегі тәрбие деп қарастырып келді, кейін зерттеудің пәні ретінде ресми құрылымдардан тыс жүріп жатқан үрдістер, әсіресе формальдық емес бірлестіктерде, стихиялық құрылатын топтарда т.б. болды.

Әлеуметтенудің мәні оның мынадай үрдістерінің қиылысуында ашып көрсетіледі: бейімделу (адаптация), интеграция, өзін өзі дамытуы, өзін өзі жүзеге асыруы. Диалектикалық олардың бірлігі адамның бүкіл өмірі бойында қоршаған ортамен қарым-қатынасында оптимальдық дамуын қамтамасыз етеді.

Адамның қоғаммен қарым-қатынасы “әлеуметтану” түсінігін білдіреді, ол междисциплинарлы статусқа ие болып, педагогикада кеңінен қолданылады. Алайда оның мазмұны стабилді немесе біржақты емес. Әлеуметтану түсінігі әлеуметтік жүйедегі жеке тұлғаның толық интеграцияның үрдісі ретінде америкалық әлеуметтанудың құрылымдық функционалдық тұрғысында қалыптасты (Т.Парсонс, Р.Мертон). Осы мектептің дәстүрінде әлеуметтану адаптация түсінігі арқылы қарастырылады. Биологияның бірден-бір түсінігі бола отырып, ол “организмнің орта жағдайына ниеттенуін” білдіреді. Бұл түсінік қоғамтануда экстрополирленді және адамның әлеуметтік ортаға бой алдыру үрдісін білдіреді. Осылайша “әлеуметтік адаптация” түсінігі түрлі әлеуметтік жағдайларға, микро-макро топтарға бейімделуі болып табылады. “Адаптация” түсінігінің көмегімен әлеуметтену адамның әлеуметтік ортаға кіру үрдісі және мәдени психологияға және әлеуметтік факторларға бейімделуінен көрінеді. Керісінше, гуманистік психологияда әлеуметтану негізі А.Оллпорт, А.Маслоу, К.Роджерс және т.б. нұсқауымен көрініс береді. Мұнда әлеуметтендіру өзіндік актуализация үрдісі, яғни «Мен- концепциясы» өз потенциялары мен шығармашылық мүмкіншіліктерінің тұлғалылығын өзіндік жүзеге асыру үрдісі ретінде қоршаған ортаның әсеріне бейімделу тұлғаның дамуына кедергі келтірушілерге қарсы тұрады. Мұнда субъекті өзіндік даму жүйесі ретінде өзін-өзі тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырылады.

Бақылау көрсеткендей, әлеуметтік орта немесе өзіндік тәрбие осы екі фактордың біреуінің рөлі абсолюттендірілгенде ғана, аталған қадамдар педагогикалық практикада өзінің орнын алады. Осындай абсолюттендіру көптеген зерттеушілердің түсіндіруімен әлеуметтендірудің 2 жақты сипатын практика негізінде жүйелейді (Г.М.Андреева, Б.Ф.Ломов).

Қоғам өндірісінің әлеуметтік жүйесімен тұтастай алғанда, өзінің әлеуметтік жүйесімен тұтаспай алғанда, өзінің әлеуметтік құрылымын сақтай отырып, әлеуметтік стеориотиптер мен стандарттарды (топтық, сыныптық, этникалық және маманданған) қалыптастыруға тырысады. Қоғамға қарсы болмау үшін тұлға әлеуметтік ортаға кіре отырып, ондағы қалыптасатын әлеуметтік қатынастарды жүйелеп, әлеуметтік тәжірибе жинақтайды. Тұлғаның әлеуметтік түрінің тенденциясы әлеуметтенуді адамның әлеуметтік тәжірибе жинақтау арқылы көрінеді. Алайда өзінің табиғи беделінің күшімен тұлға автономияға деген, тәуелсіздікке, бостандыққа деген, өзіндік позициясын қалыптастыруға деген тенденциясы дамытады. Осы тенденцияның күшіне енуінің негізі болып, тек тұлғаның дамуы емес, сонымен бірге қоғамның дамуы да саналады.

3. Әлеуметтенудің кезеңдерін (стадияларын) анықтағанда еңбектік іс-әрекетті негізге алған. Соған байланысты мынадай кезеңдерді бөледі:

- еңбекке дейінгі, яғни адамның еңбек іс-әрекетін бастағанға дейінгі;

- еңбектік - адамның кемеліне жету кезеңін қамтиды;

- еңбектіктен кейінгі - еңбек іс-әрекетін тоқтатуға байланысты егде жас кезеңі.

Әлеуметтену -үздіксіз үрдіс, себебі адам социуммен тұрақты түрде өзара әрекетте болады. Ал тәрбие дискретті (үзілмелі) үрдіс болады, себебі белгілі бір ұйымдарда жоспарлы, әрі ұйымдастырылған түрде болғандықтан орнымен және уақытымен шектеулі күйде болады.

Педагогика адамның әлеуметтенуін барлық жастық кезеңдерде екі астарларда қарастырады. Біріншіден, оның салыстырмалы түрде әлеуметтік-қадағалауға келетін бөлігінің мәні - тәрбиелеуді, оның тенденцияларын және болашағын зерттейді, оның ұстанымдарын, мазмұнын, формалары және әдістерін анықтайды. Екіншіден, педагогиканың арнайы бөлімі - әлеуметтену тәрбиесі - қоғамды әлеуметтендіретін орта ретінде зерттейді, оның оң әсерлерін және теріс әсерлерін әлсіретудің, азайтудың, жоққа шығарудың жолдарын және тәсілдерін анықтайды.

Тұлға әлеуметтену үрдісінде әр түрлі ролдерді орындайды. Қоғам өзінің мүшелерінің ер азаматтың немесе әйелдің ролін сәтті меңгергенін (жыныстық ролдік әлеуметтену), экономикалық өмірдің субъектілері болғанын (кәсіптік әлеуметтену), отбасы құрғанын (отбасылық әлеуметтену), заңды орындайтын азамат болғанын (саяси әлеуметтену) т.б. қалайды.

Адам қоғамның толыққанды мүшесі болады, егерде әлеуметтенудің субъектісі ретінде әлеуметтік нормаларды және мәдени құндылықтарды меңгеруі өзінің белсенділігін, өзінің дамуымен және өзін жүзеге асырумен бірлікте жүзеге асатын болса.

Әлеуметтенудің сәттілігі оның қоғамға бейімделуін білдіреді, сонымен бірге өзін өзі дамытуға, өзін анықтауға, өзін жүзеге асыруға кедергі келтіретін өмірлік бұрылыстарға қарсы тұру қабілетін де байқатады.

Әлеуметтенудің факторлары деп әлеуметтену үрдістерінің жүзеге асатын шарттары құрылатын жағдайларды атайды. Жағдайлардың бүкіл жиынтығын факторлардың төрт тобына біріктіруге болады: мегафакторлар (мега - өте үлкен) - ғарыш, планета, дүние жүзі; макрофакторлар (макро - үлкен) - ел, этнос, қоғам, мемлекет; мезофакторлар - (мезо - орташа) - үлкен топтардың әлеуметтену жағдайы (өңір, ауыл, қала), бұқаралық коммуникация торының аудиторияға жатуына қарай (радио, телевидение т.б.), қандайда бір субмәдениетке енуіне қарай; микрофакторлар (отбасы, құрдастары, тәрбиелік, әртүрлі қоғамдық, жекелік, діни ұйымдар).

Педагогиканың міндеті - әлеуметтенудің үрдістерін ескере отырып, тәрбиелеу үрдісінде оның мүмкіншілігінің жағымдысын пайдаланып, терісін азайтудың, жоққа шығарудың жолдарын іздестіру.

Тұлғаның автономизациялау тенденциясы әлеуметтенуді тұлғаның өзіндік дамуының үрдісі ретінде сипаттайды, бұл орайда әлеуметтік қатынас пен тәжірибенің жүйесі емес, жаңа құрылымдардың да пайда болуы тұлғаның, индивидуалды тәжірибенің , беделінің жинақталуы жүзеге асады.

Тұлғаның өзіндік дамуы түсінігі рухани, физикалық, әлеуметтік гармонияға жетудегі талпыныстар алдағы кедергілерді жоюға бағытталған үрдіспен тұжырымдалады. Өзіндік жүзеге асу үшін еркіндік рухани және физикалық мүмкіндіктерге саналауға негізделеді. Тұлғаның әлеуметтік типезациясы мен автономизациясының тенденциясы әлеуметтендіруді түсіндіре отырып, өзінің ұстамдылығын сақтай отырып, бір жағынан қоғамдық өмірді өзіндік жүйелеуге бағыттайды. Осылайша, әлеуметтенудің негізгі ойы мынандай үрдістер мен қарсылықтардың, интеграцияның, өзіндік дамудың тұрғысында жүзеге асады. Олардың диалектикалық біртұтастығы тұлғаның дамуының оптималдылығын көрсетеді. “Әлеуметтану” - бұл үздіксіз үрдіс. Еңбек іскерлігі нәтижесінде әлеуметтенудің мынадай этаптары бөлінеді:


  • еңбекке дейінгі ( еңбек әрекеті басталғанға дейінгі адамдардың барлық өмірін қамтиды); бұл этап өз кезегінде көптеген периодтарға бөлінеді: ерте әлеуметтену, туғаннан мектепке барғанша және жас өспірімдік әлеуметтену, мектептегі, техникумдағы, ЖОО-ғы, т.б.

  • еңбектік (орта жастағы адам өмірінің кезеңін қамтиды); бұл этапта шегін анықтау, мұнда адамдардың еңбек әрекетіндегі кезеңі қамтылады.

  • еңбектен кейінгі. Бұл этап қартайған уақытта еңбек іскерлігінің аяқталуына байланысты болады (Г.М.Андреева).

Әлеуметтену этапы тұлғаның әлеуметтік дамуына тікелей қатысты болып, адамның психикалық дамуымен тұспа-тұс келеді. А.В.Петровский айтуынша, бұл үрдіс тұлға дамуында саналауға, адамның индивидуалдық санасы адамның әлеуметтік жүйелілік сапаларын қалыптастыруға бағытталады. Осы жағдайларды игере отырып, А.В.Петровский тұлғаның әлеуметтік дамуының еңбекке дейінгі этабын негізінен 3 макрофазаларға бөледі:

  • балалық шақ; индивидтің бейімделуі, әлеуметтік өмірдің нормаларын игеріп анықталады.

  • өсім (отрочество) - индивидуализация, максималдық персонализациядағы тұлғаның қажеттілігі, “тұлға болуға” қажеттілігі.

  • Жастық - интеграция, тұлғаның кейбір жақтарымен, топтық және жеке дамудағы қажеттіліктермен, керектіліктермен жауап береді.

Әлеуметтену үрдісінде тұлға түрлі әлеуметтік рөлдерді жүзеге асырады. Осы рөлдер арқылы тұлғалар өздерін анықтай алады. Жеткілікті деңгейде әлеуметтену адамның бейімділік көрсетіп, түрлі әлеуметтік шексіз топтарға енеді, оған демонстрацияның және өзіндік езгінің қажеті болмайды.

Әлеуметтанудың үрдісі мен қорытындылары ішкі қарама-қайшылықты сипатта болады, шындығында әлеуметтенген адам әлеуметтік талаптарға сүйенеді және сонымен бірге ортаның дамуының индивидуалдығына қарсы тұрады. Осылайша, әлеуметтік тұрғыдан бейімделген адамдар кездеседі, олар өмірлік принциптерді нығайтуға әзір емес адамдар, бұл негізінен тәрбиеге байланысты.

Әлеуметтенудан бөлек адамдардың қоршаған ортамен стихиялы түрде қарым-қатынасы тәрбие - мақсатқа бағытталған әлеуметтік тұрғыдан бақыланған үрдіс. Бұл өзінің механизмінің үрдісінде жүзеге асады. Бұл тәрбиенің күшіне 2 негізгі функциялар тән: барлық спектрдің (физикалық, әлеуметтік, психологиялық, т.б) тұлғаға әсері және тұлғаны дамыту бағытымен әлеуметтену үрдісінің жылдамдығы үшін жағдайлар туғызуы мүмкін. Тәрбие бұл функциясына сай әлеуметтенудің жағымсыз нәтижелігін жоюға және әлсіретуге, гуманистік бағытталуды беруге, педагогикалық стратегияны, тактиканы болжау және құрастыру үшін ғылыми потенциалды талап етуге мүмкіндік береді.

Тәрбие типтері (моделдері) қоғамның даму деңгейімен негізделген. Сондықтан тәрбие әртүрлі тоталитарлық және демократиялық қоғамда жүзеге асады. Олардың әрбіреуінде өзінің жеке тұлғалық типі, өзіндік тәуелділік және өзара әрекеттесу жүйесі, өзінің еркіндік дәрежесі және тұлғаның жауапкершілігі қайта жаңғыртылады. А.В.Мудрик әлеуметтенудің әрбір кезеңіне міндетті 3 тобын көрсетті: жаратылыс-мәдени, әлеуметтік-мәдени, әлеуметті-психикалық. Жаратылыс-мәдени міндеттер сол немесе басқа аймақтық мәдени шарттарда кейбір нормативтік ерекшеліктермен сипатталатын әр жас кезеңінің белгілі-бір кезеңіндегі физикалық және жыныстық даму деңгейіне қол жеткізумен байланысты. Әлеуметті-мәдени міндеттер (танымдық, моральды-адамгершілік, құндылықты-мәнді) нақты тарихи социумдағы әрбір жас кезеңіне тән. Олар қоғаммен тұтас, аймақтық және адамның жақын қоршаған ортасымен анықталады. Әлеуметтік-психологиялық міндеттер жеке тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуымен, оның өзіндік анықталуымен қарастырылған және әрбір жас кезеңінде өзіндік мазмұнымен және шешу тәсілі болады. Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл әлеуметтенудің, тәрбиенің және өзіндік дамудың нәтижесі мен үрдісі. Қалыптасу – “белгілі-бір форманы беру” дегенді білдіреді. Тұлға қалыптасуы кезінде, яғни алғашқы деңгей әлеуметтік факторлар мәнінде болғанда, табиғи тіршілік ретінде адамның биологиялық механизмдері әркез және күшті жұмыс жасайды, ол нышандар ретінде көрінеді, оның негізінде қөажеттіліктер, қызығушылықтар, қабілеттер дамиды. Және мінез-құлық пен адамның табиғи параметрлері қалыптасады: оның физикалық денсаулығы, жұмыс қабілеттілігі, ұзақ өмір сүруі.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет