Пән бойынша дәріс материалдары


актив = меншікті капитал + міндеттеме



бет3/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
актив = меншікті капитал + міндеттеме

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдаң басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және қысқа мерзімді активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауына ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады.


Бухгалтерлік есептің пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның біріншісі меншікті капитал деп аталады, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны келтіріледі. Екінші бөлімі ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылады, ал үшінші бөлімі қысқа мерзімді міндеттемелер тарауына ұйымның алдағы кезеңінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары бойынша көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланстың түрлері. Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшылардың, акционерлердің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет