Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Петр Яковлевич Чаадаев (1794 - 1856)



бет60/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит
7 -сынып Олимп 1 сабақ (1), сұрақтар тізбесі7, Дискретт3 математика жауап, Лес Мұхит Архитектура[1]
Петр Яковлевич Чаадаев (1794 - 1856) философиясы екі бағытта өрбіді:

Адам-материалдық және рухани субстанция бірлігі. Адам өмірі тек қауымдастықта, ұжымда мүмкін болады, ол қоғамда ғана тұлға болып қалыптасады. Чаадаев индивидуализмге, эгоизмге қарсы болды.
Тарихи процесс негізінде Құдайдың құдыреті жатады, ал Құдай ерігінің көрінісі – христиандық дінде, ал христиандық – тарихтың өзегі, қозғаушы күші, - дейді Чаадаев. Ресей әлемдік тарихи процестен «түсіп» қалған, сондықтан Ресей Батыстық құндылықтарды игеріп әлемдік тарихи алаңға қайтып оралуы қажет.
Ол географиялық детерминизмді қолдады, деспоттық самодержавиені сынады.
Батысшылдық (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) – Ресейді «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері – А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В. Анненков, В.П. Боткин, Т.Н. Грановский.
Славянофильшілдік (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) – Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері – А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. Островский, ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.
Ортодоксалды-монархиялық философияның мақсаты – оппозицияға тойтарыс беру, өз заманындағы қоғами-саяси тәртіпті, мүддені күйіттеу. Олардың ұраны: «Православие, самодержавие, халықтық». Бұл философия негізінен діни бағытты ұстады. Өкілдері – Н.В. Федоров және К.Н. Леонтьев.
Н.В. Федоров (1828 – 1903) философиясының негізгі тақырыптары:

  • дүниенің бірлігі;

  • орыс космизмі;

  • өмір мен өлім мәселесі;

  • мораль және инабатты өмір сүрі.

Оның негізгі шығармасы: «Жалпы іс философиясы» («Философия общего дела»). Н.Ф. Федоров орыс космизмін, яғни келе жатқан хаосты, ғарышты адам құтқаруы керектігі идеясын қарастырды. Ғарыш – адам ақылына, парасатына мұқтаж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет