Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


К.Н. Леонтьев (1831 – 1891)



бет61/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит
7 -сынып Олимп 1 сабақ (1), сұрақтар тізбесі7, Дискретт3 математика жауап, Лес Мұхит Архитектура[1]
К.Н. Леонтьев (1831 – 1891) – діни философияның өкілі. Ол орыс өмірінің негативтік құбылыстарын, әсіресе капитализмді сынады. Ол Еуропадан оқшауланып православиелік-христиандық орталық құру керектігін айтты. Леонтьев тарихи процесті адам өмірімен салыстырды.
Федор Михайлович Достоевский (1821 – 1881) Ресейдің болашағын капитализмнен де, социализмнен де іздемей, орыстың "ұлттық тамырынан" -әдет-ғұрпы, дәстүрінен, дінінен іздеді. Достоевский адам өмірі жолының екі нұсқасын көрсетті:

  • адамиқұдаи жол, адамның абсолюттік еркіндік жолы. Адам ешкімді менсінбей Құдай болғысы келеді, бірақ бұл қауіпті жол.

  • Құдаиадами жол, бұл Құдай жолына түсу. Адам жан-тәнімен Құдайға ұмтылады, Құдайға құлшылық – адам мен адамзатты құтқару жолы.

Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910) орыстың ұлы жазушысы, ойшылы. Ол ерекше діни-философиялық доктрина – толстойлықты (толстовство) дүниеге әкелді:

  • көптеген діни догмаларды, сонымен бірге салтанатты церемониаларды, діни ғибадаттарды, иерархияны сынады, оларды жою керек деді;

  • дін халық үшін түсінікті, қарапайым болу керек;

  • Құдай, дін – бұл игілік, махаббат, парасат пен ұждан;

  • өмір мәні - өзіндік жетілу, өз-өзіңді тану;

  • Жер бетіндегі ең басты зұлымдық - өлім мен зорлық-зомбылық;

  • зорлық-зомбылық, біреуді қанаудан бас тарту керек;

  • адам өмір қалыбында зұлымдыққа зорлықпен қарсыласпау керек;

  • мемлекет – күні біткен институт, өйткені ол – зорлық-зомбылық құралы;

  • мемлекеттілікке қарсы болу, саяси өмірге араласпау.

Өзінің діни-философиялық көзқарастары үшін 1901 ж. Л.Н. Толстой анафемаға (қарғысқа) ұшырап, Шіркеуден қуылды.
Орыс позитивистері – П.Л. Лавров, Н.К. Михайловский, М.М. Троицкий.
Ақын-символшы философтар – Андрей Белый, В.И. Иванов, Д.С. Мережковский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет