Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға



бет17/34
Дата21.10.2022
өлшемі108,17 Kb.
#154379
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топ-тық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.


Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам өміріндегі қарым-қатынастың мәні қандай?

  2. Қарым-қатынас ақпарат алмасуы ретінде қалай түсінесіз?

  3. Қарым-қатынастың коммуникациялық стильдері қандай?

  4. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес компоненттерін түсіндіріңіз.

  5. «Ұлтаралық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс» дегенді қалай түсінесіз?

  6. Тұлғааралық қабылдау әсерлерін сипаттаңыз.

  7. Тұлға және топ (әлеуметтік психологиялық ықпал ету) ұғымын түсіндіріңіз.

  8. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас – сипаттама беріңіз.

Дәріс 8. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы



  1. Конфликт түсінігі, қақтығыстың белгілері, себептері, салдары

  2. Әлеумкттік қақтығыстардың түрлері

  3. Конфликтіні шешудің негізгі стратегиялары, тәсілдері

  4. Психологиялық конфликтілердің түрлері



1. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар қаншама жанның опат болуына негізгі себеп болды. Екі бірдей дүние жүзілік соғыс 200-ден астам ірі ауқымды соғыстар, жергілікті әскери қақтығыстар, әкімшілдік-әміршілдік жүйе жанкештілерінің әрекеттері, тақ үшін болған таластар, өзін-өзі өлтіру сияқты дау-дамайдың барлық түрлері шамамен соңғы ғасырда 300 млн-ға дейін адам өмірін қиды, қаншама адамдардың тағдырын бұзды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет