Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет20/79
Дата07.02.2022
өлшемі155,84 Kb.
#96430
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Байланысты:
a3625ae7-4a63-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ОҚУ-ӘД. КЕШЕН 2014
stud.kz 2823
Бақылау сұрақтары:

  1. Фердинанд де Соссюрдің тіл білімі саласына қосқан үлесі қандай?

  2. Ғалымның ең негізгі еңбектерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975
2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.

18 дәріс тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттар. Эстетизм. Неолингвизм. Социологиялық мектеп.


1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.


2. «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептер.
3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.


Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).
Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.
Эстетизм. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет