Пәннің бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



бет1/6
Дата04.05.2017
өлшемі0,81 Mb.
#15612
  1   2   3   4   5   6



Пәннің бағдарламасының (SYLLABUS) титулдық парағы



Форма


Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Жылуэнергетика кафедрасы

MSZG 2202 «Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пән бағдарламасының

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

Энергетикалық факультетінің

деканы

___________ Кислов А.П.



«___»_____________2013г.

Құрастырушы: _____________ аға оқытушы Айтмагамбетова Г.А.



Пән бағдарламасы (Syllabus)
MSZG 2202 Сұйық және газ механикасы

5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған

оқу түрі - күндізгі
Бағдарлама 2013 ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2013ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама №_____.


Кафедра меңгерушісі _________________ Никифоров А.С.
Энергетиктикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2013 ж. «_____»______________хаттама №____.


ОӘК төрағасы ______________ Кабдуалиева М.М.
1. Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы Сұйық және газ механикасы
Жоғарғы оқу орнының компоненті

Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Аудиториялық сабақтар барлығы – 45 часов

Дәріс - 30 сағат

Тәжрибелік сабақтар - 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы жұмыс көлемі - 135 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 3 семестр


Пререквизиттер:

Бұл пәнді оқыту «Математика», «Физика», «Механика», «Техникалык термодинамика» пәндерінен алған білімдеріне негізделген. «Сұйық және газ механикасы» курсынан алған білімдері «Жылумаңызалмасу», «Жылуэнергетикалық жүйелер және энергия пайдалану» және баска мамандық бойынша пәндерді оқығанда қажет болады

Постреквизиттер:

«Сұйық және газ механикасы» пәнің оқу нәтижесінде алынған білімдерді студенттер барлық профилдік пәндерді оқығанда және курстық, дипломдық жұмыстарды орындағанда пайдаланады.



2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпараттар

Айтмагамбетова Гульмира Аскербекқызы, жылуэнергетика магистрі, жылуэнергетика кфедрасының аға оқытушысы

Жылуэнергетика кафедрасы негізгі корпуста орналасқан Ломов к-сі 64, аудитория 311а, байланыс телефон 67-36-26.

Е-mail: gul_2904.@mail.ru.


3. Пәннің мақсаты және міндеттері
Сұйық және газ механикасы пәні

Пәннің мақсаты – жылуэнергетикалық және жылумеханикалық қондырғының сенімді және тиімді жұмыс істеуі үшін, жылуэнергетикалық және технологиялық үрдістер және қондырғының сұйықағулық сипсттамасын есептік және тәжірибелік зерттеу үшін теориялық базасын игеру.

Пәнді оқу міндеттері – дене ағысталуындағы және құбырлардағы ағынды қарастыру үшін ұксастық теориясын және үлгілеуді, сұйықозғалысының тендеуін, жылуэнергетикалық қондыргының сұйық-ағулық және ауа қозғалысын есептеу әдістерін, сығылмайтын және сығылатын сұйықтардың теңдесу және қозғалыс заңдылықтарын игеру.
4. Білімдерге, істей білуге және компетенцияларға қойылатың талаптар

Пәнді игеру нәтижесінде студенттер міндетті:

түсінік алуға:

– сұйық қозғалысының негізгі теңдеулері мен теоремалары туралы;

– сұйық теңдесуі мен қозғалысының заңдылықтары туралы;

– әртүрлі арналардағы сұйықтардың ағу сипаттамасы, сұйықағулық кедергілері туралы;

– сұйық ағыстарының ұқсастық және үлгілеу теориясының негіздері туралы;

білуге:


- жылуэнергетикалық жабдықтар сұйықағулық және ауа қозғалымдық есептеу,

қолдануға:

арналардағы сұйық және газдар ағынының сұйықағулық кедергісін, әр түрлі үлгідегіарналардағы тегеурін шығынын анықтау туралы;

- арналардағы, саптамалардағы, тежегіштегі және басқа элементтердегі газдар мен сұйықтар ағынын есептеу әдістерін пайдалануға;



игеруге:

- тeгeypiн шығынын азайту әдісін.

5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының таралуы



№ п/п

Тақырып атауы

Сабақтар түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

тәжірибелік

Барлығы


Соның ішінде СӨЖМ

1

Кіріспе. Сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық касиеттері

1




3

2

2

Сұйықтеңдесу

4

2

10

2

3

Кинематика негіздері

2

2

7

2

4

Сұйық және газ қозғалысының негізгі тендеулері

4

2

10

2

5

Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу

6

4

12

2

6

Сұйықтың тесіктерден және саптамалардан ағуы

3

2

8

2

7

Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат

2




10

2

8

Екі текті ағындар қозғалысы


1

3

10

2

9

Батырылған ағыншалар


2




10

2

10

Газқозғалым (газодинамика)


5




10

4,5


Барлығы: 135 (3 кредит)

30

15


90

22,5



6. Дәріс сабақтарының мазмұны



Тақырып 1 Кіріспе. Сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық касиеттері

Жоспар: Сұйық және газ механикасы пәні және оның әдістері. Қысқаша тарихи мәліметтер. Сұйық ұғымының анықтамасы. Тығыздық. Сығылғыштық. Тұтқырлық және сұйықтағы үйкеліс туралы Ньютонньң заңы. Тұтқырсыз сұйық. Сұйықта әрекет ететін күштер: массалық және беттік. Қысым.

Әдебиттер : 1, §1 - §3.
Тақырып 2 Сұйықтеңдесу

Жоспар: Тыныштықтағы сұйықтағы кернеулер. Сұйықтеңдесудің дифференциалдық тендеулері. Сығылмайтын сұйықтың ауырлық күш өрісіндегі теңдесуі. Айналған ыдыстағы сығылмайтын сұйықтьң теңдесуі Сұйықтың беттегі қысым күші. Архимед заңы.

Әдебиттер: 1, §4 - §12.

Тақырып 3 Кинематика негізі

Жоспар: Сұйық қозғалысының түрлері мен тәртіптерін жіктеу. Ағын сызығы және түтігі. Сұйық бөлшектің қозғалыс кұраушыларын талдау. Коши-Гельмгольц теоремасы. Құйын сызықтары және түтіктері. Кұйьн түтіктерінің қасиеттері. Жылдамдық айналмасы, Стокс және Томсон теоремалары туралы түсінік. Құйынсыз қозғалыс және оның сипаттамалары туралы түсінік.

Әдебиттер: 1, §19 - §20.

Тақырып 4 Сұйық және газ қозғалысының негізгі тендеулері

Жоспар: Ағын түтігі мен бip өлшемді ағын үшін шығыс, үзіксіздік, қайрат (Бернулли) және қозғалыс мөлшерінің тендеулері. Үзіқсіздіктің, дифференциалдық тендеуі. Тұтқыр және тұтқырсыз сұйықтың дифференциалдық қозғалыс теңдеулері. Бастапқы және шекаралық шарттар. Ретсіз қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Жылдамдық пен қысымның толқуы. Ретсіз ағынның орташаланған қозғалыс тендеулері (Рейнольдс тендеулері). Сұйық ағыстарының ұқсастығы туралы ұғым. Ұқсастық шарттықтары (сандары). Үлгілеу.

Әдебиттер: 1, §15 - §18.
Тақырып 5 Сұйықтың құбырдағы қозғалысы және құбырларды сұйықағулық есептеу

Жоспар: Құбырлардың сұйықағулық кедергісі. Ағын кенет кеңейгенде және тapылғанда қысым шығыны. Дөңгелек құбырдағы ретті және peтciз қозғалыс. Жылдамдық кескіні. Шығыс және орташа жылдамдық. Бастапқы аумақ. Үйкеліс кедергісінің eceлeyіші. Бұдырлықтың құбыр кедергісіне әcері. Қисық сызықды арналардағы ағыстар. Құбырдағы сұйықағулық соққы. Көпіршіктену (кавитация) туралы ұғым.

Құбырларды жіктеу. Ұзын қарапайым құбырдың негізгі eceптері. Тармақты және қатарлас құбырларды есептеу. Газ құбырын қысым құламасы үлкен болғанда есептеу.



Әдебиттер: 1, §36 - §45.

Тақырып 6 Сұйықтың тесіктерден және саптамалардан ағуы

Жоспар: Сұйықтың тұрақты тегеуірінде кішкене тесіктен ағуы. Саптамалар арқылы ағу.

Әдебиттер: 1, §79 - §81.

Тақырып 7 Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат

Мандайлық кедергі, көтеруші және көлденең күштер туралы ұғым. Шекаралық қабат туралы ұғым және оның теңдеулері Бойлық ағысталған тақташадағы peттi және peтсіз шекаралық қабаттар. Қанат тәрізді кескіннің ағысталуы. Н.Е.Жуковский теоремасы. Кескіндер торы туралы ұғым.



Әдебитттер: 1, §67 - §70, 4, §7 - §6.

Тақырып 8 Екі текті ағындар қозғалысы

Жоспар: Eкi текті ағындар туралы ұғым және олардың сипаттамалары. Қатты бөлшектерді ағынмен тасымалдау. Қалқыту (шекті) жылдамдығы. Тік кұбырдағы бөлшектердің қалқу жылдамдығы. Ауаментасымалдау құбырының кедергісі. Құбырдағы газсұйық қоспаларының құрылымы.

Әдебиттер: 1, §78.

Тақырып 9 Батырылған ағыншалар

Жоспар: Ағыншалық шекаралық қабат. Ағыншаларды жіктеу. Еркін ретсіз ағынша. Жылдамдықтың таралу заңы. Бастапқы және негізгі аумақтар. Айналған ағынша.

Әдебиттер: 1, §33.

Тақырып 10 Газқозғалым (газодинамика)

Жоспар: Үлкен жылдамдықпен қозғалғанда газдардың сығылғыштығы. Газдардың бip өлшемді қозғалыстарының негізгі теңдеулері. Газдық ортадағы әлсіз және әлді ұйтқулар. Әлсіз ұйтқулар газ ағынында таралуы. Тығыздалу секірмесі. Секірмелерде газ көрсеткіштерінің өзгеруі.

Әдебиттер: 1, §84.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет