Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра философии и культурологии
ПРОГРАММА И МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ
По прохождению учебной практики
для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
Павлодар
Лист утверждения программы и методических указаний по прохождению практики
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7. 18.3/22
|
УТВЕРЖДАЮ
Проректор по УР
___________ Н.Э. Пфейфер
«___»_____________20__г.
ПРОГРАММА и МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ
по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400-«Культурология»
Программа разработана на основании Государственного общеобязательного стандарта образования специальности ГОСО РК 3.08.274-2006 и ГОСО РК 5.03.005-2009 «Система образования республики Казахстан. Профессиональная практика. Основные положения».
Составитель: _______ зав.каф., к.ф.н., доцент Ахметова Г.Г.
Кафедра философии и культурологии
Рекомендована на заседании кафедры, протокол № ___ от «___» _________20__ г.
Заведующий кафедрой ____________Ахметова Г.Г. «___» _________20__ г.
Одобрена учебно-методическим советом факультета истории и права
«___» __________ 20__ г. Протокол № ___
Председатель УМС ______________ Батталов К.К. «___» _________20__ г. СОГЛАСОВАНО: Декан факультета ________________ Акишев А.А. «___» __________ 20__ г.
Одобрено:
Начальник ОППиТВ ______________Коровайко И.В. «___» _________ 20__ г.
Начальник УМО ________________ Варакута А.А. «___» __________ 20__ г.
Одобрена учебно-методическим советом университета
«___» __________ 20__ г. Протокол № ___
ОҚУ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
5В020400-«Мәдениеттану» мамандығының студенттері үшін оқу практикасы «Мұражайтану», «Ежелгі әлем мәдениеті», «Антика мәдениеті», «Тәңіршілдік мәдениеті», «Ортағасырлық мәдениет» оқу курстарының логикалық жалғасы болып табылады.
Практиканың мақсаты – өз бетінше және тәжірибелік мысалдар арқылы көркем өнердің, әдебиеттің, сәулеттің, киноның, театрдың және т.б. шығармаларын сәйкес жанрлармен арақатыстығын белгілеу, өнердегі, тарихи кезеңдердегі бағыттарға және стильдерге теңестіру.
Практиканың міндеттері:
- мұражайларға, діни орталықтарға бару;
- дүниежүзілік көркемдік өнердің, мүсіннің, поэзияның, музыканың шедеврлермен танысу.
Оқу практикасын ұйымдастыру.
Практиканы өткізу үшін студенттер оқытушының жетекшілігімен тақырыпты таңдап, оған сәйкес практика объектісін таңдау керек. Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы тек студенттің мүддесіне ғана сәйкес болмай, сонымен қатар мәдени құндылықты сипаттау қажет.
Студенттер бір немесе бірнеше шығармалар бойынша есеп жазуы мүмкін (салыстырмалы талдау).
Тәжірибелік жұмыс шығарманың тек қарапайым сипатын көрсетпей, мәдениеттанулық талдау (салыстырмалы, тарихи, өнертанулық) көрсету керек. Сондықтан практика тақырыбының таңдау оқытушы мен студенттің бірлескен шығармашылық жұмысы болып табылады.Мысалы, егер студентті көркемдік киноматография қызықтырса және практикалық жұмыстың объектісі ретінде Ф.Феллинидің фильмдерін таңдаса, онда тек сол фильмді қарастырып, оның мазмұнын ғана айтпай, минималды зерттеу жұмысын жүргізіп, сәйкес өнертанулық әдебиетті тауып, сонымен қатар семинарлар мен кинофестивальдерге қатысу қажет.
Практика объектісі ретінде көркем немесе тарихи мұражай, тұрақты немесе уақытша көрмелер, сәулет ескерткіштері, тарихи оқиға орны, концерттік зал, бақша-саябақ кешені таңдалуы мүмкін.
Сонымен, мәдениеттанулық практиканың тақырыбы студентті шынайы түрде қызықтыру керек, ол ғылыми тұрғыда өзексіз және адам үшін дерексіз болмауы керек, екінші жағынан практика пәні мәдени маңыздылығы мен өзекті тарихи құндылығына ие болуы қажет.
ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ
5В020400-«Мәдениеттану» мамандығының студенттерінің Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайға, Бұқар-жырау атындағы көркем өнер мұражайына, діни орталықтарға (Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы мешіті, синагога, православиелік шіркеу, католиктік шіркеу) толық құраммен бару жоспарланған.
Оқу практиканың пәні ретінде студент өз бетінше зерттеген мәдениеттің, тарих пен өнердің нақты объектісі болатынны ескеру керек. Мысалы, егер практика тақырыбы көркем өнермен байланысты болса, онда оның пәні ретінде картинаның көшірмесі, журнал мен ғаламтордағы оның суреті болмауы керек. Сонымен қатар студент мұражайға барған билетті сақтап қалып, оны рефератқа қоса беруі дұрыс болушы еді.
Пән бөлімдері мен тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Мәдениет феномендерін талдаудың әдістері мен тәсілдері
Теоретикалық және қолданбалы мәдениеттану. Мәдениеттанулық зерттеулердің әдістері: диалектикалық, жүйелі, құрылымдық-функционалдық, аналитикалық, компаративистік, типологиялық, мәдени антропологиялық, семиотикалық, герменевтикалық, өмірбаяндық, сонымен қатар басқа да жалпы ғылыми және жеке әдістер.
Түсініктеме:
Бірінші тақырып шегінде студенттер мәдениеттің әртүрлі феномендерді түсінуде тәжірибе алады және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін нақты бір мәдениеттанулық әдісті ұсынады және қарастырады.
1 мысал: тәжірибелік сабақта шығыс (буддалық) және батыс христиан мәдениеттерінің өзара арақатынасы туралы мәселені алып, бұл арақатынасты мәдениеттанудың компаративистік және құрылымдық-функционалдық әдістері арқылы зерттеуге болады.
2 мысал: герменевтикалық философияның әдісімен, сонымен қатар өмірбаяндық әдіс арқылы шығармаларды талдауға болады, сабақта бұл әдістердің мүмкіндіктері мен мәнін анықтауға, түсінудің деңгейлерін жіктілеуге болады: дұрыс мағына, эстетикалық, білім берушілік. Бұл мысалдар бойынша студент герменевтикалық контекстінде өз түсінігін (шығарманы қабылдау) және әдебиет мәтінін түсіну үрдісінде талдау керек, орта мектепте әдебиеттік шығармалар талданатын әдісті анықтап, атау керек; ЖОО-да философия және мәдениеттану курстарын өткеннен кейін қандай философиялық-мәдени негізде мәтінді түсіну, игеру болатынын анықтау керек.
3 мысал: таңдаулы жазушылардың шығармалары бойынша мәдениеттануда типологиялық әдісті қолдану керек: тәжірибелік сабақта шығармаларда тұлғалардың қандай типтері бар болғанын, авторлар қандай мақсат қоятыны және қалай оларды іске асыратыны туралы түсіну. Оған Макс Вебердің мәдениеттанулық әдісімен қол жеткізуге болады. Ол үшін белгілі бір кейіпкердің іс-әрекетінің рационалдық деңгейін анықтау қажет, кейіпкердің әрекеттері қалай оны әлеуметтік кеңістікке тартатыны туралы анықтау керек, ал одан кейін бір кейіпкер мысалында адамдардың толық қоғамдастығын сипаттайтын адамның «идеалды типін» қалай жасағанын туралы қорытынды жасау керек.
Тақырып 2. Мәдениет қалыптасуының алғашқы кезеңдері
Ежелгі Мысыр мәдениеті. Қиыр Шығыс елдерінің мәдениеті (Палестина, Сирия, Месоптамия). Үнді мәдениеті. Қытай және Жапония мәдениеті. Африка, Америка, Океания және Австралия тұрғылықты халықтарының мәдениеті. Антика мәдениеті. Ежелгі Грек мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Б.з.д. III ғ. – б.з. VI ғ. эллинизм мәдениеті. VII – XX ғғ. ислам мәдениеті.
Түсініктеме:
Бұл көлемді тақырып студенттің ұлттық, халық шығармашылығының белгілі бір түріне, сонымен қатар тарихқа деген қызығушылықты тудырады. Бұл тақырыптағы жұмыс үшін негізгі себеп ретінде студенттің әртүрлі халықтардың, тарихи дәуірлердің шығармаларында жалпы белгілерді табу деген ынтасы болуы керек. Ол үшін тек өнердің нақты шығармалары бойынша ғана емес, сонымен қатар мүсіннің, көркем суреттің әлемдік біртумалардың тарихи және мәдениеттанулық талдауын беретін әдебиет бойынша танысу жұмысын жасау қажет. Алайда бұл тақырып бойынша жұмыс жасау үшін тек өнер ғана емес, ерте мәдениеттің кез-келген түрлері де материал ретінде бола алады. Мысалы, санау, арифметика әдістерінің тарихы бойынша реферат жазуға болады, ежелгі Месопотамияда, Мысырда, Үндіде, Грекияда, Римде өркениеттің дамуы кезінде, одан кейін кейінірек араб елдеріндегі есептеу әдістерімен танысуға болады, сәйкес қорытындылар жасауға мүмкін. Басқа мысал: қазіргі заманғы қазақстандық көркем сурет пен ежелгі түрік өнер арасында салыстырмалы талдау жасау.
Тақырып 3. Мұсылман және христиан мәдениеті
Ислам және өнер. Ислам және ғылым. Ортағасырлық мұсылман мәдениетінің ою-өрнек өнері. О.Хайямның, руми поэзиясы. Әл-Фараби эстетикасы. Католиктік мәдениет. Көркем сурте пен сәулеттегі готикалық стиль. Готикалық әдебиет. Сарай ақындары мен труверлер. Ваганттардың лирикасы. Ортағасырлық мәдениеттегі скандинавиялық эпос. Протесттантық мәдениеттің қалыптасу және даму алғышарттары. Гуманизмнің пайда болуы. Қайта өрлеу және Реформация. Рококо. Барокко. Классицизм. Сентиментализм. Романтизм.
Түсініктеме:
Аталған тақырыпта тек исламмен және христиандықпен тікелей байлнасыты сюжеттермен тоқталуға болмайды, аталған кезеңнің кез-келген сюжеті жарайды. Екінші жағынан V ғ. бастап XIXғ. Дейін діни емес сюжет табу өте күрделі болып табылады. Сәулет құрылыстарды, храмдарды, сарайларды, капеллаларды бір орында және бір уақытта да, әртүрлі аймақтарда және тарихи кезеңдерде де салыстыруға болады. Олардың мәдени мәні бойынша мәтіндерді салыстыруға және зерттеуге болады, мысалы, мұсылман мәдениетінің қалыптасуы туралы жазуға, Құранның әртүрлі аудармаларын табуға болады.
Тақырып 4. Түрік мәдениеті
Тәңіршілдік ашық дүниетаным ретінде. Тәңіршілдіктің натурфилософиясы. Тәңіршілдік синкретикалық дүниетаным ретінде. Тәңіршілдік натурфилософиясының ерекшеліктері. Табиғатқа табыну. Ежелгі түріктердің нумерологиясы. Тәңіршілдіктің түрік дүниетанымы ретінде дәстүрлігі және символдығы. Шумерлер, сақтар, түріктер діндерінің тарихи өзара байланысы. Қазақ халқының сенімі – тәңіршілдік пен исламның синкретизмі. Қазақтардың наным-сенімдерінің шығыс нарративтік деректері. Қазақ даласындағы бақсылық.
Түсініктеме:
Өз елінің тарихы мен мәдениетімен қызығатын студенттер үшін бұл тақырып өте өзекті болу мүмкін. Мұнда өнердің шығармаларында көрініс тапқан кез-келген тарихи сюжетжарайды. Мысалы, өз еңбектерінде ежелгі түріктердің мәдениетін сипаттаған қазіргі заманғы суретшілердің шығармалары туралы реферат жазу. Сонымен қатар түрік мәдениетін зерттеген шетел және отан атворлардың шығармаларын бір-бірімен салыстыру.
Студенттер жұмысының әдіснамалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар және бағалау жүйесі
1. Оқу практикасын өту оқу үрдісінің теоретикалық пәндерді игеру сияқты міндетті болып табылады. Практиканы өтуге толығымен оқу жсопарын орындаған студенттер жіберледі.
2. Практикаға шығу алдында студент өз кафедрасынан алу қажет:
бағдарламаны;
жеке тапсырманы;
толтырылған жөнеме хаты бар күнделікті;
толық нұсқаманы.
1. КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ
|
Баллдардың максималды саны
|
ҚҰЖАТТАМА
|
|
1. Жұмыстың жеке жоспары
|
25
|
2 Практика күнделігі
|
50
|
3 Есеп (реферат)
|
25
Жалпы қорытынды 100 балл
|
Баға
|
|
100-95 өте жақсы
|
|
794-75- жақсы
|
|
74-50 - қанағаттандырарлық
|
|
59 және одан да төмен қанағаттандырарлықсыз
|
|
Практика жөніндегі есептің нысаны
Орындалған жұмыстың қорытындылары реферат түрінде есепте толық мазмұндалуы керек. Оның көлемі 7-ден 10-ға дейін компьютерде терілген бетті құрау керек. Ол А4 (210 x 297 мм)форматты ақ қағаз беттерінде орындалуы керек, олар сол жақ бойынша тігіледі. Реферат титулды беттен, жоспардан, кіріспеден, негізгі бөлімнен (мүмкін бөлімдерге бөлінген), қорытындыдан, әдебиеттер тізімнен құралады. Реферат беттері екінші беттен бастап беттің астыңғы жағында ортада араб цифрмен белгіленеді. Негізгі мәтін 14 кегль «Таймс» гарнитурамен 1,0 интервалымен терілуі керек.Әрбір беттің үстіңгі, астыңғы, сол және оң жақтары 25 мм.-ді құрайды.
Практика жөніндегі есеп келесі ақпараттан құрылуы керек:
1. Суретті кім салды (мүсінді кім жасады және т.с.с.). суретшінің, мүсіншінің өмір жылдары, өмірбаяны (жұмыстың 20 % құрайды). Суретшінің ұстазы кім болды, ол қайда оқыды және т.б.
2. Шығарманың орындалу техникасы
2.1. Қандай стильде орындалған, қандай көркем сурет мектебіне жатады. Әлем мәдениетінде сурет қандай орын алады.
2.2. Орындалу техникасы. Композиция, перспективасы, колорит және т.б.
3. Автордың міндеттері (өнердің бұл шығармасымен ол нені көрсеткісі келді, көрушіден нені алғысы келді, не туралы ойлады, нені сезді).
4. шығармадан алған өзіңіздің сезіміңіз, сіздің өміріңізде қандай орын алады.
Есептегі төрт пункттердің пайыздық арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Орындалу техникасы туралы көп жазып, өзіңіздің бұл шығарма туралы сезіміңіз утралы азырақ жаза аласыз. Үшінші пунктті алып тастауға болады немесе өзіңіздің ниеттеріңізді екі сөйлемде көрсете аласыз. Барлық қалған пункттер есепте болуы міндетті. Теореткиалық тұрғыда сіз не фильм, не оқылған кітап, не музыкалық шығарма туралы жаза аласыз.
Оқу практикасы бойынша күнделік студентке практиканың басталуына дейін немесе практкианың бірінші күнінде беріледі. Күнделікте кафедрадан практика жетекшісі жеке тапсырманы жазады. Практика бойы студенттер күн сайын күнделікке орындалған жұмыс туралы жазады, ол практика жетекшісімен тексеріледі. Есепті (рефератты) қорғағаннан кейін кафедрада студенттің есебі туралы күнделікте пікір жазылады және практика қорытындылары туралы баға қойылады. Күнделік есеппен бірге студенттің университетті бітіруіне дейін кафедраға сақталынады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Мареева Е.В. Культурология. Теория культуры: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Экзамен. - 2008. - 191 с.
2. Столяренко Л. Д., Столяренко В. Е., Самыгин С. И. Культурология: учеб. пособие для вузов. - М.; Ростов н/Д: МарТ. - 2007. - 351 с.
3. Габитов Т. Культурология: учебник для студ. вузов и колледжей. - 3-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Раритет. - 2008. - 404 с.
4. Драч Г. В. Культурология: Краткий тематический словарь. - Ростов н/Д: Феникс. - 2007. - 191 с.
5. Эренгросс Б. А. Мировая художественная культура: в 2 т.: учеб. пособие для студ. вузов. - М.: Высш. шк. - 2009. - 432 с.:ил.
Достарыңызбен бөлісу: |