Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет10/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx
A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қазақстанның табиғатын зерттеген ғалымдар?

  2. Ежелгі қолжазбаларда Қазақстан территориясының қай бөлігі сипатталған?

  3. Араб зерттеушілерінің басты мақсаты не болған?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
3 дәріс Қазақстанның тектоникалық – геологиялық құрылымы
Мақсаты: Қазақстан табиғатынынң қалыптасуда геологиялық құрылыс басты факторлардың бірі. Сондықтан Қазақстан территориясындағы өткен геохронологиялық кезендерді, қатпарлану уақытындағы жер бедерінің түзілуін оқыту маңызыды.

Жоспар:

1. Кембрийге дейінгі, Палезой эрасындағы, Мезозой эрасындағы және Кайназой эрасындағы Қазақстан табиғатының даму этаптары.

2. Тектоникалык аудандастырылуы. Қатпарлы және платформалық облыстар.

3. Неотектоникалық процесстер. Жыныстардың жасы және пайда болу кезеңдері.

4. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылығы мен геологиялык құрылымы. Табиғатының 4-к дәуірдегі қалыптасу ерекшелігі.

2 дәрістің қысқаша конспектісі


Жердің даму тарихы ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңі деп бөлінеді. ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталады. Осы аралықта тау жыныстары түзіледі. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу әдістерін пайдаланады. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар жиырмасыншы ғасыр басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Радиоактивті ыдырау нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, одан ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе берді. Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды. Геохронологиялық жержылнамалық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер қыртысы бес эраға бөлінді: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Кезең атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған жерлеріне, халық атына, жыныс құрамына қарай аталды. Хронологиялық кесте жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карта индекстері, оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді.

Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Соның нәтижесінде теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген. Палеозойға дейін республика аумағын тұтас су басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Батысында ғана жер қыртысының тынышталып тұрған бөлігі Шығыс Европа платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан біртіндеп төмен иіліп, бетін теңіз cу басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінділер платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды: каледондық және герциндік.Каледондық тау түзілісі кезінде таулар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шань солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасты. Герциндік тау түзілісі кезінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның солтүстік батысы, Мұғалжар өңірлері қалыптасты. Осы кезде Сібір платформасы көтеріле бастады. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтып жатты. Бұл эра жер қыртысының салыстырмалы тыныш кезеңі болып саналады. Кайнозой эрасының неоген дәуірінде теңіз суы тартылуы нәтижесінде Қазақстан бірте құрлыққа айналды. Альпілік тау түзілісі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, қатпарлы аймақтар төмендеп, көтеріліп отырған. Осы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасты. Қазақстанда мынадай геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар өте ескі - Шығыс Европа, Батыс Сібір, Тұран және қатпарлы облыстар - Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мұғалжар, Сарыарқа.

Палеозойға дейінге жыныстар ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың таулы қырқаларында жер бетіне шығып жатты. Кристалды тақтатас пен гнейстердің жер бетіне шығыпжатқан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Сарыарқа, Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

Палеозой жыныстары Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Тарбағатай, Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған әктас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы қорғасын, темір, марганец, қалайы кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты.

Мезозой жыныстары сирек кездеседі. Олар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп таралған.

Кайнозой жыныстары барлық жерде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып бөлінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Зайсан жиектерінде, Үстірт, Арал маңында, Торғай жазығында таралаған. Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз қабатты сары саздауыттан тұрады. Олар биік тау бөктерлерінде кездеседі. Антропогендік шөгінділер әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Олардан көлдік және теңіздік террасалар мен жағалай бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет