сурет - а сурет - б «Ток күші, кернеу, кедергі» тақырыптарын оқып үйрену өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосуды қарастырумен аяқталып, өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосқан кездегі тізбектің жалпы кедергісін есептеп шығару үшін формула қорытылады. Алдымен оқушылар тәжірибелер нәтижесінде: -резисторларды (өткізгіштерді) тізбектеп қосқанда барлық резисторлар (өткізгіштер) арқылы өтетін ток бірдей болатынын; - резисторларды (өткізгіштерді) тізбектеп қосқанда, ондағы жалпы кернеудің түсуі жеке резисторлардағы (өткізгіштердегі) кернеулердің түсулерінің қосындысына тең болатындығын; -параллель қосылған барлық резисторлардағы (өткізгіштердегі) кернеудің түсуі бірдей болатынын меңгерулері керек. Барлық осы заңдылықтардың мәнін ашуға гидродинамикалық аналогия көмектеседі. Жоғарыда аталған заңдылықтар мен Омның тізбек бөлігіне арналған заңы негізінде резисторларды (өткізгіштерді) қосудың жалпы кедергісі үшін формула тағайындалады. Бұл материалды оқып үйренуде оқушыларға бұрыннан таныс тәуелділігін қолданып және сапалық баға берген пайдалы: тізбекке тізбектеп қосылған өткізгіштердің ұзындығы, ал параллель қосылған өткізгіштердің көлденең қимасының ауданы артатын сияқты болады. Бірінші жағдайда жалпы кедергі өсетіні, ал екінші жағдайда кемитіні өзінен-өзі түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: |