Метаморфтық тау жыныстары Метаморфтық тау жыныстары шөгінді және магмалық жыныстардың бұрынғы қалпынан әр түрлі физика-химиялық жағдайлардың әсерінен, өзгеруінен пайда болады.
Метаморфизм деп аталатын осы өзгерудің нәтижесінде алғашқы жыныстардың минералдық құрамы, құрылымы және кейбір жағдайларда химиялық құрамы да өзгерістерге ұшырайды.
Бүл процестің негізгі факторлары: жоғары температура, жоғары қысым және жыныстардағы газдар мен ыстық ерітінділердін, айналысы. Метаморфизм құбылысында материалдардың құрамы үлкен орын алады.
Жердің беткі қабатында аз температура мен аз қысымның нәтижесінде пайда болған шөгінді жыныстар, тау құралу процестерінің нәтижесінде жердің терең қабаттарына түсіп үлкен температураға, қысымға ұшырауы мүмкін.
Жер қабатына 3—5 км төмендеген сайын қысым да бір атмосфераға көтеріліп отырады. Олай болса, үлкен тереңдіктерде қысым да өте үлкен болады: 5000 м — 1000 атм., ал 25 км тереңдікте — 5000 атм. Қысым гидростатикалық және бір бағытты болып екі түрғе бөлінеді. Гидркстатикалық қысым жоғарыда жатқан қабаттардың салмағына байланысты да, ал бір бағытта қысым уақытша болатын тау құралу процесімен байланысты.
Гидростатикалық қысым жыныстардың көлемін ұлғайтса, бір бағытты қысым жыныстардың жатыс формаларын өзгертеді.
Жер қабатының жоғарғы белігінде жоғарғы қабаттардың қысымы аз болады да, ал тау құралу процесі біршама жоғары болады. Сол себепті мұнда жыныстарды мехникалық бұзылыстарға ұшырататын бір бағытты қысымның ролі өте күшті.