Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет135/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Волга-Орал мұнайлы ауданы — мұнай кені мен оны өндіру женіндегі аса ірі жаңа аудандардың бірі. Оны пайдалану тек Со вет өкіметі кезінде ғана колға алынДы. Волга-Орал мұнайлы ауданының шегі әді толық айқындала қойған жоқ, бірақ барлан-ған жер көлемінің өзі-ақ Орал тау бөктерінен Волганың батыс ауданына дейін созылған аумақты территорияны алып жатыр. Оның оқтүстіктегі шегі Каспий бойы ойысының солтүстік жиегін бойлай, ал солтүстіктегі шегі Тиман бұйратының оңтүстік-батыс беткейін бойлай өтеді.
Қазір жүздеген метрден 2 км-ге дейінгі тереңдікте мұнайлы қабаттар болатындығы анықталып отыр.
Өндірілген мұнайдың бірсыпырасы тікелей өнеркәсіп аудандарында қайта өңделеді. Мұнай ажырататын заводтар Волгада да және ірі темір жол орталықтарында да (Куйбышев, Саратов, Сызрань, Волгоград, Уфа, Ишимбай, Краснокамск, Пермь, т. б.)
салынған. Мұнай мен газ негізіңде химия өнеркәсібінің алуан-алуан са-ласы дамыды. Мұнай кәсіпшіліктерден кәсіпорындарына құбырлар арқылы, сондай-ақ Волга өзені арқылы мүнай құятын баржалар танкерлермен және темір жолдарда цистерналармен жеткізіледі.
Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі XIX ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылды.
1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан, бөлме температурасының өзінде илене бастайды. Бұл кеніштердің мұнайын тасымалдау қиын, сондықтан да дүние жүзінде алғашқы болып қыздырылып отыратын мұнай құбыры салынды.
1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады. Кейінірек мұнайды тереңірек қабаттардан тұз тұнбаларының астынан (Кеңкияк. және Жаңажол) және алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындарынан ашылды. Теңіз мұнайы құрамында улы күкіртті сутек қоспалары көбірек кездеседі, сондықтан да оны арнайы тазартып, күкіртті сутекті бөліп алып одан күкірт алады. Ал бөліп алынған күкірттен күкірт қышқылын және мұнай химиясына қажетті өнімдер алады. Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарындағы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып — одан конденсат алады. Газды конденсат — химияда таптырмайтын шикізаттың бірі, одан синтетикалық каучук алынады.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы — Оңтүстік Торгай ашылды. Ірі кен орны Құмкөл. Құмкөл мұнайы тез катады және құрамында табиғи газ бар.
1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды.
«Қазақстан Каспийшельф» компаниясы Каспий теңізінің Солтүстігіндегі қайраңнан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында. Мұнайының құрамы Теңіз кен орнының мұнайына үқсас.
Тұз тұнбаларынан тұратын кен орнындағы мұнайды өндіру біршама қиын. Оның тереңдігі 4-6 км болғанымен өте жоғары қысымды болып келеді. Оны өндіретін құрал-жабдыктар мұнай құрамында күкіртті сутектің көп болуынан тез жарамсыз болып калады. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон Тексако» (Теңіз) КПО консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың «Петро-Қазақстан» компаниясы Құмкөл мұнайын игеруде. Қазакстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы «Қазмұнайгаз».
Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму қарқыны жылдан жылға даму үстінде.1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір бес облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы баяғы Атырау облысы.
Мұнайды республикамыздың әр түрлі аймақтарында пайдаланады және экспортқа шығарылады. Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол арқылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда құбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см құбыр жылына 20 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атырау-Орск, Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу, Қарашығанак-Атырау. Салынып жатқан ірі мұнай құбырының бірі Атасу-Алашаңқай (Қытай).
Мұнайды шикі күйінде пайдаланбайды. Оны мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) өңдейді. Өңделген мұнайдан - бензин, керосин, дизель отыны, майлар және т.б. алынса, ілеспе газдардан — пластмасса және сұйык газ алынады.
Өңделген мұнайдың қалдығы мазутты электр станцияларында, металлургия өнеркәсібіндегі пештерде отынға пайдаланады. Ал оның қатты қалдығы гудрон — жол құрылысына материал ретінде пайдаланады. Мемлекетімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және Қарашығанақ кен орнында жақында салынған отын өндіруші зауыт бар.
Алғашқы кезде мұнайды сол жерде өңдейтін (Атырау МӨЗ). Қазіргі кезде мұнай өңдеу өнеркөсібінің дамуы өндірген жеріне ұдайы сай келе бермейді. Көбінесе тұтынушыға негізделген. Омск— Павлодар-Шымкент мұнай құбырының салынуы - өн бойында өңдеу зауытын салуға және еліміздің солтүстік шығыс және оңтүстік аймақтарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді.
Мұнай өндірудің жылдам және қарқынды дамуы елімізде жеке танкерлер флотының пайда болуына әсер етті. «Астана» және «Алматы» танкерлері теңіз арқылы Ресей жөне Әзірбайжан порттарына Қазақстанның мұнайларын жеткізуде.
Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсеріде аз емес.Қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және мұнай,газ өндіретін қондырғыларында орнатылған дидильдерден шығатын түтіндер,азот пен көміртек оксидтері,шаң және т.б.
Тас тұз — галит минералынан тұратын тау жынысы.Химиялық құрамы NаСІ. Таза тас тұзы мөлдір және түссіз болады, бірақ оның көбінесе әр түрлі қоспалармен боялған ақ, сары немесе сұр түстілері де кездеседі.Тас тұзы кенінің қалың қабаттары шөгінді жыныстар арасында ондаған километрге созылып жатады. Бірақ кейде белгілі бір аумақтан қалыңдығы 1000 м-ге дейін жететін орасан қалың тұз күмбезі тәрізденген кендерді де кездестіруге болады. Тас тұзының кені ертедегі кеуіп кеткен теңіз бассейндері түбіндегі шөгінділерден түзілген және әдетте тұз қабаттары карбонатты жыныстардан пайда болған гипс қабаттарымен кезектесе қабаттасып жатады. Тұз шахталардан өндіріледі.ТМД-да тас тұзының Донбаста (Славянск, Арте-мовск), Оралда (Соль-Илецк, Соликамск), Беларуссияда, Батыс Украинада, Орта Азияда, Шығыс-Сібірде ірі кендері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет