Қазындыкөмір — өсімдік тектес, қатты, жанатын пайдалы қазынды. Ол қоңыр көмір, тас көмір және антрацит деп үшке бөлінеді. Жанғанда мол жылу беретін антрацит пен тас көмір өте-мөте бағалы.
Көмір отын ретінде және химиялық шикізат есебінде пайдаланылады, онда көмірден пластмассалар, фармацевтік (дәрі-дәрмектік) өнімдер, сұйық отындар және басқалар өндіріледі.
Дүние жүзілік маңызы бар көптеген кемір кендері Совет Одағында. Олар: Донецк бассейні (Донбасс), Кузнецк бассейні, Қарағанды, Москва түбіндегі бассейн, Сучан, Воркута, Ткварчели және басқалар.
ДонбассТМД-ның-Европа жағының оңтүстігіндегі аса маңызды көмір бассейні. Ол көмір шығару жөнінде ТМД-да бірінші орын алады және өнеркәсіптің ірі орталықтарының бірі болып табылады.
Мұнда көмір қалыңдығы 0,45-тен 1,2 м-ге дейін баратын қабаттарда жатады, ал кейде қалыңдығы 2,5 м болатын қабаттар да кездеседі. Донбасс көмір кенінің негізі тас көмір мен антрациттен құралады, ал қоңыр көмір тек батысында ғана кездеседі. Жоғары сапалы кокс беретін өте-мөте құнды көмір, бассейннің орталық жағында. Оларды 950 м-ге дейінгі тереңдіктен өндіреді, ал қалғандарын 300—600 м-ге дейінгі тереңдіктен шығарып алады. Донбаста тереңдігі 1200 ж-ге жететін шахталар бар. Көмір гидромониторлар мен (күшті су ағынын шығара жұмыс істейтіи аспап), көмір комбайндарымен және басқа да шахтерлердің жұмысын жеңілдететін, еңбек өнімділігін арттыратын машиналармен өндіріледі.
Кузнецк көмір бассейні —ТМД-ғы ірі бассейндердің бірі. Ол солтүстік шығыстағы Кузнецк Алатауының жоталары мен оңтүстік батыстағы Салаиыр бұйратының аралықтарындағы Кузнецк қазан шұңқырында. Бассейн ұзындығы 330 км-ге жуық, ал ені 100 км-ге барады.
Мұнда қоңыр көмірден бастап, антрацитке дейінгі көмір түрлерінің бәрі кездеседі. Көмір әр түрлі тереңдікте, оның жер бетіне шығып жататын жерлері де бар. Кузбастағы шахталардың ең терең дегені 400 м-ден аспайды, ал орташа тереңдігі 160 м. Кузбастағы көмір қабаттары Донбасқа қарағанда әлдеқайда қалың 2,1-ден 6,5 ж-ге дейін жетеді.
Кузнецк көмірі жергілікті жерде энергиялық отын, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады және Оралға тасылады.
Қарағанды көмір бассейні Қазақстанның солтүстік-шығысында. Оның орталық жағы ұсақ шоқылармен қоршалған жазық болып келеді. Бассейнде тас көмір және қоңыр көмір бар. Қабаттар қалыңдығы 0,7-ден 8 м аралығында ауытқып тұрады. Тас көмірдің көпшілігі кокс алуға жарамды. Донбасс пен Кузбасс көміріне қарағанда Қарағанды көмірінен күл көп түседі, бұл оның сапасын төмендетеді.
Шымтезек — жанба жыныс, ол батпақтағы өсімдіктердің мол ылғалдылық пен оттегінің жетімсіздігінен толық шіріп үлгермеуінің нәтижесінде түзіледі. Шымтезектің табиғи жағдайдағы ылғалдығы 88—94% болады.
Түзілу жағдайларына байланысты шымтезектің үстіңгі, астыңғы және өтпелі деп аталатын үш типі болады.
Үстіңгі тип шымтезегі су айырықтағы батпақта шымтезек мүгі, қоға және басқа да солармен бірге өсетін өсімдіктердің қалдықтарынан түзіледі. Мұндай шымтезекте 2-ден 4%-ке дейін күл болады.
Астыңғы тип шымтезегі көбінесе жайылым батпағындағы құрақ, қияқ, мүк және басқа да өсімдіктер қалдықтарынан түзіледі. Одан орта есеппен 6—12% күл түседі.
Өтпелі тип алдыңғы екеуінің аралығыиан орын алады. Шымтезек кені теңіз деңгейінен 200 м биіктіктен аспайтын жазықтарда кездеседі. Дүние жүзіндегі шымтезек қорынын, 2/з-сі-не жуығы ТМД-да, көбінесе орманды алқаптарда. Шымтезек қабатының орташа қалыңдығы 2,5—3 ж-ге жуық болады. Бір ғана шымтезек кенінде он шақты қабаттар болады. Шымтезек Белоруссиядан, Ока мен Волга өзендсрі аралығынан (Мещера), Иваново облысы және баска да бірқатар аудандардан шығарылады. Шымтезек жылу беретін электр станцияларында (Шатурск, Витебск, т. б.), ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде және малға төсенішке, сондай-ақ химия өнеркәсібінде
пайдаланылады.
Шымтезекті алу механикаландырылған. Қазіргі уақытта шымтезекті шымтезек комбайнының көмегімен және фрезамен өңдеу арқылы алады.
Мұнай — жанғыш сұйық қазынды. Ол көмірсутектердің басқа органикалық қоспаларының қосындысынан, сондай-ақ күкірт, азот және оттегінен түзіледі. Мұнай кені шөгінді жыныстардың қалың қабаттары ірі тектоникалық ойыстарды толтыра жинақталған аудандарда орналасқан. Мұнай кені бар жерлерде жанатын табиғи газдар да кездеседі.
Мұнайлы жыныс кені 200-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта ауытқып тұрады. Жер шарында айналасы 600-ге тарта мұнай кені бар. ТМД мұнай қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші және оны өндіріп алудан екінші орын алады.
ТМД-да дүние жүзілік маңызы бар бірқатар мұнайлы кендер бар: Баку маңы, Грозный маңы, Майкоп, Волга мен Орал аралығындағы аймақ, Украина, Сахалин, Ферғана, Батыс-Сібір ойпаты (Тюмень маңы т. б.).
Баку мұнайлы ауданы Апшерон түбегін және соған жалғас құрылық пен теңіз аймақтарын алып жатыр.
Бұл мұнайға өте бай аудан, ондағы мұнайлы жыныста 40 шақты мұнай қабаттары бар. Баку мұнайлы ауданында теңізді пайдалану кәсібінің үлкен маңызы бар. Мұнай кенін іске косу кезінде теңізге эстакадалар (бағаналарға орнатылған стол) орнатады да, солар арқылы скважиналар қазады.
Құрылықта қазылатын скважиналардың тереңдігі 6000 м-ге дейін барады. Бұрғылаудың жаңа тәсілдері, жаңа машиналарды қолдану мұнай кендерін пайдаға асыру мен мұнайды көбірек өндіруге жағдай туғызады.
Бакуда мұнайды қайта өңдейді, онда 100-ден астам өнім шығаратын және мұнайды қайта өңдеп, одан бензин, каучук, полиэтилен, жасанды талшықтар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алатын завод бар.
Мұнаймен қоса газ құбырлары арқылы қалалар мен басқа да елді мекендерге жіберілетін газ алынады.