Минералдар 1.Минералдар және тау жыныстары
2.Пайдалы қазындылар
Минералдар — бұл табиғи химиялық реакциялар нәтижесінде жер қыртысында түзілетін табиғи химиялық қосылыстар. Көптеген жағдайларда минералдар Жердің тау жыныстарының әр түрлі үйлестіктерін құрайды. Мәсслен, гранит өз ара механикалық байланыстағы және кейде айқын ажыратуға болатын үш минералдардан — кварцтан, дала шпатынан және слюдадан құралған. Тау жыныстары тұтасымен бір минералдан ғана құралуы да мүмкін, мысалы, тас тұзы кенінің қалыңдығы кейде 30 ж-ге дейін жетеді де көптеген километрге созылып жатады. Минералдың химиялық қүрамы оның барлық массасында біркелкі болады. Бір минералдан ғана қалың жыныс түзілетін сирек жағдайларда болмаса, тау жыныстарында мұндай белгілер болмайды. Мысалы, бор, мрамор және басқа ізбес тастар массалары біртекті болып көрінгенімен мииерал емес. Олардың негізгі қүрамы кальцит минералынаи (СаСОз) тұрады, бірақ басқа минералдар қоспасы қосылса-ақ химиялық біртектілігі бұзылады.