Вулкандар. Вулканның пішіні әдетте конус тәрізді болады.. Вулкан конусы атқылайтын заттардан вулкан төбесіндегі шұңқыр-кратер арқылы шығарылған лавалардан, сынык, материалдардан, күлден құралған. Вулкандар атқылауының әр алуандығы ең алдымен лава құрамына байланысты болады. Қышқыл лавалар (құрамында кремний тотығы көп болады) тұткыр,олар баяу (сағатына 5 км). қозғалады, ондагы газдардың бөлінуі қиын болғандықтан қопарылыс жасап атқылайды. Heгізгi лавалар сұйық, олар сағатына 20—30 км жылдамдықпен вулканды қиялай қозғалады, ондагы газдар оңай бөлініп шығады.
Атқылаудың екі түрі бар — сызатты және орталық. Негізгі лаваның сызатты атқылаулары ылғи тасқындап құйылады, мұндай атқылаулар Ci6ipдe, Yндістанда, Америкада байқалған.Қазіргi уакытта сызатты атқылаулар Исландияда болады. Атқылап тұратын вулкандар 600-ге-жуық, сөнгендері — одан әлдекайда көп.
Вулканды жерлер жер сілкіну аймақтарына дөп келеді. Мұның өзі бұл құбылыстардың өз ара байланыстылырын дәлелдейді Жер қыртысы қабаттарының сызаттар бойымен жылжуы жерсілкінуімен қабаттасып жүреді, ал сызатты бойлай көтерілген лавадан вулкандардың атк,ылауы пайда болады.
Вулкандар атқылауының географиялық маңызы. Жердің орасан зор территориясында вулкандар атқылап жатады, тек ТМД-да рана вулканизм 3 млн. шаршы километрге жуық жерді қамтиды.
Вулканнан шыққан күл атмосфераға ұшып барып, оны бұлыңғырландырып, күн радиациясын бәсеңдетеді
Вулканның атқылауы жер рельефін өзгертеді: лаваның сызаттарға толуынан жер 6eті тегістеледі де, атқылаудың орталық типі жер бетін ойлы-қырлы етеді. Лава тасқыны өзен ағысын бөгеп, бөгет су сипатты көл пайда болады.