Жер қыртысының баяу қозғалыстары Теңіздер мен мұхиттардың жағалауларын зерттеу кезінде әр жерлерден теңіз организмдерінің қалдықтарымен бірге борпылдақ шөгінді жатқан террастар табылған. Мұның өзі жағалау аймақтарының көтеріліп теңіздің төмен түсіп тұратынына айғақ. Бұған кері қозғалыс жағалау аймақтарының төмен түсуі мен теңіздердің құрылықка жайылуы да байқалады.
Жағалық және континенттік аймақтардың осындай өте баяу қозғалыстары тербелмелі, толқын тәрізді сипатта болады: бір-көтеріліп, бір түседі.Жер бетінің тербелмелі қозғалыстары қазір де болып жатады.1945—1948 жылдардағы жер бетін ниверлеу Предкавказьенің төмендеп, Донбасс пен Азов кристалды массивтерінін көтерілгендігін көрсетеді. Орта Орыс қыраты да көтерілуде. Балтық теңізінің солтүстік жағалаулары — Швеция Финляндиядағы Ботничес шығанағының бойлары — жүз жылда шамамен 1 м-ге көтеріліп отырады, ал оңтүстік жағалықтарына теңіз суы қаптап кетеді.
Қалқан деп аталатын материктердің ертедегі кристалды ядросы көне заманда (эра) түзілген. Континенттік дамудың ұзаққа созылған кезеңдерінен кейін қалқандардың үстіңгі беті сәл көтеріңкі жазықтарға айналған. Ал одан соң тау түзу қозғалысы біркелкі көтерілмеген жеке үйінділердін ертедегі фундаментіи бүлдірген, мысалы, Қола түбегі. Қалқандардың ойыстарын те-ңіздер алып кеткен. Мәселен, Балтық қалқанының ойысында Ақ теңіз, ал Канада қалқанының ойысында Гудзон шығанағы бар. Ойыстармен қатар платформалар деп аталатып ертедегі фундаменттің көтеріңкі учаскелері болған, онда тербелмелі қозғалыстар болған. Жердің төмен түсіп су қаптаган жерлеріне шөгінді жыныстар жинала берген.Теңіз суы тек ойыстарды ғана толтырып қоймай, жазық рельефтің жарылған жерлерін де қаптаған. Лагуналар (саяз шығанақ) мен көлдерде түз және түзды шөгінділер жиналған да, олар химиялық шикізаттар кенін түзген, ал батпақты және шымтезекті жерлерде көмір түзіле бастаған. Мұндай құбылыстар Орыс платформасында да болған.
Тербелмелі қозғалыстар нәтижесінде құрылықтар мен теңіздер алып жатқан жерлер қайта өзгеріп отырған. Теңіз суы қайтқанда материктердің арасы косылып, ал қаптағанда бірінен-бірі бөлініп қалып отырған. Құрылықтар мен теңіздер алып жатқан жерлердің өзгеруіне байланысты климат та өзгереді: ,ол не теңіздік, не континенттік болады.
Климат өзгерісінің органикалық дүние мен топырақ қалпына да әсері тиіп отырады. Теңіздің соқпа толқынының дүлей күші су қайтқанда әлсірейді де, қаптағанда арта түседі, сонын, салдарынан соқпа толқын террасалары түзіледі.