Өзендер және жер асты сулары. Өзендер жылғаларда уақытша ағып жанатын су мен шағын өзендердің үздіксіз тасқын суға айналуынан пайда болады. Бұл тасқын сулар борпылдақ жыныстарды шайып, кейде су өткізбейтін қабатқа дейін жетіп, ондағы ыза суы жыл бойы өзенге ағып құйылады. Өзен барлық саллаларымен бірігіп өзен жүйесін құрады. Өзен жүйесі жинақталатын аумақты өзен бассейні деп атайды. Екі өзен бассейндерін бөліп жататын айырым сызық су айырық деп аталады. Таулы жерлерде су айырық сызығы жоталармен өтеді. Өзендерді ажыратып жататын бассейндерден жоғарыдағы территориялар жазықтардағы су айырық болып табылады.
Жер асты суларының көлемі шамамен – 60 млн км3, оның 4 млн км3 мөлшері су айналымына қатысады. Жер қыртысының 2 км тереңдігінде жер асты су қорының - 23 млн км3 жиналған.
Пайда болуына байланысты жер асты суларын бірнеше типтерге бөледі:
Инфильтрациялық су атмосфера ылғалының су өткізгіш қабатқа сіңуінен түзіледі;
Конденсациялық су аудағы будың жердегі жыныс құыстарында, жарықтарында шық тәрізді қоюлануынан түзіледі;
Седиментациялық су деп жыныс шөккен кезде арасына сіңіп қалған теңіз суын айтады;
Ювенильды деп магмадан бөлініп шыққан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терең тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, газдар мен түрлі қосындыларға бай суға айналады.