Топырақтың физикалық қасиеттері — су, ауа өткізгіштігі, су ұстағыштығы, топырақ түзуші қабатының түйіршік (механикалық) құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақ тау жыныстарының әр түрлі жолдармен үгілуі және микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзілетін тау жыныстарын аналық немесе топырақ түзуші жыныстар деп атайды. Бұл жыныстар жел, су, температура т. б. жағдайлардың әсерінен үлкен құбылыстарға ұшырап отырады. Тау жыныстарының және ондағы минералдын, осындай өзгеріске түсуін үгілу деп атайды. Үгілудін, үш түрі бар. Олар физикалық, химиялық және-бкологиялық үгілулер.
Физикалық үгілу жылудын, судың, ауаның әсерінен өздігінен үгітіледі. Тау жыныстары күндізгі күн сәулесінің қуатынан қызатын, ал түнде терең қабаттарымен салыстырғанда жыныстардың. жоғарғы қабаттарының неғүрлым шапшаң сууынан жарылу әрекеті жүре бастайды. Тау жыныстары механикалық жолмен бұзылады, бірақ олардың химиялық және минералдық құрамы өзгермейді. Физикалық жолмен үгілудің ең басты себебі — жоғары температура. Температура әсерінен тау жыныстары, әр түрлі минералдар бірде ұлғайып, бірде кішірейеді де, бастапқы формасын жоғалтып үгіле бастайды. Тау жыныстарының жарықтарына жауын-шашын кезінде жиналған ылғал жарықты ұлғайтады. Сөйтіп ол жыныстар бұзылып, үгіле береді.
Химиялық жолмен үгілгенде тау жыныстарындағы минералдардың құрамы өзгеріп, жаңа минералдар түзіледі. Бұл процесстің негізгі себебі — құрамында көмір қышқылы мен оттегі мол атмосфералық су. Химиялық үгілу процесі тау жыныстарының суда еруінен және одан әрі тотығуынан басталады да, сапасы жағынан жаңа минерал қосылыстары пайда болуымен аяқталады. Сөйтіп, ұсақ бөлшектерге ыдыраған осы минералдар қайтадан өзара қосылысқа түсіп, жаңа жыныс құрайды.