Бақылау сұрақтар:
Минералдардың химиялық құрамы бойынша жіктелу ерекшелігі?
Тау жыныстарының түрлері?
Жер бедерінің негізігі формаларын ата?
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.
Қосымша әдебиеттер
Естествознание и основы экологии. М., 2000.
С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998
Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980
№ 12. Тақырып: Жердің су қабығы.
Мақсаты: Жердің су қабығымен танысу.
Міндерттері: Жердің су қабығына жалпы сипаттама беру.
Методикалық нұсқаулар:
Гидросфера. Қазіргі күні гидросфера деп үш түрлі агрегаттық күйде болатын сұйық, қатты, газ тәріздес, Жердің су қабығын айтады. Гидросфераның төменгі шегі ретінде мантияның жоғарғы шекарасы (Махоровигич беті), ал жоғарғы шекарасы – атмосфераның жоғарғы қабаты қабылданған. Гидросфераның құрамына дүние жүзілік мұхиттар, құрылық сулары - өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, атмосфера ылғалы, көлдер мен теңіздердің қазан-шұңқырларының түбіндегі және мәнгі мұздықтардың астындағы сулар енеді.
Жер бетіндегі сулардың 0,006% - ы өзендердің, 0,25%-ы тұщы көлдердің, 0,03%-ы атмосфераның үлесіне тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |