Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет34/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар — хлорофилсіз өсімдіктер. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды кез келген жерден табуға болады. Олардың жіңішке жіпшелері әр түрлі өсімдіктерді, тұрғын үйлерді, азық-түлікті бойлай торлап жатады (мысалы, вареньенің көгеруі, жемістердің бұзылуы). Мұны тек қана төменгі сатыдағы саңырауқүлақтардың іс-әрекеті деуге болады.
Тұрмыста жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың қалпағы мен түбіртегін ғана саңырауқұлақ деп атайды. Шындығында бұл саңырауқұлақтың споралар пайда болатын жемісті денесі. Саңырауқұлақтың өзі топырақ астына көміліп жатады. Бұл көптеген гифалардан құралған саңырауқұлақ мицелийі болып табылады.Ол ұзақ уақыт өседі де, қолайлы бір жағдай туғанда мицелийден саңырауқұлақтың жемісті денесі өсіп шығады .
Саңырауқұлақ құрылысы жөнінде алғашқы түсінік алу үшін ең дұрысы нан немесе басқа азық-түлік зеңін қарастырған жөн. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың ерекше мицелий жіпшелерінде спорангийлер дамиды. Оларда көп мөлшерде споралар пайда болады да, ол жан-жаққа жел арқылы ете тез тарайды.
Қалпақты саңырауқұлақтардағы мұндай спорасы бар гифалар тығыз шоғырланып өседі және жоғары қарай қол шатырдың сым кермелері тәрізденіп таралады да, спорангийлер төмен салбырап тұрады. Саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды. Олар даяр органикалық заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтарды қоректену тәсіліне қарай тіршілігін жойған органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер және тірі өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ететін паразиттер деп екіге бөледі.
Сапрофитті саңырауқұлақтардан адам үшін өте-мөте пайдалысы бір клет-калы саңырауқұлақ — ашытқы саңырауқұлағын атауға болады.
Бізге үйреншікті орман саңырауқұлақтары сапрофиттер болып табылады. Мұнда саңырауқұлақтар мен орман ағаштарының арасындағы қоректік зат-тар алмасуында да көңіл аударарлық құбыл6ыс байқалады. Көк терек саңыраукұлағы, қайың түбінде өсетін саңырауқұлақ, украиналық шие тү-бінде өсетін саңырауқұлақ деген аттардың өзінен-ақ бұл байланыс сезіледі. Саңырауқұлақ мицелийлері ағаш тамырын торлайды да, тамырға ми-нералдық ерітінді жеткізеді, ал ағаштан өзіне органикалық заттар алады.
Бірыңғай көңмен тыңайтылған топырақта адам қолдан өсірумен шұ-ғылданған қалпақты саңырауқұлақтардың бірі — қозықұйрық өседі (басқа қалпақты саңырауқұлақтарды қолдан өсіруге жасалған әрекеттердің бірде-бірі дұрыс нәтиже берген жоқ).
Паразит санырауқұлақтар да көп-ақ. Мысалы, фитофтора картоп үшін түйіні мен сабақтарын зақымдайды: Сферотека тұшаланың; ақ ұнтақ деген ауруға ұшырауына себепші болады.
Қарабидай, бидай және басқа да кейбір астық тұқымдас өсімдіктерде қастауыш саңырауқұлағы дамиды. Ол тек гүл түйінін бүлдіреді де, өсімдіктердің қалған жағы бір қалыпты дами береді. Астық түкымдас өсімдіктердің бүлдіретін қауіпті саңырауқұлақтардыд бірі — қаракүйе. Ол жұққан өсімдікте дән орнына паразиттік қара спораларынан тұратын қара шоқпарбас пайда болады. Астық тұқымдас өсімдіктер үшін дат саңырауқұлақтары да қауіпті. Ол әр түрлі өсімдік-иелерінде: астық тұқымдастарда және сарыағашта біртіндеп дамиды.
Адам және жануарлардың саңырауқұлақ ауруын қоздырушы төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар болып табылады (теміреткі, таз, актиномикоз).
Саңырауқұлақтардың адам үшін зор маңызы бар екені шүбәсыз.
Қалпақты саңырауқүлақтардың кө6пшілігін адам тамаққа пайдаланады. Саңырауқұлақтардың жұтымдылығы мен дәмділігі көптеген овощтардан асып түседі. Әсіресе сақырауқұлақтардың мына түрлері: ақ саңырауқұлақ, көк терек саңырауқүлағы және қайың түбінде өсетін саңырауқұлақтар мен майқұлақтардың, т. б. біраз түрлері бағалы болып табылады.
¥лы Отан соғысы жылдары пенициллин дәрісі кеңінен пайдаланыла бастады. Оны пеницилл саңырауқұлағынан әзірлейді. Ауыр науқастарды емдеу кезіндс қазір де осы дәрілер ойдағыдай қолданылуда.


Қыналар
Қыналар өсімдіктердің толық дербес тобы болмаса да, жеке бір бөлім (тип) құрады. Олар өсімдіктердің екі типінен құралган: саңырауқұлақтар және жасыл балдырлар.
Саңырауқұлақ гифалары беткі жағында тығыз, ал ішкі жағында гифалармен едәуір сирек тоқылған дене түзеді. Бұл торларда, мысалы, хлорелла, кейде жіп тәрізді, бір клеткалы жасыл балдырлар тіршілік етеді. Саңырауқұлақ пен балдырдың бірлесіп тіршілік етуі екеуіне де пайдалы. Балдыр гифа торының арасындағы ылғалды ортада тіршілік етеді. Балдыр түзген органикалық затты саңырауқұлақ гифалары сіңіріп алады. Қыналар ең тіршілік жоқ деген жерлерде де, мысалы, жалаңаш тастарда да тіршілік ете алады.
Қыналарды сыртқы пішіндеріне қарап қаспақты қына, жапырақ қына және бұта қына деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет