Раушан гүлділер тұқымдасында 2000-га тарта түрлср бар. Олардың ішінде ағаштар да, бұталар да, шөптесін өсімдіктер де болады.
Алма ағашы—мәдени өсімдік. Оның көптеген сорттары шығарылған.
Алмұрт — кең алақанды жапырағы бар ағаш. Жемісі өте дәмді болып келеді.
Шетен — гүлдері қалқанша гүл шоғырына жинақталған ағаш.
Долана— жапырақтар қолтығында тікенектері бар бұта.
Айва — алма тәрізді жемісті агаш.
Шие — ағаш, гүл шоғыры - шатырша, жемісі—сүйекті жеміс.
Қызыл шие — жемісі тәтті, шиеге қарағанда ірірек келеді.
Мойыл шие өзендер жағалығы мен дымқыл ормандарда өседі. Ерте көктемде гүлдейді, гүл шоғыры — шашақ гүл, жемісінің дәмі тұтқыр болады.
Алхоры — жемісінде витаминдер көп болатын ағаш.
Шабдалы — өрікке ұқсас ағаш. Жемісі едәуір ірі болады. Оңтүстікте (Орта Азияда, Кавказда, Қырымда) өсіріледі.
Тас жарғандар тұқымдасы. Қарақат, қызыл қарақат, сары қарақат— бұталар. Халық ша-руашылығындагы маңызы орасан зор. Қарақаттың, әсіресе қара қарақаттың жемісінде витаминдер көп болады.
Жасмин — декоративті бұта, гүлдері ақ, иісі күшті болады.
Тас жарған — шөптесін өсімдік. Таулы жерлер мен тундрада өседі.