Жалаңаш тұқымды өсімдіктер Ашық тұқымды өсімдіктердің ішінде шөптесін өсімдіктер болмайды, онда тек ағаштар мен бұталар ғана бар. Олардың тұқым бүрі ештеңемен қорғалмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталған.
Жалаңаш тұқымдылар үш класты біріктіреді. Олар: Саговик жапырақтар, Бүрлілер,Қабықша тұқымдылар. Біз қылқан жапырақтыларға жататын бүрлілер класының бірнеше түрлерін қарастырамыз.
Кәдімгі қарағай өседі. Бұл қуатты биік ағаш. Көктемде жаңа өсіп келе жатқан өркендердің түбінен аталық бүрлер өсіп шығады . Олар масақ тәрізді гүл шоғырына жинақталған. Бүрлерде өте көп тозаң түзіледі. Өркеннің ең ұшында аналық бүр дамиды.
Қарағай тұқымының үстін тығыз қабықтар жауып тұрады. Олардың астында эндосперм және ұрық болады.
ТМД-да шыршаның онға жуық түрі кездеседі.Шыршаның практикалық зор маңызы бар. Оның сүрегі — тамаша құрылыс материалы. Сүректі құрғақ айдаған кезде карамай, канифоль, скипидар алынады.
Сібір май қарағайы өте көп тараған. Ол әсірәсе Батыс Сібірде көп өседі. Май қарағай сүрегі музыкалық аспаптар жасауға жұмсалады.
Қысқа қарай бал қарағайлардың жапырақтары түседі. Бал қарағайдың бірнеше түрлері кездеседі. Сібір бал қарағайы мен даур бал қарағайы кең тараған.
Бал қарағайдын сүрегі өте мықты. Онда қарамай көп болады. Соның нәтижесінде бал қарағай сүрегі суга төзімді болады да, оны кеме жасауға пайдаланады. Бал қарағай сүрегі қағаз өнеркәсібінде бағалы болып табылады.
Ағаштардан басқа кипарис тұқымдасқа жататын бұталы өсімдіктер де қылқан жапырақтыларға жатады. Кәдімгі арша — бұталы өсімдік, барлық жерлерде де кездеседі десе болады. Өте баяу өседі. Сүрегі өте мықты. Қарындаш даярлау ісінде қолданылады. Арша «жемісі» медицинада пайдаланылады.
Жер бетіндегі өсімдіктер дүииесінің дамуында жалаңаш тұқымды өсімдіктер, олардың ішінде әсіресе қылқан жапырақтылар, папоротник тәрізділерден кейін пайда болған жоғары дәрежелі өсімдіктердің екінші сатысы болып табылады. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің төменгі класы, сондай-ақ ағаш тәрізді тұқымды папоротниктер мен басқа да өліп біткен топтар, тас көмір дәуірінде де болған. Қылқан жапырақтылар мезозой эрасының юра дәуірінде пайда болды.