Биосферадағы заттар алмасуы Тірі организмдердің зат алмасудағы маңызы. Жер шарындағы өсімдіктер организмдер тіршілігі үшін қажетті оттегінің негізгі фабрикасы болып табылады. Табиғатта болып жататын химиялық процестерде бір клеткалы қарапайым өсімдіктер мен жануарлар едәуір роль атқарады.
Жасыл өсімдіктер жылдам көбейетін болғандықтан, олардың массасы жануарлар организмдері массасынан мың есе көп.
Тірі организмдердің зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Саваннаның, даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері — екінші орында. Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер — үшінші орында.
Микроорганизмдерге қарағанда ірі жануарлардыц атқаратын ролі төменірек. Мұхитта өсімдік массаларынан жануарлар массасы көп. Фитоплапктон — еркін жүзіп жүретін өсімдіктер организмдерінің жиынтығы — бүкіл Дүние жүзілік мұхит бетінің 4/5 –ін альш жатады. Теңіз флорасы негізінен балдырлардан тұрады.