Биосферашекаралары 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?
1.Көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
2.Судың жеткілікті болуы (міндетті түрде сұйық күйде)
3.Температуралық режим тым жоғары (ақуыздың ұюына әкелетін) және тым төмен (ферменттердің жұмысын тоқтататын) болмауы керек.
4.Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы
5.Су ортасының белгілі бір тұздылығы.
Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера), жер атмосфнрасының төменгі қабаты (тропосфера) және Жердің сулы қабықшасында (гидросферада) таралған.
Литосферада тіршіліктіең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100ºС-дан асады. Жер қыртысында бактериаларды табуға болатын тереңдік-4 км.Мұнай кен орындарында 2-25 км тереңдікте бактериалардың саны біршама көп болады.
Мұхиттарда тіршілік 10-11 км тереңдікке таралады.
Атмосферадағы тіршіліктің жоғарғы шекарасы биіктікке байланысты ультра күлгін радиацияның артуымен анықталады. Озон қабаты күннің ультра күлгін сәулелерінің көп бөлігін 22-25 км биіктікте сіңіреді. Бактериалармен саңырауқұлақтардың соралары 20-22 км биіктіктен табылған.