Безгек плазмодийі — адамда болатып безгек ауруын қоздырушы. Безгек плазмодийінің тіршілік циклі бір ғана иеде өтпейді. Безгек плазмодийінің жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді.
Безгек адамға маса шаққан кезде жұғады. Маса сілекейінде безгек қоздырушысы—безгек плазмодийі (спорозоит)болады. Спорозоиттар алдымен адам бауырына, соңынан адам қанының эритроциттеріне өтеді де, олар сол жерде жыныссыз жолмен күшті көбейе бастайды. Әр ұрпақ эритроциттен шығып, қан сарысуына енгенде, қанға улы заттар түсетін бол-ғандықтан, безгек ұстайды.
Жыныссыз жолмен көбейетін бірнеше ұрпақтар соңынан жынысты жолмен көбейетін особьтар пайда болады.
Жынысты особьтар адам қанында жинақталғанымен де, олар дамымайды. Безгек плазмодийінің одан әрі даму циклі тек анофелес масасында ғана жалғасады. Онда жынысты жолмен көбею жүзеге асады да, жыныссыз ұрпақ пайда болады.
Туфелька— тұщы суларда мекендейтін, әжептәуір ірі бір клеткалы қарапайым жәндік. Туфелька денесін кірпікшелі тығыз қабықша жауып жатады. Туфелька кірпікшелерінің көмегімен жүзеді. Ауыз шұңқырының төңірегіндегі кірпікшелердің атқаратын қызметі қоректенумен байланысты: кірпікшелердің жыбырлап қозғалуынан су ағыны пайда болады. Туфелька сумен бірге ондағы бактерияларды және басқа да су қоймасында .тіршіліік ететін ұсақ жәндіктерді жұтады. Туфелька денесінің ішінде ас қорытатын вакуоля түзіледі.
Қоректің қорытылуына қарай вакуоля қозғалыс жасайды. Қорытылмай қалған қорек қалдықтары арнайы орындар арқылы сыртқа шығарылады.
Туфелька жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Көбеюдің бұл тәсілдерінің алмасуы бірнеше ұрпақтар арқылы жүзеге асады.