Амёбаденесі цитоплазма мен ядродан тұрады. Ол псевдоподий [жалған аяқтар] көмегімен қозғалады, қорегін де жалган аяқтарымен қармайды. Амёба денесінің ішіне түскен қоректі ас қорыту ферменттері қаптап алғанда вакуоля пайда болады. Қорек соның ішінде қорытылады. Қорытылмаған қорек қалдықтары сыртқа шығарылып тасталады. Амёба цитоплазмасында оқтын-оқтын мөлдір көпіршік пайда болады да жойыльш отырады. Бұл жиырылғыш вакуоля. Артық су мен сұйық күйдегі ыдырау өнімдері осылай шығарылып тасталады.
Фораминиферлер — теңізде мекендейтін жануарлардың ерекше тобы. Олардың бақалшақтары болады. Бақалшақтарының мөлшері өте кішкене, тек кейбір түрлерінің ғана бақалшақтары 6 см-дей болады. Теңіз шөгінді жыныстарының барлығының да құрамында өліп біткен фораминиферлер бақалшағы бар. Мектепте қолданылатын бор құрамынан да ертеректе тіршілік еткен фораминиферлердің ізбесті бақалшықтарын тауып алуға болады.
Жасыл эвглвнацитоплазма мен ядродан тұрады. Ішкі жағына қарағанда сыртқы қабатындағы цитоплазма едәуір тығыз болады. Жасыл эвглена денесінде хроматофор бар.Ол жарықта өсімдік сияқты қоректенеді: бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық заттар жасайды. Жасыл эвглема қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенеді: даяр органикалық заттарды сіңіреді.