Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Амёба денесі цитоплазма мен ядродан тұрады. Ол псевдоподий [жалған аяқтар]



бет62/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану
69fadd66-b8cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeІ руб бақ
Амёба денесі цитоплазма мен ядродан тұрады. Ол псевдоподий [жалған аяқтар] көмегімен қозғалады, қорегін де жалган аяқтарымен қармайды. Амёба денесінің ішіне түскен қоректі ас қорыту ферменттері қаптап алғанда вакуоля пайда болады. Қорек соның ішінде қорытылады. Қорытылмаған қорек қалдықтары сыртқа шығарылып тасталады. Амёба цитоплазмасында оқтын-оқтын мөлдір көпіршік пайда болады да жойыльш отырады. Бұл жиырылғыш вакуоля. Артық су мен сұйық күйдегі ыдырау өнімдері осылай шығарылып тасталады.
Фораминиферлертеңізде мекендейтін жануарлардың ерекше тобы. Олардың бақалшақтары болады. Бақалшақтарының мөлшері өте кішкене, тек кейбір түрлерінің ғана бақалшақтары 6 см-дей болады. Теңіз шөгінді жыныстарының барлығының да құрамында өліп біткен фораминиферлер бақалшағы бар. Мектепте қолданылатын бор құрамынан да ертеректе тіршілік еткен фораминиферлердің ізбесті бақалшықтарын тауып алуға болады.
Жасыл эвглвна цитоплазма мен ядродан тұрады. Ішкі жағына қарағанда сыртқы қабатындағы цитоплазма едәуір тығыз болады. Жасыл эвглена денесінде хроматофор бар.Ол жарықта өсімдік сияқты қоректенеді: бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық заттар жасайды. Жасыл эвглема қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенеді: даяр органикалық заттарды сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет