1.Қарапайымдылар типі Қарапайымдар Жер бетінде кең тараған. Олардың 15 000-ға жуық түрлері бар екені белгілі. Қарапайымдар әсіресе сулы ортада: тұзды және тұщы суда, ылғалды топырақта, жапуарлардың ішкі қуыстарындағы сұйықтықтарда көбірек тіршілік етеді.
Қарапайым жануарлардың денесі бір клеткадан тұрады. Ол клетканың көп клеткалы жануарлар организмін құратын клеткадан елеулі ерекшелігі бар. Бұл өз бетімен тіршілік ететін бір тұтас организм. Клетка ішінде көп клеткалы жануарлар органдарының қызметін атқаратын органдары болады.
Қарапайымдарды микроскоп арқылы үлкейткенде ғапа көруге болады. Қолайсыз жағдайларда (су қоймасындағы су кеуіп кеткенде, қуаңшылықта) қарапайымдардың көпшілігі денесінен қорғаныш қабықша — циста бөліп шығарады. Мұндай күйінде олардың тіршілік әрекеті ұзақ уақытқа сақталады.
Қарапайымдар қарапайым бәліну арқылы көбсйеді: Бұл жыныссыз көбею болады. Бөліну өте тез басталады. Қарапайымдар массасы тәулік ішінде бірнеше есе ұлғая алады.
Қарапайымдар жынысты көбею кезінде жұптасып қосылады да, ядролық зат бөліктерімен алмастырып алып, ажырасады.
Қарапайымдар типі төрт класты: Саркодалылар, Талшықт-лар, Споралылар және Инфузориялар кластарын біріктіреді.