Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж
12 Тақырып: Жануарлардың негізгі типтеріне сипаттама
Дәрістін жоспары: 1.Қарапайымдылар типіне сипаттама
2 Ішекқұыстылар типі.
Дәрістің қысқаша мәтіні. Жануарлар типтеріне сипаттама Жануарлардың жер бетінде 1 500 000-ға жуық әр алуан түрлері тіршілік етеді. Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін, сондай-ақ олардың шығу тегін зоология зерттейді.
Жануарларды классификациялаумен систематика шұғылданады. Систематикалық негізгі бірлік — түр.Түрлер мынадай систематикалық категорияға біріктіріледі: туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип. Жануарлар неғұрлым жалпы белгілеріне қарай типке біріктіріледі. Бір-біріне өз ара жақын типтер одан да ірірек екі систематикалық топтарға бірлеседі: Қарапайымдар немесе Бір клеткалылар және Көп клеткалылар. Төменгі бөлім — Бір клеткалылар бөліміне бар болғаны бір-ақ тип — Қарапайымдар типі жатады. Жоғаргы бөлім — Көп клеткалылар бөліміне жануарлардыц 20-дап астам типтері енеді.