Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет83/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.



16 Тақырып. Хордалылар. Омыртқалылыр типі.
Дәрістін жоспары:

  1. Құстар класы;

  2. Сүт қоректілер.

Дәрістің қысқаша мәтіні.
1.Құстар класы
Құстар — ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар. Олар бүкіл жер шарына таралған. Бұл класта 8000-нан астам түрлер бар деп есептеледі.
Құстың денесін қауырсындар жауып жатады, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, ішіне ауа толғандықтан (пневматикалы) сүйектері өте жеңіл. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың қан айналу системасы едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір-бірімен араласпайды.
Құстар — жылы қанды жануарлар. Артериялық және веналық қан ағыстарының бөлінуінен қан айналуы шапшаңдайды да, газ алмасу қарқынды жүріп, дене температурасының жоғары, орташа 42°-қа тең болуына себепші болады.
Зат алмасуының күшеюіпе байланысты құстар өз денесінің салмағына тең мөлшердегі насекомдарды жейді.
Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда нерв системасы да едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың мінез қылығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.
Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып шығарады, балапандарын қороқтендіреді.
Құстар жетілген балапанды және қызылшақа балапанды (болжыр балапанды) болып екіге бөлінеді.
Ж е т і л г е н б а л а п а н д ы құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен едәуір бейімделіп: көздері бар, қозғалуға қабілетті, жемін теріп жейтін болады. Жетілген балапанды құстарға тауықтар, үйректер, қаздар, құрлар, т. б. құстар жатады.
Қызылшақа б а л а п а н д ы құстардың балапандары жұмыртқадан: денесі қауырсынсыз, соқыр, ата-анасы қоректендіретін дәрменсіз болып шығады. Қызылшақа балапанды құстарға барлық сайрағыш құстар, қарғалар, кептерлер, т. б. жатады.
Құстар классификациясы күрделі болады.Отызға тарта отрядтары бар.
Қырсыз төс құстар Африкада, Аравияда, Австалияда, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тіршілік етеді.
Бұлар өте қарапайым құстар. Оларға түйеқұстар мен кивилер жатады. Түйеқүстар—қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі . Кейбір особьтарының (аф-рикалық түйеқұстың еркектерінің) биіктігі 260 см-гс жетеді. Бұл құстар өте шапшаң жүгіргенімен де, ұша алмайды. Қанаттары әжептәуір үлкен. Бірақ құс оны тек шапшаң жүгіргенде ғана пайдаланады. Кейбір түйекұстардың (австралиялық) қанаттары мүлде кішкене болады. Киви — қанаттарының бастамасы ғана бар кішкене қырсыз төс құстар.
П и н г в и н д е р — ұша алмайтын құстар. Олар жақ-ы жүзеді, скелет сүйектерінде ауа болмайды, төсінде қыр (киль) бар.Пингвиндер Антарктида
Жағалауларында тіршілік етеді.Құрлықта жүргеннен де, ескектерінің көмегімен суда жақсы жүзеді.Пингвиндер балықтармен , шаян тәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді.Ұясын жер бетіне салады. Антарктида корольдық пингвиндер кеңінен тараған.
А р ш ы н т ө с құстар — ең көп тараған құстар тобы. Сүйектері ауаға толы. Аршын төс құстардың көпшілігі ұшады. Құстар түрінің көпшілігі аршын төс құстарға жатады.
Құстардың әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты мынадай экологиялық топтарға бөлінеді: бұталы-орман құстары, батпақ-шалшық су құстары, шөл-дала құстары, су құстары, жыртқыш құстар.
Бұталы-орман құстарына орманда ұя жасап, қорегін аулайтын құстар жатады. Олардың ішінде насекомдармен (тоқылдақтар, жүрдек торғайлар, дүпілдектер т. б.), өсімдіктердің тұқымымен (шыбшықтар, шымшықтар, қайшыауыздар т. б.), өсімдіктердің жемісімен (колибрилер, шірнежегілер) қоректенетін құстар бар.
Б а т п а қ - ш а л ш ы қ су құстары аз ғана. Оларға тырналар, дегелектер, құтандар, балықшылар, тартарлар жатады. Бұл құстар су маңындағы ормансыз жерлерді мекендейді. Бұл топқа жататын құстардың аяқтары ұзын болады. Аталған құстар ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Шөл - д а л а құстары өсімдіктері аз, ашық жерлерді мекендейді. Құстардың бұл тобына түйеқұстар, жүрдектер, дуадақтар жатады.
Су құстары тобына тіршілігінің көпшілігіп суда өткізетін құстарды қамтиды. Олардың ішінде мына құстар: шағалалар, пингвиндвр, бірқазандар, аққулар, қаздар, үйректер және басқа да көптетен құстар бар.
Ж ьі р т қ ы ш құстар барлық жерлерде де: ормандарда, тауларда, далада, су қоймаларында тіршілік етеді. Оларга құмайлар, жапалақтар, қаршығалар, сұңқарлар, т. б. жатады.
Адамның шаруашылық қызметінде құстардың үлкен маңызы бар.
Құстардың әсіресе ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Олар ауыл шаруашылық өсімдіктердің зиянкестерін көп мөлшерде жояды. Көптеген құстарды кәсіптік және спорттық мақсатта аулайды. Құстарды қолға үйрету және үй жануарларына айналдыру ісімен ежелден шұғылданады. Үй құстарының ата-тегінің қазіргі үй құстары тұқымдарынан айтарлықтай айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет