Су ортасынмекендейтін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді:
Нектон (грек тілінен аударғанда nektos- жүзетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен ара қашықтықта орын ауыстыруға қабылетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшеоері жақсы дамыған.
Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескекаяқтылар, киттер жатады.
Планктон ( грек тілінен аударғанда planktos-қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабылетсіз.Негізінен бұлар ұсақ жануарлар –зоопланктон және өсімдіктер- фитопланктон. Плпнктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де тараған.
Плейстон (грек тілінен аударғаанда plein-кемеде жүзу)-денесінің бірбөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора).
Нейстон ( грек тілінен аударғанда neusteom-жүзуге қабылетті)- су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериалар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).
Фитопланктон- су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар т.б.).
Зоопланктон мен бактериалар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребниктер, сальпылар, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар тараған.
Бентос (грек тілінен аударғанда (bentos-тереңдік) –су қоймаларының түбінде (грунтта)мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді.Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериалар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, коңыр, қызыл) құралған.Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.
Детрит- өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілген ұсақ органикалық заттың бөлшектері.