Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар катарына Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (бұлгын, тиін, тоқал бұгы, ақ сары тышқан, саңырау құр, қара бауыр шіл, үкі, қаршыга, тоқылдақтың кей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Баркытбел) шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күшігенді, байгызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торгай, шақылдақ тышқан, шымшық торгай, Батыс Тянь-Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарга, суық торгай, шыбыншы тореай, ақтақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имек тұмсық балықшы,, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпы шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен құстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы орманда бұгы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |