Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тақырып. Қазақ қоғамы және реформаланган даладағы құқық



бет13/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
11 Тақырып. Қазақ қоғамы және реформаланган даладағы құқық

Осы заманғы тарихнамалық ахуал қандай да бір қорытынды жасау үшін белгілі бір тәжірибе жинақтап қорытуды қажет етеді, сонымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік -экономикалық дамуы туралы мәселелерді талдап зерттеудің онан кейінгі жолдарын айқындауды талап етеді. Осындай мәселелердің бірі Ресей империясының аймақтық басқару моделін құрудағы тарихи тәжірибесі, орталық пен аймақтар арасындағы әкімшілік - саяси өзара байланыстардың ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осыған байланысты империя кеңістігін кеңейтуге ықпал еткен факторлар көрсетілген, экономикалық және саяси дамудың түрлі сатысында тұрған және біртұтас геосаяси кеңістікте түрлі социо-мәдени және этноконфессионалды параметрлері бар халықтарды біріктіруге мүмкіндік берген империялық басқару механизмін айрықша көрсеткен «Национальные окраины Российский империи» деп аталатын еңбек үлкен қызығушылық туғызады. Дегенмен, бұл зерттеуде де XX ғ. басындағы Қазақ даласындағы қазақ халқына да, орыс халқына да қатысты әкімшілік басқару бірлігі шаруа бастықтары институтының енгізілуіне назар аударылмады. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі,мақсаты, жергілікті әкімшіліктің көзқарасы туралы А.Ю.Быковтың еңбегінде аталып өтеді. Қазақстандық зертеушілердің ішінде М.Қойгелдиевтің еңбегінде Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі негізгі ерекшеліктері, Ресей билігі орнықтырған заңдар жүйесіне тоқталады, қазақ жеріне орыс шаруаларының жаппай қонысаударуы барысы, зардаптары, қазақ облыстарын басқарудың әкімшілік аппараты, патша шенеуніктердің жүгенсіздігі, соның ішінде Қарқаралы уезінің шаруа бастығы Цыловтың әрекеті баяндаладыК.Нұрпейісов өз зерттеуінде XXғ. басындағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуалдың аграрлық, ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленгенін, осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстардың ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын атап өтедіМұхтар Құл- Мұхаммед шаруа бастықтары институтының 1902 жылы қазақ даласында енгізілуі туралы және сондай –ақ автор мұрағат қорынан алынған шаруа бастығының қазақ халқына көрсеткен озбырлығы, түрлі жүгенсіздіктері туралы жазған заңгер Ж.Ақпаевтың 1905 жылы сенатор Паленге жазған арыз-хатының толық мәтінін келтіреді. Қазақстанды отарлау мәселесін Е.Ж.Валиханов еңбегінде жаңа көзқараспен көрсетсе, Б.М. Абдрахманова XIX ғасырдағы Қазақстанның әкімшілік-басқару жүйесі, әкімшілік- территориялық құрылымын зерттеп жазды.

Америка тарихшысы М.Олкотт Қазақстанға қонысаударушылардың ағылып келуі, қазақ халқының мүддесінің еленбеуі, орыс үкіметінің империялық саясатын ашып көрсетеді, тіпті қазақтардың мүддесі толығымен империяның мүддесінен жоғары тұруы мүмкін екендігі туралы пікірді Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин қабыл алмады деді. Сонымен бірге М.Олкотт П.Столыпиннің қазақтар теріс қарым - қатынастың құрбаны болған жоқ, оларға берілген 15 десятина жер егіншілікпен айналысуға толық жеткілікті, ал қазақтардың мәдениеті мен олардың темпераментінің ерекшелігі Ресей мемлекетінің қарқынды дамуы мен өрлеуін бәсеңдетуге дәлелді себеп бола алмайды деген сенімде болды деп нанымды көрсетедіШетел зерттеушілерінің ішінде Дж Демко «Орыстардың Қазақстанды отарлауы» (1896-1917жж) еңбегін атап өткен жөн. Автор еңбегін орыс зерттеулері негізінде жазып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектеледі. Сонымен бірге шетелдік зерттеуші ғалымдардың қазақ жерін отарлау мәселесі жайында К.Л. Есмағанбетов, М.Лаумуллиннің, Қ.Р. Несіпбаеваның,Р.М. Таштемханованың еңбектерінде қаралды. Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі Ресейдің қазақ даласындағы отарлау саясаты, қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануына арналған Р. Сариеваның Д. Абеновтің зерттеу жұмыстарында, Қазақстанда шаруа бастықтары институтының енгізілуі, және осы институттың жергілікті халықты орыс үкіметіне бағындыру, отарлау міндетін жүзеге асыру, орыс қоныс аударушыларын түпкілікті қорғау үшін қажет болғандығы атап өтеді.

Сонымен, Дала генерал-губернаторлығында шаруа бастықтары институтының енгізілуі және оның қызметі мәселелері революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдегі тарихнамада арнайы зерттелмеген тақырып болды. Осыдан шығатын қорытынды- аталмыш мәселе архив деректеріне, тарихи фактілерге сүйене отырып нақты зерттеуді қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет