ПОӘК 042-39 14/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013ж



бет5/144
Дата08.09.2017
өлшемі12,72 Mb.
#31324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Теорема:Бірнеше жуық сандардың алгебралық қосындысының абсолютті қателігі осы сандардың абсолютті қателіктерінің қосындысынан артпайды.



Теорема: Нөлден өзгеше бірнеше жуық сандардың көбейтіндісінің салыстырмалы қателігі осы сандардың салыстырмалы қателіктерінің қосындысынан артпайды.



Теорема: Бөліндінің салыстырмалы қателігі бөлінгіш және бөлгіштің салыстырмалы қателіктерінің қосындысынан артпайды.


2-ші дәріс. Дұрыс және мәнді цифрлар. Арифметикалық амалдардың қателігі. Функцияның қателіктерін есептеу

Дәріс жоспары:



  • Мәнді цифрлар, дұрыс цифрлар, күмәнді цифрлар

  • Дөңгелектеу қателіктері.

  • Функцияның қателіктерін есептеу.

  • Кейбір дербес жағдайларды қарастырайық

Есептеу кезінде анализдік әдістерді пайдалану қиындық келтіргенде немесе тіпті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда есептеу математикасының сандық әдістерді қолданылады. Ол әдістер бастапқы берілген есепті мағынасы бойынша соған жуық басқа есеппен алмастыру мүмкіндігіне негізделген. Ал соңғы есеп кейбір шарттарды қанағаттандыру тиіс. Мәселен, шешімнің бар болуы, орнықты, жинақты болуы және т.с.с. Бұл есептің шешімі алғашқы есептің жуық шешімін беруі тиіс немесе оған белгілі бір дәлдікпен жинақталуы қажет.

Дәл және жуық шешімдердің айырымын жуықтау немесе әдіс қателігі деп атайды.

Есепте негізгі деректер, яғни ондағы коэффициенттер, бос мүшелер немесе қосымша шарттар жуық шамалармен берілуі мүмкін, соның нәтижесінде пайда болған қателіктерді жөнделмейтін (түзетілмейтін) қателіктер деп атайды.

ЭЕМ-де цифрлар саны шексіз көп сандарға арифметикалық амалдар қолданылмайды. Сондықтан ондай сандар ең алдымен цифрларының саны шектеулі жуық сандармен алмастырылады. Ол әдетте, орта мектептен белгілі дөңгелектеу әдісі арқылы жүзеге асырылады. ЭЕМ-де дөңгелектеу амалы арифметикалық амалдар орындалған кездерде де жүргізіледі. Өйткені нәтижеде цифрларның саны шексіз көп сандар пайда болуы мүмкін. Осындай дөңгелектеулердің салдарынан пайда болған қателіктерді есептік қателіктер деп атайды. Олар есептің жуық шешімінің дәлдігіне тікелей әсерін тигізетіні анық.



Жуық сандардың жөнделмейтін және есептік қателіктеріне осы бөлімде тоқталамыз.

Сандарды ЭЕМ-де жазу

р негізде санау жүйесінде (р-кез келген бүтін оң сан) Np саны

(1.1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет