Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


-тарау. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу



бет25/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

2-тарау. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу


      5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – "А" корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;

      2) логикалық тест;

      3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;

      4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.

      6. Тестілеу өткізудің кезеңі уәкілетті орган қалыптастырған кестеге сәйкес үш жұмыс күнінен аспайды.

      7. "А" корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты бойынша өтеді.

      8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған "А" корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.

      9. "А" корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.

      10. Мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.

      11. "А" корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында "А" корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. 3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу


      12. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б" корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.

      13. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.



      "Б" корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.

      14. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.



      Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.

      15. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.

      16. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.

      17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.



      Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.

      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда "Б" корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет