Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі



бет27/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

5-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі


      26. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жіберіледі.

      Тестілеуге қатысу үшін кандидат қолхатта көрсетілген уақыттан кешікпей тестілеу залына келуі тиіс.

      27. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамларды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.

      28. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамлар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамларды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.

      29. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.

      30. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

      31. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      32. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.

      Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.

      33. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.



      Бұл ретте әкімші бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.

      Акт толтырылған адамлар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестілеу нәтижелері жойылады.

      34. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.



      Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.

      35. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.

      36. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      37. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамларға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет