Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Жатақхананы басқаратын қоғамдық ұйымдар



бет161/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   189
4. Жатақхананы басқаратын қоғамдық ұйымдар

19. Жаңа оқу жылының басында жатақхана тұрғындарының жалпы жиналысында жатақханадағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету, қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жатақхана кеңесі сайланады. Кеңес құрамына жатақхананың студенттік кеңес төрағасы, әрбір подьезд, қабат бойынша жауапты жетекші (староста), тазалық, мәдени-спорт секторларының жетекшілері кіреді.


20. Жатақхана кеңесінің өкілдері университеттің Жастар комитетінің құрамына кіреді.
21. Жатақхана кеңесі:

  • қабаттар мен подьездер бойынша сайланған жетекшілердің қызметтерін реттейді;

  • жатақханадағы өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады;

  • тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырады;

  • жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі.

  • тұрғындардың мүддесін қорғайды;

  • мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;

    • жатақхана әкімшілігімен бірлесіп тұрғындардың бөлмелерді, ондағы жиһаздарды қабылдап алу шараларын өз құзыреті аясында ұйымдастырады.

22. Жатақхана кеңесімен төмендегідей мәселелер міндетті түрде келісілуі керек:

  • тұрғындарды әкімшілік бастамасымен бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстырғанда;

  • тұрғындарға қолданатын алғыс білдіру және жауапқа тарту шараларын жүзеге асырғанда;

  • жатақханада сабақтан тыс іс-шаралар өткізгенде.

23. Университет әкімшілігі жатақхана кеңесінің мүшелерін жемісті еңбегі үшін материалдық және моралдық жағынан қолдауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет