Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу Сабақтың тақырыбы Алгоритмді құру



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата01.05.2020
өлшемі0,57 Mb.
#65261
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Алгоритм құру 2

Алгоритмнің қасиеттері:

 

1. Айқын,дәл өрнектелуі.



 

2. Үзіктілігі.

 

3. Нәтижелілігі.



 

4. Жалпыламалығы.

 

5. Формалды орындалуы.



 

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген 

әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті 

болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп 

шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм 

командаларын ойланбай орындауына болады.

 

2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше 



қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам 

бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке 

әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. 

Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы 

келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы 

алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

 

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт 



 

 

BilimLand.kz 



 


ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда 

есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір 

алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда 

нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың 

мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің 

бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм 

циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет .

 

4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.



 

Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді 

шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана 

өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген 

a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау 

алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты 

мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

 

5.Алгоритмнің формалды орындалуы.



 

Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр 

команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм 

қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет 

орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді 

төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп 

айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі 

бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) 

арналып құрылады.

 

Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып 



отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала 

алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды 

ерекшелігін оның формалды орындалуы деп аталады. Бұл қасиет 

алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет