Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін


-тарау. «Түзету ырғағы» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі139,85 Kb.
#97925
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ПДТ 0-4 түзету ырғағы
ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы
5-тарау. «Түзету ырғағы» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

29. «Түзету ырғағы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 0-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 1-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
3) 2-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4) 3-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
5) 4-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
30. Үшінші тоқсанында даярлық және бірінші сыныптарда қосымша каникул қарастырылған. Оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру үшін кабинеттерді санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, қажетті мектептік құрал-жабдықтармен жинақтастыруға міндетті.
31. Түзету ырғағы сабақтарына арналған құрал-жабдықтар: мұғалімге арналған музыкалық аспап, мультимедиалық кешен, бейнекамера; фотоаппарат, сандық тасмалдаушылардағы аудио- және видео- материалдар, әр білім алушының жаттығуды орындауына қажетті заттар (түрлі-түсті жалаушалар, шарлар, ленталар, орамалдар, шеңберлер, доптар, секіртпе жіптер), балаларға арналған шулы және үнді музыкалық құралдар (сылдырмақтар, бубендер, даңғаралар, пианино, үрмелі сырнай, металлофон, үшбұрыштар, маракастар), орындықтар (балалардың бойы мен санына қарай), стационарлық айна, гимнастикалық құрылғы, батут және «сенсорлық жарық бөлме»
құрал-жабдықтары, тақта, көрсету материалдары (оқу кестелері,
қимыл-қозғалыс сызбалары, жағдаяттық және заттық суреттер, сазгерлердің, балет артистерінің, спортшылардың портреттері), үлестірмелі дидактикалық материал (ырғақтық сызба, сөйлеу тілдік тапсырмалар бар карточкалар) жинақтастырылуға міндетті. Түзету ырғағы сабақтарына арналған кабинеттің еденіне жаттығуларды отырған және жатқан қалыпта орындауға, шапшаң қимылды және басқа да белсенді тәсілдерді өткізуге арналған арнайы жабын төселеді. Кітап сөрелеріне, білім алушылардың жұмыстары мен көрнекілік құралдар қойылатын стенділерге арналған орындар алдын ала қарастырылады. Барлық балалар түзету ырғағы сабағына арнайы киімде қатысады.
32. Оқу пәнінің мазмұны. Берілген пәннің мазмұнын анықтау үшін төрт бөлім және жеті бөлімше бойынша ұйымдастырылған мақсаттар жүйесі құрылған. Бөлімдер сынып бойынша оқытудың мақсатын қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі (дағдылар немесе икемділіктер, білім немесе ұғынымдар) бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқытудың мақсаттары мұғалімдерге өзінің жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді:
1) 1-бөлім «Зал кеңістігінде бағдарлау» екі бөлімшеден құралады, олар түзете оқыту мен тәрбиелеу процесіне тәртіп пен жинақылықты ендіруді; жүріс, жүгіріс және секірістердің әр түрлі түрлерін орындаған кезде интервалды сақтауды, сапқа түру мен сапты қайтадан түзеуде нақты сызықты ұстануды; қимыл-қозғалысты музыканың басталуымен және аяқталуымен нақты үйлестіруді; кинестикалық немесе көруге берілген белгіге деген әсерін жетілдіруді; кеңістіктік гнозис пен праксисті дамытуды қамтамасыз етеді;
2) 2-бөлім «Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар» бұлшықеттердің жеке топтарын дамытуды және нығайтуды, мойын, иық, қол, бел аяқ қимылдарын жылдам және бірқалыпты ауыстыру қабілетін дамытуды; барлық қимыл-қозғалыстық аппараттың бөліктері мен мүшелерінің әрекеттерін үйлестіруді; музыканың сүйемелдеуімен жүруді; бұлшықеттік тонусты реттеуді; ми бөлімдерінің өзара әрекеттестігін дамытуды қамтамасыз етеді;
3) 3-бөлім «Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар»
2 бөлімшеден құралады, олар әр түрлі модальдылық ырғақтарды қабылдау және шығару қабілетін дамыту бойынша арнайы ұйымдастырылған жұмысты білдіреді. Бұл бөлімнің мақсаттарын жүзеге асыру процесінде шығармашылық қабілетті, қимыл-қозғалыстық және музыкалық жадты дамытуды, есту зейінін, шоғырлануды, қабылдауды түзету, қарқынды, ырғақты музыканың немесе қимылдың сипатын ажырату және шығару; жеке-дара және ұжымдық қарқын мен ырғақ сезімін дамытуды қамтамыз етеді;
4) 4-бөлім «Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ» 2 бөлімшеден құралады. Берілген бөлімнің мақсатын жүзеге асыру білім алушылардың өзінің сезімін, күйзелісін және қалауын білдіру құралы ретіндегі мимика, ишарат, қалып түсініктерін дамытуды; мимика, ишарат, икемділікті қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып, айтылым мағынасына, оның мақсатына сәйкес тани білуді және еркін басқаруды қалыптастыруды; көру-қимыл («көз-қол» механизмі) және қол үйлесімділігін жетілдіру арқылы жазба сөйлеу тілі мен каллиграфияны дамытуды; саусақтық белсенділікке және ұсақ қимылдардың үйлесімділігіне ынталандыра әсер ету арқылы сөйлеу тілінің жалпы айқындығын арттыруды; дерексіз және жалпы сөздік қорды толықтыру, нақтылау және жүйелеуді, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын және байланыстылығын дамытуды қамтамасыз етеді.
1-кесте





Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімдері

Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімшелері

1

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Музыкалық-ырғақты қабылдау

3.2 Музыкалық-ырғақты шығару

4

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

33. Оқу бағдарламада оқыту мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4 кодында «1» - сынып, «2.1» - бөлімше, «4» - оқыту мақсатының реттік нөмері.


34. «Түзету ырғағы» пәнінің аясындағы оқыту мақсаттарын жіктеу,
0 және 1-сыныптарда 20 мақсат, 2-сыныпта 19 мақсат, 3-сыныпта 18 мақсат,
4-сыныпта 17 мақсат жүзеге асырылады, яғни 0-4-сынып аралығында жүзеге асырылатын 94 оқыту мақсатының жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Түзете - дамыту және білім беру жұмысын жүзеге асыру мақсаты заттық сипаттағы білім мен икемділікті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ оларды шынайы практикада қолдану, сөйлеу тілдік әрекет түрлері мен коммуникативтік дағдыларды, сондай-ақ өмірлік құзыреттілікті дамытуға да қатысты болады.
35. Оқыту мақсатының жүйесі:
1) «Зал кеңістігінде бағдарлау»:
2-кесте



Оқыту мақсаттары

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

Білім алушылар меңгереді

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.1.1.1
сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сыныпқа кіру; жүрген кезде мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау

1.1.1.1
сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүймелдеуімен сыныпқа кіру

2.1.1.1
сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру

3.1.1.1
сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру

4.1.1.1
мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау, саптағы қозғалыс туралы сөздік есеп беру

0.1.1.2
музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сапта бір-бірден, жұптасып жүру және жүгіру, жүрген кезде беліне қойылған қолдың көмегімен тепе-теңдігін сақтау

1.1.1.2
сол аяқтан адымдау; сапта бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен тепе-теңдігін, арақашықтықты сақтай жүру және жүгіру

2.1.1.2
жүрісті жүрелей отырумен кезектестіру; аяқтың ұшымен жүру (2\4, 4\4 музыканың сүйемелдеуімен);тактінің күшті бөлігін ерекшелеу

3.1.1.2
саптағы қозғалыс кезінде бұйрық бойынша қайтадан сап түзу, мұғалімнің бұйрығымен шеңберді кеңейту және тарылту

4.1.1.2
музыкалық шығарманың түріне, көлеміне және құрылысына сәйкес жүрістің қажетті қарқыны мен түрін өздігінен таңдау

0.1.1.3
кеңістікте бағдарлау, алға, артқа, жоғары, төмен бағыттарын көрсету; өзінің сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету



1.1.1.3
кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, негізгі бағыттарды көрсете білу; басқалардың, бейне бойынша сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету

2.1.1.3
кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, нысандардың орналасу орнын алда-артта, жоғары-төмен, оң жақта-сол жақта атау; тепе-теңдікті сақтау

3.1.1.3
бағдарлау және бағыттарды атау, етістіктерді (еңбектеді, жүгірді, жүрді), үстеу сөздерді (алға, артқа, жоғары, төмен, солға, оңға, жанына, тура, көлденеңінен) пайдаланып қимыл траекториясы туралы есеп беру

4.1.1.3
қиымылдың алдағы траекториясын анықтау және жүзеге асыру арқылы бағытта бағдарлау және атау: алға-артқа, жоғары-төмен, оң жаққа-сол жаққа, тура-көлденең.

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

Білім алушылар меңгереді:

0.1.2.1
бір-бірден сап түзу, қатарда тұрғанда мүсінді бақылау

1.1.2.1
бір-бірден сап түзу, шахматтық тәртіпте қайтадан сап түзу, жұптағы өз орнын табу

2.1.2.1
бойға қарай сап түзу, сыртқы нысаналарды (сызықты, арқанды, таяқты, шеңберді) пайдалана отырып, шеңбер құру

3.1.2.1
бір-бірден сап түзу, бой бойынша сап түзу, көру немесе есту белгілері бойынша шеңбер құрып тұру

4.1.2.1
сап, қатар, шеңбер құрап, шахматты тәртіпте тұру және атау, оларды атауы бойынша ажырату

0.1.2.2
мұғалімнің қатысуымен шеңбер құрып жүру, қозғалу

1.1.2.2
шеңбер құрып, айнала жүрген кезде шеңберді кеңейту және тарылту

2.1.2.2
қозғалыс кезінде бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау

3.1.2.2
қозғалыс кезінде, мүсінді сақтай отырып, бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау

4.1.2.2
қозғалысты тоқтатпай, бір-бірімен соқтығыспай, мүсін мен тепе-теңдікті сақтай саптан шашырау, содан кейін шеңбер құру

2) «Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар»:


3-кесте



Оқыту мақсаттары

2.1. Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.2.1.1
белгі бойынша өз қимылын тежеу



1.2.1.1
музыкалық шығарманың немесе аузекі мәтіннің басталуын, аяқталуын қабылдау және ерекшелеу

2.2.1.1
музыканың үзіндісін немесе тіркесін қозғалыспен (сермеу, жұлқыну, ұмтылу, бұрылу, еңкею) беру

3.2.1.1
допты жанындағы көршісіне берумен бір мезгілде ұмтылысты орындау, затты қолына ұстап тұрып, тепе-теңдігін сақтау

4.2.1.1
4-5 ортақ қимылдардан тұратын тізбекті қабылдау, есте сақтау және орындау

0.2.1.2
музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; еліктеу бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

1.2.1.2
музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; үлгі және сөздік нұсқау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

2.2.1.2
етістіктерді пайдалана отырып, өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; айнаға қарап, өзін-өзі бақылау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

3.2.1.2
өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; көзін жұмып, тыныс алуын бөле отырып, қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

4.2.1.2
қиымылды әуеннің түрі мен көңіл күйінің ауысуына сәйкес өздігінен жайлыны үздік-создық қимылға, содан кейін керісінше ауыстыру

0.2.1.3
қарапайым қимылды еліктеу және үлгі бойынша затпен орындау

1.2.1.3
қарапайым қимылды үлгі және сөздік нұсқау бойынша затпен орындау

2.2.1.3
лента мен шеңберді айналдыру, затты әуеннің күшті 2\4 бөлігінде лақтыру және қағып алу

3.2.1.3
ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы алға және жоғары лақтыру

4.2.1.3
ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен алға, жоғары және нысанға лақтыру және ұстап алу

0.2.1.4
мойын мен денені қарама-қарсы жаққа бұруды орындау



1.2.1.4
бір орында тұрып твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау

2.2.1.4
жүріс кезінде және заттарды бір-біріне беру кезде денені әр түрлі жаққа бұрумен бір мезгілде басты бұру және айналдыру қимылдарды орындау

3.2.1.4
қимыл қарқынын динамика мен әуен қарқынымен үйлестіре отырып, екі қол мен аяқты әр түрлі жазықтықтағы қарама-қарсы жаққа қарай бір мезгілде айналдыру

4.2.1.4
твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау

0.2.1.5
баяу музыканың сүйемелдеу-мен еңкіш жазықтық (орындық, тақтай) бойымен қозғалу

1.2.1.5
гимнастикалық қабырға бойымен оңға-солға қарай қозғалғанда басындағы жеңіл (200 граммға дейін) затты ұстап тұру

2.2.1.5
басындағы жүкті ұстап тұруға берілген жаттығуды тепе-теңдікті қосымша тірексіз сақтауға берілген жаттығумен үйлестіру





3) «Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар»:


4-кесте



Оқыту мақсаттары

3.1. Ырғақты қабылдау

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.3.1.1
дыбыстың шығу көзін көрсету және дыбыстың шығу бағытына қарай қозғалу

1.3.1.1
табиғат дыбыстарын есту арқылы тану, «дыңыл», «тықыл», «сыбдыр», «сытыр», «ұлу» сөздерінің мағыналарын түсіну және ажырату

2.3.1.1
2\4;4\4 әуеніндегі марштық ырғақты, марштық қозғалысты тану, атау және сипаттау

3.3.1.1
вальстік ырғақты, вальстік қимылды тану, атау және сипаттау

4.3.1.1
Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың би қимылдары мен әуендерін тану:
қазақ халқының биі, орыс биі, гопак, клезмер, лезгинка, полька

0.3.1.2
естілген музыканың қарқыны мен көңіл күйін «қатты», «ақырын»,
«көңілді»,
«мұңды» түсініктерінің аясында анықтау

1.3.1.2
музыканың қарқынын: жылдам-ақырын-орташа; музыканың түрін: үзік-созық, ұзын сонар, әуенді екенін ажырату

2.3.1.2
музыканың көңіл күйін ажырату: көңілді-мұңды, салтанатты-сергек

3.3.1.2
музыкадағы екі үлесті және үш үлесті мөлшерлерді ажырату және салыстыру

4.3.1.2
ырғақ сызбаларын оқу және олардың әуенмен ара қытансын белгілеу.

3.2 Ырғақты шығару

Білім алушылар меңгереді:

0.3.2.1
ырғақты, қол мен аяқтың қимылын қолжетімді деңгейде үйлестіре отырып, 2\4, 4\4 музыкасының сүйемелдеуімен жүру

1.3.2.1
қимылды жылдам, ақырын және орташа қарқыныдағы музыкамен үйлестіру, белгі бойынша біреуінен басқасына көшу

2.3.2.1
екі үлесті мөлшердегі әуеннің күшті және әлсіз үлестерінің кезектесуін қимылмен бере білу

3.3.2.1
қарапайым ырғақты суреттеменің екпінін шапалақпен аяқты тыпырлатумен белгілеу

4.3.2.1
өзінің қимылын берілген ырғаққа бағындыру, қарапайым ырғақ сызбаларды құру

0.3.2.2
жануарлардың (түлкі, аю, қоян) қимыл ерекшеліктерін қолжетімді құралдардың көмегімен бере білу

1.3.2.2
би қадамдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: өкшеден алға, бір орында тұрып аяқтың ұшынан өкшеге, кең, жеңіл, серпінді, ауыспалы



2.3.2.2
би қимылдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: «Матрешка-лар», «Тәрелкелер», «Шамдар», «Аяқты тыпырлату»

3.3.2.2
3-4 би қимылдарынан тұратын тізбекті қарқынды, ырғақты және көңіл күйді сақтай отырып, табиғи және еркін түрде көше отырып орындау

4.3.2.2
қимылды орындағандағы жеке қиыншы-лықтарды (ыңғайсыздық, ебдейсіздік) айнадан қарау арқылы бақылап, байқау және жеңу

0.3.2.3
еңбектік, тұрмыстық әрекеттердің (шабу, аралау, балғамен жұмыс, кестелеу, баланы тербету) ерекшеліктерін қолжетімді құралдармен бере білу

1.3.2.3
алдын ала берілген нұсқау мен үлгі бойынша ырғақтық нысан құруға арналған, музыканың сүйемелдеуімен текшелермен моншақтармен өнімдік әрекеттерді орындау










4) «Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері»:


5-кесте



Оқыту мақсаттары

4.1 Психогимнастика элементтері

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.4.1.1
шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан қуаныш және мұңды сезімдерді анықтау

1.4.1.1
шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан таңқалу, ұялу сезімдерін анықтау

2.4.1.1
бұйрық бойынша, үлгі бойынша, елестету бойынша әуеннің түрі мен көңіл күйіне қарай бүкіл денені босаңсытуға арналған этюдтарды орындау

3.4.1.1
әрекетпен (оқиғамен) және одан кейінгі сезім, көңіл күйдің арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау

4.4.1.1
ұжымдық ойында жетекші болу, бұйрықтарды ойын ережесіне сай, нақты интонациямен бере білу, ойын ережелерін барлық ойыншылардың сақтауын қадағалау

0.4.1.2
қуаныш пен уайымның мимикалық қалпын көрсету

1.4.1.2
үлгі бойынша және шынайы қатынаста қуаныш пен уайымның, таңқалу мен ұялудың мимикалық қалпын кезектестіре көрсету

2.4.1.2
тыйым салу қалпын (мимикалық, ортақ) беруге арналған тапсырманы орындау

3.4.1.2
өзінің әрекетін және басқа білім алушылардың тапсырманы орындау сапасын адекватты бағалау, тапсырманы тұжырымдау, ескерту мен сынды адекватты қабылдау




0.4.1.3
эмбрион, көшірдің қалпын қабылдау, сонымен бірге бұл жағдайда кинестикалық бақылауды пайдалана отырып, босаңсуды сезіну

1.4.1.3
үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша біртіндеп босаңси отырып, еркін тербелу, ақырын қарқынмен айналуды, сілкілеуді орындау

2.4.1.3
үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша тыныс алуды бақылай, біртіндеп босаңси отырып, беттің, мойын мен қолдың үстіңгі жағын сипау

3.4.1.3
мұғалімнің бұйрығымен босаңсу;

4.4.1.3
аутотрениг элементтерін білу, релаксация формуласы бойынша босаңсу

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

Білім алушылар меңгереді:

0.4.2.1
ұзақ және жайымен тыныс алу (7 секудқа дейін), тыныс шығарғанда дауысты дыбыстарды (а-э-о-у-ы-и) созып айту, төменгі диафрагмалық тыныс алу тәсілін меңгеру

1.4.2.1
жұдырықты ырғақпен түю-жазу, саусақтарды жақындату, түйістіру және айқастыру; шынайы жағдайда және бейнесі бойынша оң қол мен сол қолды ажырату

2.4.2.1
саусақтарды атай отырып, сөйлеу тілдік сүйемелдеумен өздігінен 1-2 саусақтар гимнастикасын орындау

3.4.2.1
барлық логоырғақтық жаттығуларды орындаған кезде барлық қойылған дыбыстардың фонациясын және артикуляцияны дұрыс сақтау

4.4.2.1
тыныс алуды дұрыс бөле отырып, қатты және ақырын, жоғары және төмен дауысты, баяу және жылдам сөйлеу тілін үлгілеу

0.4.2.2
айнадан қарап бақылау арқылы, көзін жұмып отырып артикуляциялық аппарат мүшелерін атау және табу

1.4.2.2
еңкейе, қолын сермей, бұрыла отырып, еріннің, тілдің, тіл асты бұлшық еттің артикуляциялық тренингісін ырғақпен орындау:
«Әткеншек», «Сағат», «Аттар», «Сылақшы»

2.4.2.2
сөйлемнен логикалық акцент табу және сөз тіркесінің сыртқы әрекетін белгілей отырып, логикалық акценттен өте қажетті күш пен интонациямен, айту

3.4.2.2
екі күрделі (ямб, хорей) және үш күрделі (д актиль) ырғақты өлеңдерді ажырату, ортақ қимылдарды немесе шапалақты пайдалдана отырып, оларды шығару

4.4.2.2
ырғақ сызбаларды оқу және олардың мәтіндермен ара қатынасын белгілеу; ырғақ сызбаларды құру

36. Түзету ырғақтық әсер ету мақсаттарының осы жүйесі әрбір оқу жылында қайталанатын, міндетті түрде қосылатын сегіз ортақ тақырыптың ұзақ мерзімді жоспардағы бөлімдері мен тақырыптарын анықтауға мүмкіндік берді. Оқытудың әр жылында тақырыптар төрт тоқсан бойынша жұптық бірізділікпен бөлінеді. Түзету ырғақтық әсер ету мақсаттарының жүйесі әр сыныптағы оқу мазмұнының аясын анықтайды.


37. Ұзақ мерзімді жоспар:
1) 0-сынып:
6-кесте



Ортақ тақырыптар

Бөлімдер

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Өзім туралы

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

0.1.1.1 сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сыныпқа кіру; жүрген кезде мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

0.1.2.1 бір-бірден сап түзу, қатарда тұрғанда мүсінді бақылау

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

0.2.1.1 белгі бойынша өз қимылын тежеу



Менің мектебім

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

0.3.1.1 дыбыстың шығу көзін көрсету және дыбыстың шығу бағытына қарай қозғалу

3.2 Ырғақты шығару

0.3.2.1 ырғақты, қол мен аяқтың қимылын қолжетімді деңгейде үйлестіре отырып, 2\4, 4\4 музыкасының сүйемелдеуімен жүру

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

0.4.1.1 шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан қуаныш және мұңды сезімдерді анықтау;

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

0.4.2.1 ұзақ және жайымен тыныс алу (7 сек дейін), тыныс шығарғанда дауысты дыбыстарды (а-э-о-у-ы-и) созып айту, төменгі диафрагмалық тыныс алу тәсілін меңгеру

2-тоқсан

Менің отбасым және достарым

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

0.1.1.2 музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сапта бір-бірден, жұптасып жүру және жүгіру, жүрген кезде беліне қойылған қолдың көмегімен тепе-теңдігін сақтау

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

0.1.2.1 бір-бірден сап түзу, қатарда тұрғанда мүсінді бақылау

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

0.2.1.2 музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; еліктеу бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

Бізді қоршаған әлем

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

0.3.1.1 дыбыстың шығу көзін көрсету және дыбыстың шығу бағытына қарай қозғалу

3.2 Ырғақты шығару

0.3.2.2 жануарлардың (түлкі, аю, қоян) қимыл ерекшеліктерін қолжетімді құралдардың көмегімен бере білу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

0.4.1.2 қуаныш пен уайымның мимикалық қалпын көрсету

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

0.4.2.1 ұзақ және жайымен тыныс алу (7 секундке дейін), тыныс шығарғанда дауысты дыбыстарды (а-э-о-у-ы-и) созып айту, төменгі диафрагмалық тыныс алу тәсілін меңгеру

3-тоқсан

Саяхат

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

0.1.1.3 кеңістікте бағдарлау, алға, артқа, жоғары, төмен бағыттарын көрсету; өзінің сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

0.1.2.2 мұғалімнің қатысуымен шеңбер құрап жүру, қозғалу



Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

0.2.1.3 қарапайым қимылды еліктеу және үлгі бойынша затпен орындау
0.2.1.4 мойын мен денені қарама-қарсы жаққа бұруды орындау

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

0.3.1.2 естілген музыканың қарқыны мен көңіл күйін «қатты», «ақырын»,
«көңілді», «мұңды» түсініктерінің аясында анықтау

3.2 Ырғақты шығару

0.3.2.3 еңбектік, тұрмыстық әрекеттердің (шабу, аралау, балғамен жұмыс, кестелеу, баланы тербету) ерекшеліктерін қолжетімді құралдармен бере білу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

0.4.1.3 эмбрион, көшірдің қалпын қабылдау, сонымен бірге бұл жағдайда кинестикалық бақылауды пайдалана отырып, босаңсуды сезіну

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

0.4.2.2 айнадан қарап бақылау арқылы, көзін жұмып отырып артикуляциялық аппарат мүшелерін атау және табу

4-тоқсан

Тағам және сусын

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

0.1.1.3 кеңістікте бағдарлау, алға, артқа, жоғары, төмен бағыттарын көрсету; өзінің сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

0.1.2.2 мұғалімнің қатысуымен шеңбер құрап жүру, қозғалу

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

0.2.1.4 мойын мен денені қарама-қарсы жаққа бұруды орындау
0.2.1.5 баяу музыканың сүйемелдеуімен еңкіш жазықтық (орындық, тақтай) бойымен қозғалу

Дені саудың - жаны сау

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

0. 3.1.2 естілген музыканың қарқыны мен көңіл күйін «қатты», «ақырын»,
«көңілді», «мұңды» түсініктерінің аясында анықтау

3.2 Ырғақты шығару

0.3.2.3 еңбектік, тұрмыстық әрекеттердің (шабу, аралау, балғамен жұмыс, кестелеу, баланы тербету) ерекшеліктерін қолжетімді құралдармен бере білу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

0.4.1.3 эмбрион, көшірдің қалпын қабылдау, сонымен бірге бұл жағдайда кинестикалық бақылауды пайдалана отырып, босаңсуды сезіну

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

0.4.2.2 айнадан қарап бақылау арқылы, көзін жұмып отырып артикуляциялық аппарат мүшелерін атау және табу

2) 1-сынып:


7-кесте



Ортақ тақырыптар

Бөлімдер

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Өзім туралы

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.1.1.1 сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүйемелдеуімен сыныпқа кіру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

1.1.2.1 бір-бірден сап түзу, шахматтық тәртіпте қайтадан сап түзу, жұптағы өз орнын табу

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

1.2.1.1 музыкалық шығарманың немесе аузекі мәтіннің басталуын, аяқталуын қабылдау және ерекшелеу

Менің мектебім

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

1.3.1.1 табиғат дыбыстарын есту арқылы тану, «дыңыл», «тықыл», «сыбдыр», «сытыр», «ұлу» сөздерінің мағыналарын түсіну және ажырату

3.2 Ырғақты шығару

1.3.2.1 қимылды жылдам, ақырын және орташа қарқыныдағы музыкамен үйлестіру, белгі бойынша біреуінен басқасына көшу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

1.4.1.1 шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан таңқалу, ұялу сезімдерін анықтау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

1.4.2.1 жұдырықты ырғақпен түю-жазу, саусақтарды жақындату, түйістіру және айқастыру; шынайы жағдайда және бейнесі бойынша оң қол мен сол қолды ажырату

2-тоқсан

Менің отбасым және достарым

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.1.1.2 сол аяқтан адымдау; сапта бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен тепе-теңдігін, арақашықтықты сақтай жүру және жүгіру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

1.1.2.1 бір-бірден сап түзу, шахматтық тәртіпте қайтадан сап түзу, жұптағы өз орнын табу

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

1.2.1.2 музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; үлгі және сөздік нұсқау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

Бізді қоршаған әлем

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

1.3.1.1 табиғат дыбыстарын есту арқылы тану, «дыңыл», «тықыл», «сыбдыр», «сытыр», «ұлу» сөздерінің мағыналарын түсіну және ажырату

3.2 Ырғақты шығару

1.3.2.2 би қадамдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: өкшеден алға, бір орында тұрып аяқтың ұшынан өкшеге, кең, жеңіл, серпінді, ауыспалы

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

1.4.1.2 үлгі бойынша және шынайы қатынаста қуаныш пен уайымның, таңқалу мен ұялудың мимикалық қалпын кезектестіре көрсету

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

1.4.2.1 жұдырықты ырғақпен түю-жазу, саусақтарды жақындату, түйістіру және айқастыру; шынайы жағдайда және бейнесі бойынша оң қол мен сол қолды ажырату

3-тоқсан

Саяхат

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.1.1.3 кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, негізгі бағыттарды көрсете білу; басқалардың, бейне бойынша сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

1.1.2.2 шеңбер құрып, айнала жүрген кезде шеңберді кеңейту және тарылту

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

1.2.1.3 қарапайым қимылды үлгі және сөздік нұсқау бойынша затпен орындау
1.2.1.4 бір орында тұрып твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

1.3.1.2 музыканың қарқынын: жылдам-ақырын-орташа; музыканың түрін: үзік-созық, ұзын сонар, әуенді екенін ажырату

3.2 Ырғақты шығару

1.3.2.3 алдын ала берілген нұсқау мен үлгі бойынша ырғақтық нысан құруға арналған, музыканың сүйемелдеуімен текшелермен моншақтармен өнімдік әрекеттерді орындау

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

1.4.1.3 үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша біртіндеп босаңси отырып, еркін тербелу, ақырын қарқынмен айналуды, сілкілеуді орындау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

1.4.2.2 еңкейе, қолын сермей, бұрыла отырып, еріннің, тілдің, тіл асты бұлшық еттің артикуляциялық тренингісін ырғақпен орындау:«Әткеншек», «Сағат», «Аттар», «Сылақшы»

4-тоқсан

Тағам және сусын

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.1.1.3 кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, негізгі бағыттарды көрсете білу; басқалардың, бейне бойынша сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

1.1.2.2 шеңбер құрып, айнала жүрген кезде шеңберді кеңейту және тарылту

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

1.2.1.5 гимнастикалық қабырға бойымен оңға-солға қарай қозғалғанда басындағы жеңіл (200 грамға дейін) затты ұстап тұру

Дені саудың - жаны сау

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

1.3.1.2 музыканың қарқынын: жылдам-ақырын-орташа; музыканың түрін: үзік-созық, ұзын сонар, әуенді екенін ажырату

3.2 Ырғақты шығару

1.3.2.3 алдын ала берілген нұсқау мен үлгі бойынша ырғақтық нысан құруға арналған, музыканың сүйемелдеуімен текшелермен моншақтармен өнімдік әрекеттерді орындау

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

1.4.1.3 үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша біртіндеп босаңси отырып, еркін тербелу, ақырын қарқынмен айналуды, сілкілеуді орындау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

1.4.2.2 еңкейе, қолын сермей, бұрыла отырып, еріннің, тілдің, тіл асты бұлшық еттің артикуляциялық тренингісін ырғақпен орындау: «Әткеншек», «Сағат», «Аттар», «Сылақшы»

3) 2-сынып:


8-кесте



Ортақ тақырыптар

Бөлімдер

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Өзім туралы

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру



2.1.1.1 сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2.1.2.1 бойға қарай сап түзу, сыртқы нысаналарды (сызықты, арқанды, таяқты, шеңберді) пайдалана отырып, шеңбер құру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.2.1.1 музыканың үзіндісін немесе тіркесін қозғалыспен (сермеу, жұлқыну, ұмтылу, бұрылу, еңкею) беру

Менің отбасым және достарым

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

2.3.1.1 2\4;4\4 әуеніндегі марштық ырғақты, марштық қозғалысты тану, атау және сипаттау

3.2 Ырғақты шығару

2.3.2.1 екі үлесті мөлшердегі әуеннің күшті және әлсіз үлестерінің кезектесуін қимылмен бере білу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

2.4.1.1 бұйрық бойынша, үлгі бойынша, елестету бойынша әуеннің түрі мен көңіл күйіне қарай бүкіл денені босаңсытуға арналған этюдтарды орындау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

2.4.2.1 саусақтарды атай отырып, сөйлеу тілдік сүйемелдеумен өздігінен 1-2 саусақтар гимнастикасын орындау

2-тоқсан

Менің мектебім

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

2.1.1.2 жүрісті жүрелей отырумен кезектестіру; аяқтың ұшымен жүру (2\4, 4\4 музыканың сүймелдеуімен); тактінің күшті бөлігін ерекшелеу

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2.1.2.1 бойға қарай сап түзу, сыртқы нысаналарды (сызықты, арқанды, таяқты, шеңберді) пайдалана отырып, шеңбер құру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.2.1.2 етістіктерді пайдалана отырып, өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; айнаға қарап, өзін-өзі бақылау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

Менің туған өлкем

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

2.3.1.1
2\4;4\4 әуеніндегі марштық ырғақты, марштық қозғалысты тану, атау және сипаттау

3.2 Ырғақты шығару

2.3.2.1 екі үлесті мөлшердегі әуеннің күшті және әлсіз үлестерінің кезектесуін қимылмен бере білу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

2.4.1.2 тыйым салу қалпын (мимикалық, ортақ) беруге арналған тапсырманы орындау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

2.4.2.1 саусақтарды атай отырып, сөйлеу тілдік сүйемелдеумен өздігінен 1-2 саусақтар гимнастикасын орындау

3-тоқсан

Дені саудың - жаны сау

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

2.1.1.3 кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, нысандардың орналасу орнын алда-артта, жоғары-төмен, оң жақта-сол жақта атау; тепе-теңдікті сақтау

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2.1.2.1 бойға қарай сап түзу, сыртқы нысаналарды (сызықты, арқанды, таяқты, шеңберді) пайдалана отырып, шеңбер құру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар



2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.2.1.3 лента мен шеңберді айналдыру, затты әуеннің күшті 2\4 бөлігінде лақтыру және қағып алу

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

2.3.1.2 музыканың көңіл күйін ажырату: көңілді-мұңды, салтанатты-сергек

3.2 Ырғақты шығару

2.3.2.2 би қимылдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: «Матрешкалар», «Тәрелкелер», «Шамдар», «Аяқты тыпырлату»

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

2.4.1.3 үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша тыныс алуды бақылай, біртіндеп босаңси отырып, беттің, мойын мен қолдың үстіңгі жағын сипау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

2.4.2.2 сөйлемнен логикалық акцент табу және сөз тіркесінің сыртқы әрекетін белгілей отырып, логикалық акценттен өте қажетті күш пен интонациямен, айту

4-тоқсан

Қоршаған орта

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

2.1.1.3 кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, нысандардың орналасу орнын алда-артта, жоғары-төмен, оң жақта-сол жақта атау; тепе-теңдікті сақтау

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2.1.2.2 қозғалыс кезінде бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.2.1.4 жүріс кезінде және заттарды бір-біріне беру кезде денені әр түрлі жаққа бұрумен бір мезгілде басты бұру және айналдыру қимылдарды орындау
2.2.1.5 басындағы жүкті ұстап тұруға берілген жаттығуды тепе-теңдікті қосымша тірексіз сақтауға берілген жаттығумен үйлестіру

Саяхат

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

2.3.1.2 музыканың көңіл күйін ажырату: көңілді-мұңды, салтанатты-сергек

3.2 Ырғақты шығару

2.3.2.2 би қимылдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: «Матрешкалар», «Тәрелкелер», «Шамдар», «Аяқты тыпырлату»

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

2.4.1.3 үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша тыныс алуды бақылай, біртіндеп босаңси отырып, беттің, мойын мен қолдың үстіңгі жағын сипау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

2.4.2.2 сөйлемнен логикалық акцент табу және сөз тіркесінің сыртқы әрекетін белгілей отырып, логикалық акценттен өте қажетті күш пен интонациямен, айту

4) 3-сынып:


9-кесте



Ортақ тақырыптар

Бөлімдер

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Тірі табиғат

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

3.1.1.1 сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

3.1.2.1 бір-бірден сап түзу, бой бойынша сап түзу, көру немесе есту белгілері бойынша шеңбер құрап тұру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар



2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3.2.1.1 допты жанындағы көршісіне берумен бір мезгілде ұмтылысты орындау, затты қолына ұстап тұрып, тепе-теңдігін сақтау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

3.3.1.1 вальстік ырғақты, вальстік қимылды тану, атау және сипаттау

3.2 Ырғақты шығару

3.3.2.1 қарапайым ырғақты суреттеменің екпінін шапалақпен аяқты тыпырлатумен белгілеу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

3.4.1.1 әрекетпен (оқиғамен) және одан кейінгі сезім, көңіл күйдің арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

3.4.2.1 барлық логоырғақтық жаттығуларды орындаған кезде барлық қойылған дыбыстардың фонациясын және артикуляцияны дұрыс сақтау

2-тоқсан

Уақыт

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

3.1.1.2 саптағы қозғалыс кезінде бұйрық бойынша қайтадан сап түзу, мұғалімнің бұйрығымен шеңберді кеңейту және тарылту

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

3.1.2.1 бір-бірден сап түзу, бой бойынша сап түзу, көру немесе есту белгілері бойынша шеңбер құрап тұру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар



2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3.2.1.2 өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; көзін жұмып, тыныс алуын бөле отырып, қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру

Сәулет

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

3.3.1.1 вальстік ырғақты, вальстік қимылды тану, атау және сипаттау

3.2 Ырғақты шығару

3.3.2.1 қарапайым ырғақты суреттеменің екпінін шапалақпен аяқты тыпырлатумен белгілеу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

3.4.1.2 өзінің әрекетін және басқа білім алушылардың тапсырманы орындау сапасын адекватты бағалау, тапсырманы тұжырымдау, ескерту мен сынды адекватты қабылдау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

3.4.2.1 барлық логоырғақтық жаттығуларды орындаған кезде барлық қойылған дыбыстардың фонациясын және артикуляцияны дұрыс сақтау

3-тоқсан

Өнер

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

3.1.1.3 бағдарлау және бағыттарды атау, етістіктерді (еңбектеді, жүгірді, жүрді), үстеу сөздерді (алға, артқа, жоғары, төмен, солға, оңға, жанына, тура, көлденеңінен) пайдаланып қимыл траекториясы туралы есеп беру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

3.1.2.2 қозғалыс кезінде, мүсінді сақтай отырып, бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3.2.1.3 ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы алға және жоғары лақтыру

Атақты тұлғалар

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

3.3.1.2 музыкадағы екі үлесті және үш үлесті мөлшерлерді ажырату және салыстыру

3.2 Ырғақты шығару

3.3.2.2
3-4 би қимылдарынан тұратын тізбекті қарқынды, ырғақты және көңіл күйді сақтай отырып, табиғи және еркін түрде көше отырып орындау

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

3.4.1.3 мұғалімнің бұйрығымен босаңсу

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

3.4.2.2 екі күрделі (ямб, хорей) және үш күрделі (д актиль) ырғақты өлеңдерді ажырату, ортақ қимылдарды немесе шапалақты пайдалдана отырып, оларды шығару

4-тоқсан

Су – тіршілік көзі

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

3.1.1.3 бағдарлау және бағыттарды атау, етістіктерді (еңбектеді, жүгірді, жүрді), үстеу сөздерді (алға, артқа, жоғары, төмен, солға, оңға, жанына, тура, көлденеңінен) пайдаланып қимыл траекториясы туралы есеп беру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

3.1.2.2 қозғалыс кезінде, мүсінді сақтай отырып, бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3.2.1.4 қимыл қарқынын динамика мен әуен қарқынымен үйлестіре отырып, екі қол мен аяқты әр түрлі жазықтықтағы қарама-қарсы жаққа қарай бір мезгілде айналдыру

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

3.3.1.2 музыкадағы екі үлесті және үш үлесті мөлшерлерді ажырату және салыстыру

3.2 Ырғақты шығару

3.3.2.2
3-4 би қимылдарынан тұратын тізбекті қарқынды, ырғақты және көңіл күйді сақтай отырып, табиғи және еркін түрде көше отырып орындау

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

3.4.1.3 мұғалімнің бұйрығымен босаңсу



4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

3.4.2.2 екі күрделі (ямб, хорей) және үш күрделі (д актиль) ырғақты өлеңдерді ажырату, ортақ қимылдарды немесе шапалақты пайдалдана отырып, оларды шығару

5) 4-сынып:


10-кесте



Ортақ тақырыптар

Бөлімдер

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Менің Отаным – Қазақстан

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

4.1.1.1 мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау, саптағы қозғалыс туралы сөздік есеп беру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

4.1.2.1 сап, қатар, шеңбер құрап, шахматты тәртіпте тұружәне атау, оларды атауы бойынша ажырату

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

4.2.1.1 4-5 ортақ қимылдардан тұратын тізбекті қабылдау, есте сақтау және орындау



Адами құндылықтар



Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

4.3.1.1 Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың би қимылдары мен әуендерін тану:
қазақ халқының биі, орыс биі, гопак, клезмер, лезгинка, полька

3.2 Ырғақты шығару

4.3.2.1 өзінің қимылын берілген ырғаққа бағындыру, қарапайым ырғақ сызбаларды құру

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.4.1.1 ұжымдық ойында жетекші болу, бұйрықтарды ойын ережесіне сай, нақты интонациямен бере білу, ойын ережелерін барлық ойыншылардың сақтауын қадағалау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

4.4.2.1 тыныс алуды дұрыс бөле отырып, қатты және ақырын, жоғары және төмен дауысты, баяу және жылдам сөйлеу тілін үлгілеу

2-тоқсан

Мәдени мұра

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

4.1.1.2 музыкалық шығарманың түріне, көлеміне және құрылысына сәйкес жүрістің қажетті қарқыны мен түрін өздігінен таңдау

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

4.1.2.1 сап, қатар, шеңбер құрап, шахматты тәртіпте тұружәне атау, оларды атауы бойынша ажырату

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар



2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

4.2.1.2 қимылды әуеннің түрі мен көңіл күйінің ауысуына сәйкес өздігінен жайлыны үздік-создық қимылға, содан кейін керісінше ауыстыру

Мамандықтар әлемі

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

4.3.1.1 Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың би қимылдары мен әуендерін тану:
қазақ халқының биі, орыс биі, гопак, клезмер, лезгинка, полька

3.2 Ырғақты шығару

4.3.2.1 өзінің қимылын берілген ырғаққа бағындыру, қарапайым ырғақ сызбаларды құру

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.4.1.1 ұжымдық ойында жетекші болу, бұйрықтарды ойын ережесіне сай, нақты интонациямен бере білу, ойын ережелерін барлық ойыншылардың сақтауын қадағалау

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

4.4.2.1 тыныс алуды дұрыс бөле отырып, қатты және ақырын, жоғары және төмен дауысты, баяу және жылдам сөйлеу тілін үлгілеу

3-тоқсан

Табиғат құбылыстар

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

4.1.1.3 қиымылдың алдағы траекториясын анықтау және жүзеге асыру арқылы бағытта бағдарлау және атау: алға-артқа, жоғары-төмен, оң жаққа-сол жаққа, тура-көлденең

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

4.1.2.2 қозғалысты тоқтатпай, бір-бірімен соқтығыспай, мүсін мен тепе-теңдікті сақтай саптан шашырау, содан кейін шеңбер құру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

4.2.1.3 ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен алға, жоғары және нысанға лақтыру және ұстап алу

Қоршаған ортаны қорғау

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

4.3.1.2 ырғақ сызбаларын оқу және олардың әуенмен ара қатынасын белгілеу

3.2 Ырғақты шығару

4.3.2.2 қимылды орындағандағы жеке қиыншылықтарды (ыңғайсыздық, ебдейсіздік) айнадан қарау арқылы бақылап, байқау және жеңу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.4.1.3 аутотрениг элементтерін білу, релаксация формуласы бойынша босаңсу

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

4.4.2.2 ырғақ сызбаларды оқу және олардың мәтіндермен ара қатынасын белгілеу; ырғақ сызбаларды құру

4-тоқсан

Ғарышқа саяхат

Залдағы кеңістікте бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

4.1.1.3 қиымылдың алдағы траекториясын анықтау және жүзеге асыру арқылы бағытта бағдарлау және атау: алға-артқа, жоғары-төмен, оң жаққа-сол жаққа, тура-көлденең

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

4.1.2.2 қозғалысты тоқтатпай, бір-бірімен соқтығыспай, мүсін мен тепе-теңдікті сақтай саптан шашырау, содан кейін шеңбер құру

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

4.2.1.4 твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау

Болашаққа саяхат

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Ырғақты қабылдау

4.3.1.1 ырғақ сызбаларын оқу және олардың әуенмен ара қатынасын белгілеу

3.2 Ырғақты шығару

4.3.2.2 қимылды орындағандағы жеке қиыншылықтарды (ыңғайсыздық, ебдейсіздік) айнадан қарау арқылы бақылап, байқау және жеңу

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.4.1.3 аутотрениг элементтерін білу, релаксация формуласы бойынша босаңсу

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

4.4.2.2 ырғақ сызбаларды оқу және олардың мәтіндермен ара қатынасын белгілеу; ырғақ сызбаларды құру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет