Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік. Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі. Психология салалары. Психология әдістері



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі19,38 Kb.
#117204
  1   2   3
Байланысты:
психология практика1, Рахымбердиева Куралай


Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік.Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі.Психология салалары. Психология әдістері.
Жалпы психология – адамның қалыпты психикалық процестері мен тұлғалық қасиетін зерделеумен айналысатын ғылым. Психика дамуының жалпы заңдылықтарын оқып-үйренудің теоретикалық мәселелерінен басқа, жалпы психологияның міндеті адам қызметінің әртүрлі түрлерін және олардың жоғары психологиялық қызметтермен байланысын зерделеу болып табылады. Психологиялық ғылымның бірқатар салалары бар: педагогикалық психология, әлеуметтік психология, заң психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология және т.б.
Психология- психикалық құбылыстардың пайда болуын, олардың дамуын және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар дегеніміз – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері.
Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Психологтың мүмкіндіктері — клиенттің өтініші бойынша мәселелердің іс жүзінде шешуге психолог-кеңесшінің қабілетті не қабілетсіздік мүмкіндіктерінің тізімі.
Әрбір медицина қызметкері медициналық психологияны толық меңгеруі тиіс. Медициналық психология дегеніміз – ауру адам мен дәрігердің тұлғасы, олардың клиникада немесе аурудың үйінде кездескен жағдайда қарым-қатынасының дамуы.
Медициналық психология:

  • Аурудың алдын алу және денсаулығын нығайтудағы психика ролі;

  • Әртүрлі аурулардың пайда болу және ағымында психикалық процестердің ролі мен орны;

  • Ауруды емдеу процесінде, оның ішінде түрлі дәрі-дәрмектерге реакциясы кезінде психикасының жай-күйі;

  • Түрлі ауырулар кезінде пайда болатын психикалық бұзылулар және оның бетін қайтару әдістерін зерделейді.

Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:

  • кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);

  • еңбектің қауіпсізідігіне, сенімділігіне адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;

  • адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );

  • еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоциялық қысым, стресс және тб);

  • адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;

  • жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау).

Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.
Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында балалардың болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы.
«Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет