Диктант жұмысын ұйымдастырып жүргізудің өзіндік талаптары бар:
диктанттың жүйелі түрде түрлендіріліп жүргізулуі;
диктанттағы мәтін, анықтама, ережелердің саналы игерілуі;
жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы.
Қазақ тілінен ұйымдастырылатын басқа да жазба жұмыстары сияқты диктант жаздырудың да өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: мұғалімнің диктант алуға даярлығы, диктант жүргізуге оқушыларды дайындау және жүргізу болып табылады.
Мұғалімнің диктант жүргізуі ең алғаш мәтін таңдаудан басталады. Диктантқа мәтін дайындауға мынадай талаптар қойылады:
Диктант мәтінінің мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті,тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы;
Диктанттың әр түрлі жанрлардағы шығармалар, үзінділер, арнаулымәтіндер болуы;
Диктант мәтінінің құрамындағы сөздердің бәрі оқушыға түсініктіболуы керек. Егер түсініксіз және өте сирек қолданылатын емлесі қиын сөз кездессе, ол түсіндіріліп, көрсетіледі;
Диктант мәтінінің емле қиындығы орташа дәрежеде болып,бағдарламаға сай сұрыпталынады;
Диктант мәтініне әрбір өтілген ережеге байланысты кемдегенде 2-3 орфографиялық және тыныс белгілерінің нысандары т.б. болуға тиіс.
Мұғалімнің келесі бағыттағы жұмысы – диктантты тексеру. Диктант жұмысының қай түрі болса да тексеріледі. Әсіресе, бақылау жұмысын тексеріп, оқушылардың жіберген қателерді сұрыптайды. Олардың жіберу себептерін анықтайды. Соңынан қатемен жұмысты жүргізу мен оны болдырмаудың әдіс-тәсілдерін ойластырады.
Мұғалімнің оқушыларды диктант жазуға даярлауы сол сабақ үстінде немесе үй тапсырмасына байланысты жүргізіледі. [25].
Достарыңызбен бөлісу: |