Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет27/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Көру диктанты


Бұл диктант өтіліп, үйретіліп отырылған тақырыпқа байланысты нысан материалдарды сынып оқушыларына көрсетіліп түсіндіруден басталады. Мұнда оқушы ережелерді игергеннен соң, соған байланысты мәтінді көріп, оқып, бақылау арқылы есте сақтай отырып жаздырылады.

Диктант оқушылардың көру, есте сақтау, тану қабілетін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын байырғы сөздер, термин сөздер, сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе бұрыннан үлкен қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадына сақтауына 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін тақтаға жазылған мәтінді мұғалім жауып қояды. Оқушылар көрген, оқыған мәтінін есіне түсіріп дәптерге жатқа жазады. Мұндай материалдардың құрамына жазылуы қиын сөздерге қоса назар аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім оларға назар аударуды талап етеді. Бұл үдерісті компьютермен орындаттыруға болады.

Көру диктантын алғаш жаздырған кезде оқушылар сол сөздерге, сөйлем мен нысанға назар аударып, көңіл бөлу арқылы есте сақтауға дағдыланады. [22].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет