65
Х-ХІ ғ. марка-қауым ыдырап, ақсүйектер мен діни жер ие-
ленушілер өз қолдарына көп жер үлестерін ала бастады.
Селолық қауымда ірі жер иеліктері бар
орта
және
ірі аллодтар
сақталып, олардың жері ішінара басы бос емес адамдардың кө-
мегімен өңделді. Бірақ бұл аллодтар толық мәнді меншік ие-
леріне айналмаған еді. Оларда тәуелді шаруалар еңбегін пайда-
лануда шаруашылықтың негізгі түріне айналған жоқ. Көптеген
аймақтарда тайпалық дәуірден қалған көне
соттық
және
әскери
ұйымдар сақталып, сатылы жүйе ақырына дейін қалыптасып
болмаған еді.
Елдің мемлекетке баяу айналуын Х ғ.басында тайпалық
герцогтықтардың сақталуынан да көруге болады. Ірі жер
иеленушілерге айнала бастаған герцогтар
өз билігін нығайту
мақсатында тайпалық көсемдер билігін пайдаланды. Мұның өзі
Германияның тарихи дамуына кедергі болған
тайпалық быты-
раңқылықты
сақтауға итермеледі. Дегенмен Германиядағы ірі
жер иеліктерінің санының өсуіне король иеліктеріндегі жер-
лердің ұрлануы үлкен рөл атқарды. Себебі соңғы Каролингтер
әулетінің ұрпақтары өз жерлерін сақтап қалуға дәрменсіз болды.
Герман феодалдарының
шығыста славян
және
венгрлерге
,
Италияның оңтүстігіне
шапқыншылық соғыстарының жүргізуі
герман
қоғамында
рыцарьлықтың
дамуын
жеделдетті.
Рыцарьларға
- ақсүйектердің
жас өкілдері, ұсақ дворяндар, ат
пен қару-жарақ сатып алуға жағдайлары бар ерікті шаруалар
алынды. Рыцарьлардың құрамына сарай,
еріксіз қызметшілері
де алынып, олар өздерінің қожайындарының қару-жарақтарын
тасыды, оларды күтті.
Герцогтар бытыраңқылықтың негізгі себепкерлері болып,.
корольдік үкіметтің әлсіреуіне ынталы ықпал етті. Олар Х ғ.
басында Каролингтер әулетінің билігінің әлсіреуіне қол жет-
кізді. Алайда
Х ғ.ортасында қайтадан король үкіметінің билігі күшейді.
Оған
себеп болған,
біріншіден
жергілікті герцогтардың бірі ко-
роль болып, герцогтық жер иелігі мемлекеттегі корольдік би-
лікті жеңіп алудың алғы шарты болды.
Екіншіден,
корольдік үкі-
меттің күшеюіне герман феодалдарының Х-ХІІІ ғғ.жүргізілген
шапқыншылық соғыстары себептігін тигізді. Соғыс феодалдар-
66
дың өзара бірігуін қажетсінді.
Өйткені ,король оларға әскерді
басқаратын
қолбасшы
ретінде қажет еді.
Үшіншіден,
рыцарь-
лықтың саяси маңызын ескеруіміз керек. Рыцарьлық қауымның
саны мен бірлігі күшейді. Сондықтан король үкіметі ірі фео-
далдарға қарсы осы рыцарьларға арқа сүйеуіне мүмкіндік туды.
Сонымен бірге шаруалардың көтерілісін басып-жаншу үшін де
король үкіметі феодалдарға қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: