70
ІҮ ғ. Солтүстік Африкада
донатистер
(епископ Донаттың
жақтастары) қозғалысы болды. Олар
шіркеуді пенделік
жаманшылықтан тазартуды
, күнәсі барларды қайта шоқын-
дыруды ұсынды. Мемлекеттің шіркеу ісіне араласуына қарсы
шықты. Донатистерді әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері қолдады.
ІҮ ғ. ортасында донатистерден
агонистік
(күресушілер) ағым бө-
лініп шықты. Олар бұл әлемді дұрыс емес деп қабылдап, одан
тақуалық арқылы кетуді ойлады немесе католиктік дін басы-
ларын және салық жинаушыларды қуу қажеттігін айтып, кө-
терілістерге шықты.
Ү ғ. Солтүстік-батыс Галлияны қамтыған
багаудтар
(кельттің
бага
– күрес деген сөзінен алынған ) көтерілісі болды.
Бұл көтеріліс Солтүстік-Шығыс Испанияға таралды. Көтеріліс-
шілер мемлекетке де, латифундистерге де қарсы шықты. Оның
құрамында ұсақ жер иелері, жерді жалға алушылар, құлдар бол-
ды. Сонымен, доминат дәуіріндегі ілімдер мен халық көтері-
лістері римдік қоғамның негізінің шайқалуына өз үлестерін
қосты.
Достарыңызбен бөлісу: