Раманкулов шерзод жумадуллаевич



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата08.11.2019
өлшемі4,39 Mb.
#51398
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Diss Ramankulov
сор дем, сор дем, соч 10, 8 класс, 2760 test kaz fizika

 
  
 
 
Сурет 43 - Эксперимент құрылғысы 
 
Ескерту:  құрылғыны  сәйкестендіру  сәл  қараңғыланған  бөлмеде  болуы 
керек. 
Эксперимент құрылғысы 43-ші суретте кӛрсетілген. Фокус қашықтығы  f
+5  mm  L1  сфералық  линза  поляризацияланған  лазер  сәулесінің  таралуын 
қамтамасыз  етеді.  Келесі  фокус  қашықтығы  f=  +50  mm  L2  жинағыш  линза 
сфералық линзадан тӛмен фокусталатындай етіп орналастырылады. 
Лазер сәулесі сәл ғана таралады және оптикалық остің бойымен параллель 
ӛтеді. Қозғалмалы Н саңылаудан кейін қойылатын фокус қашықтығы  = +500 
mm  L3  жинағыш  линза  CCD  видеотіркеуіштің  матрицаларында  дифракция 
моделінің дәл  кескінін қамтамасыз етеді. Лазер сәулесінің интенсивтілігі лазер 
мен  L1  линзасы  арасында  орналасқан  P  поляризациялану  фильтрі  кӛмегімен 
реттеледі. 
Ескерту:  когерент  лазер  сәулесі  бірнеше  линзалардан  және  CCD 
матрицаның  қорғаныс  қабатынан  ӛтіп,  CCD  матрицаның  жарыққа  сезімтал 
қабатына  соқтығысқанша,  әрбір  жеке  объектілерден  ӛтуі  мүмкін.  Сондықтан 
интерференция  құрылымын  дифракцияланбаған  лазер  сәулесінен  де  кӛруге 
болады. 
Оптикалық құрылғы 

 
125 
–  Оптикалық  сырғығышты  қолдана  отырып,  He-Ne  лазерін  оптикалық 
тақтайшаға 3-ші суретте кӛрсетілгендей етіп беітіңіз. 
– Видеотіркеуішті  оптикалық  тақтайшаның  қарсы  жағындағы  шетіне 
штатив 
білтесін 
және 
оптикалық 
сырғығышты 
қолдана 
отырып 
орналастырыңыз. 
– Лазерді  қосыңыз  және  лазер  мен  видеотіркеуішті  оптикалық  оське  түзу 
болатындай  етіп  дұрыстаңыз.  Басқа  компоненттерді  ретке  келтіргенде 
оптикалық осьтің орнын ескеріңіз. 
– Фокус  қашықтығы  f=  +5  mm  L1  сфералық  линзаны  лазерден  20  см 
қашықтықта орналастырыңыз (лазер сәулесі видеотіркеуіштің терезесін жауып 
тұруы керек). 
– Фокус  қашықтығы    f=  +50  mm  L2    жинағыш  линзаны  L1  сфералық 
линзадан  кейін  шамамен  6  cm  қашықтыққа  орналастырыңыз  және  оны 
оптикалық  тақтайшаның  бойымен  L1  сфералық  линзаға  қарай  CCD  видео 
тіркеуіштің матрицасында лазер сәулесінің кескіні анық болғанша сырғытыңыз. 
– L2  жинағыш  линзаны  L1  сфералық  линзаға  қарай  экрандағы  лазер 
сәулесінің диаметрі 6 мм-ге жеткенше жылжытыңыз (лазер сәулесінің тұрақты 
дӛңгелек қимасы болуы керек). 
– Сәуле диаметрі тұрақты болып тұратынын тексеру үшін линза мен экран 
арасына,  сәуле  траекториясына  қағаз  бетін  қойыңыз  және  оптикалық  ось 
бойындағы кӛлденең қиманы бақылаңыз. 
– Фокус  қашықтығы  f  =  +500  mm  L3  жинағыш  линзаны  сәуленің  жолына 
видеотіркеуіштен  50  cm  қашықтықта  орналастырыңыз  және  оны  матрицадағы 
кескіні анық болатындай етіп орнатыңыз. 
– Реттелетін  Н  саңылауды  сәуленің  жолына  L2  және  L3  линзалардың 
арасына орналастырыңыз содан кейін, саңылауды кішкене ашыңыз 
– Видеотіркеуіш  тек  сызық  бойындағы  жарық  интенсивтілігін  ӛлшейді. 
Сондықтан, ол дифракция моделі CCD матрицасымен соқтығысқанда тексерілу 
керек. Егер қажет болса, видеотіркеуіштің биіктігін ӛзгерту керек. 
– P  поляризация  фильтрін  сәуленің  жолына  лазер  мен  L1  линза  арасына 
орнатыңыз. 
Видеотіркеуіш көмегімен интенсивтілікті өлшеу 
Видеотіркеуішті  тізбекті  интерфейс  арқылы  компьютерге  жалға  және 
"VideoCom Intensities" («Интенсивтілікті ӛлшеу») бағдарламасын қосыңыз

Интенсивтіліктің таралуын жазу үшін  батырманы (256 пиксель) немесе 
F8 клавишті бас. (Ӛлшеу кезінде ақпарат периодты түрде жаңаланып отырады, 
кестеге жазылады және сызбаға түсіріледі). 
-  P  поляризация  фильтрін  максимал  дифракция  кезіндегі  интенсивтілік 
100%-дан аз болатындай етіп реттеңіз. 

батырманы  немесе  F5  клавишасын  басып  "Calibration/Comparison  with 
Theory" («Сәйкестендіру/ теориямен салыстыру») мәзірін шақырыңыз. 

Бұрыштық  калибровка  үшін  "Дифракция  бұрышы"  кестесінде  L3  линза 
үшін  f  =  +500  mm  фокус  ұзындығын  кӛрсет.  Міндетті  түрде  қажет  болатын 
нӛлдік бұрыштың ығысуы "Zero Point Corresponds to Maximum" («Нӛлдік нүкте 
максимумға  сәйкес  келеді»)  батырмасын  басқан  кезде  дифракция  моделінің 

 
126 
кӛрінетін  максимумына  сәйкес  автоматты  түрде  орындалады.  Кейіннен 
теориямен  салыстыру  дифракция  бұрышы  ӛлшеулермен  сәйкестендірілгенде 
ғана мүмкін болады. 
   Экспериментті жүргізу 

ені  b ~ 0.2 mm саңылау үшін I(a) таралу интенсивтілігін жазып алу. Ол 
үшін алдымен   (256 пиксель) батырманы немесе F8 клавишті басыңыз. Содан 
кейін Р поляризация фильтрін тиімді болатындай етіп келтір. 

Дифракция моделін толық жазып болу үшін  (2048 пиксель) батырманы 
немесе F9 клавишті басыңыз. 

батырманы немесе F9 клавишті басып тоқтатыңыз. 

батырманы  немесе  F2  клавишті  басып  ӛлшенген  мәндерді  сақтаңыз 
(файлға жеке ат беріңіз). 

батырманы  немесе  F4  клавишті  басып  алдыңғы  ӛлшенген  мәндерді 
ӛшіріңіз, және басқа саңылауларды қолданып, мысалы b ~ 0.3 mmжәне b ~ 0.1 
mm ӛлшеулерді қайталаңыз. 

батырманы немесе F2 клавишті басып ӛлшенген мәндерді файлға жаңа 
ат бере отырып сақтаңыз.  
 
 
 
Сурет 45 - Саңылау ені (b « 0.2 mm) болғандағы интенсивтілік мәні ол (IV) 
формуламен есептегенде b= 0.2 mm. тең болады 
 
 
 
Сурет 45 - Саңылау ені (b « 0.3 mm) болғандағы интенсивтілік мәні ол (IV) 
формуламен есептегенде b= 0.3 mm. тең болады 

 
127 
Назар  аударыңыз:  Дифракция  нысанына  паралель  сәуле  келіп 
соқтығысқанда  ғана  интенсивтіліктің таралуы теория бойынша сәйкес келеді. 
Мысалы, егер оптикалық құрылғы дәл, әрі нақты орналастырылған болса. 
  44-45  суретте  саңылау  ені  әртүрлі  болған  жағдайдағы  дифракция 
моделінің ӛлшенген интенсивтілік моделі берілген. Графиктер интенсивтіліктің 
таралуын  мадельдеу  нәтижесінде  алынған.  Саңылау  енін  дәл  есептеген 
жағдайда ӛзгермелі саңылау мәнімен сай келеді.   
Қосымша мәліметтер 
Алынған  толқын  моделі  жарық  құбылысына  толықтай  анықтама  бере 
алады,  оның  таралуы  геометриялық  оптика  жағдайындағы  қарапайым 
құбылыстарды    модельдегенде  де  ӛте  маңызды.  Толқындық  модельдің 
қолдануы  кӛрінетін  спектордан  аспайды  және  электромагниттік  спектрдің 
радиотолқындардан  бастап  иондаушы  радиацияға  дейінгі  жалпы  диапазонды 
қамтиды. 
Егер жарықтың толқын ұзындығы дифракция нысанының магнитудасына 
бағынатын  болса  және  жарықтың  толқын  ұзындығының  үлкен  бӛлігі 
қолданылатын  болса,  онда  (3)  теңдеуден  байқайтынымыз,  дифракция 
құбылысының белгілі бір бӛлігі ғана белгіленіп алынады. 
Лабораториялық жҧмыс қорытындысы 
Лазер сәулесі саңылаудан ӛткеннен кейін дифракция моделі кескінделеді, 
ал  оның  таралу  интенсивтілігі  (4)  теңдеуге  сай  есептелінеді.  Центірінде 
интенсивтіліктің  бас  максимумы  орналасады.  Оның  центрден  арақашықтығы 
артқан  сайын  саңылаудың  ені  кішірейе  береді.  Егер  саңылау  ені  кішкентай 
болған  жағдайда,  нӛлге  тең  емес  интенсивтілік  (ССД  сызығында)  байқалады. 
Бұл  саңылау  диафрагмасының  геометриялық  оптикадағы  кӛлеңкесі  болуы 
мүмкін. 
Жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  мақсаттарын  орындайтындай 
зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар [100, 
49 б.]: 
1. Демонстрациялық тәжірибені кӛрсеткенде  студенттер тек қана пассивті 
түрде  бақылаушы  рӛл  атқаратын  болса,  зертханалық  экспериментке  олардың 
ӛздері  белсене  қатынасады,  физикалық  құбылыстарды  ӛздері  қолымен  істеп 
кӛріп,  ӛлшеулер  жүргізеді,  физикалық  шамалар  мен  тұрақтыларды 
тағайындайды (жылу балансы теңдеуі, дененің меншікті салмағы, кедергілерді 
паралель қосу). 
2.  Зертханалық  жұмыстарды  ақпараттық  технологиялар  арқылы 
орындағанда студенттер физикалық приборлармен, аспаптармен жұмыс істеуге 
үйреніп,  политехникалық  ебдейліктері  мен    дағдыларын  дамытады, 
практикалық  маңызын  түсініп,  олардың  табиғат  құбылыстарын  біліп-тануға 
қажетті құрал екендігіне кӛз жеткізеді. 
3.  Зертханалық  эксперимент  жасау  үстінде  студенттер  бізді  қоршаған  
табиғат  құбылыстары  туралы  ӛзінше    қорытынды  жасауға    үйренеді,  физика 
заңдарының  практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен 
және  ӛмірмен    байланыстылығына  сенетін  болады  (найзағайдың  табиғаты,  

 
128 
электр  станциясы  ұғымдары).  Бұл  физиканы  оқытудағы  формализмді  жоюға 
жәрдемдеседі. 
4.  Зертханалық  сабақтарда  студенттер  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды 
жүргізуге  дағдыланады,  физика  ғылымының  танымдық  күшіне  сеніп,  оқуға 
деген олардың ынта-жігері артады.   
Демек,  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  лабораториялық 
сабақтарды  ӛткізудің  осындай  ерекшеліктері  студенттердің  креативтілік 
кӛрсеткіштерінің қалыптасуына әсер етті.   
Проблемалық  сипаттағы  сҧрақтар:  студенттерге  жаңа  білімді  дайын 
түрде  бермей,  олардың  алдына  белгілі  проблемалы  міндетті  қою  арқылы 
ӛздерінің шешімін табуына бағыттау. Жаңа тақырыпқа байланысты студенттің 
білетіні  мен  білмейтінінің  арасында  қайшылықтар  пайда  болады  және 
проблемалы  міндетті  шешуге  дайын  түрған  тәсіл  болғандықтан,  проблемалы 
жағдаят  пайда болады, осыған орай студенттің ізденушілік әрекеті мен ынтасы 
күшейе түседі. Проблемалық жағдаяттар жасаудың әр-түрлі әдістерін бӛліп алу 
қажет[148].  
1  мысал:  Проблемалық  жағдаят  студенттердің  жаңа  білім  үстінде  іздену 
барысында туындайды.  
Алғашқыда студент үшін бастапқы деректер де, нәтижеде белгісіз болады. 
Бұл  жағдайда  білім  арнайы  қойылған  эксперимент  нәтижесінде  және 
оқытушымен 
студент 
арасындағы 
логикалық 
талдау 
арқылы 
қорытындыланады. Талдау барысында жаңа түсінік немесе пікір пайда болады, 
осылайша қорытынды жасалынады. Оқу міндеті бұл жерде креативтілік сипатта 
болып  тұр.  Мәселенің  алғашқы  күйі  студенттерді  жаңа  білімді  іздеуге 
қызығушылығын  оятатындай  болуы  қажет.  Мысалы  «Оптика»  пәнінің 
«геометриялық  оптика»  тақырыбын  қарастырғанда  мынадай  проблемалық 
сипаттағы  сұрақтарды  туғызуға  болады:  Судағы  нарсенің  кескінін  бақылауға 
бола ма? Оны қылай жүзеге асырамыз? 
Қойылған  сұрақтың  шешімін  табу  үшін  осы  жағдаятты  оқытушы 
студенттердің ӛзіне орындауына тапсырма береді.   
Сумен толтырылған мӛлдір шыны ыдыстың ішіне тиінді қойсақ, ол ыдыс 
түбіне түседі. Енді ыдыстың жанынан белгілі бір бұрышпен бақылап қарайтын 
болсақ,  онда  тиіннің  кескінін  судың  бетінде  кӛруге  болады.  Мұндағы:  1-
тасталған тиін; 2-тиіннің су бетіндегі кескіні. Енді ыдыстың бақыланып тұрған 
жаққа  қарама-қарсы  жақтағы  қабырғасының  бетіне  қолымызды  қойсақ  тиін 
кескінінде  ӛзгеріс  болады.  Егер  қойылған  қолымыз  сумен  ылғалданған  болса, 
онда тиіннің кескіні жоғалып кетеді, яғни кескін кӛрінбей қалады. Осы жерде 
тағыда проблемалық сұрақ туындайды: 
Неге бұлай болды? 
Бұл  сұраққа  студенттерден  жауап  алынады.  Бұл  құбылыстын  себебі: 
бірінші  жағдайда  тиіннен  шағылған  сәулелер  ыдыстың  сыртқы  қабырғасынан 
шағылып жоғары бағытталады да, су бетінен сынып бақылааушы кӛзіне түседі, 
осыдан бақылаушы тиінді кӛреді. 

 
129 
 
 
Сурет 46 – судағы нәрсенің кескінін бақылау 
 
Екінші  жағдайда  болса,  яғни  қарама-қарсы  қабырғаға  сулы  қолымызды 
қойғанда,  сәуле  қабырғадан  енді  шағылмайды,  ӛйткені  бармақпен  қабырға 
арасы  сумен  толады.  Ал,  сумен  шынының  сындыру  коэффициенті  шамалас 
болғандықтан  жарық  толығымен  жұтылады  немесе  жарық  сәулесі  барлық 
бағытта біртекті шашырайды, нәтежеде су бетіндегі кескіні жоғалады[149]. 
2  мысал:  Проблемалық  жағдаят  студенттерге  теориялық  білімдерін 
эксперимент  жұмыстарын  орындау  кезінде  пайдалану  барысында  туғызуға 
болады. «Линзада кескін алу» тақырыбын қарастырғанда студенттерге нәрсенің 
кескінін  алу  заңдылықтары  белгілі  жағдай  деп  есептелінеді.  Ал  енді  ортаға 
мынадай сұрақ қойылады: Нәрсе кескініне жарық түсірсек не болады?  
Нәрсенің  жазық  айнадағы  кескініне  жарық  түсірейік,  сонда  жарық 
кескінінің жарқырауының күшейетінін байқауға болады. Неге бұлай? Расында 
да,  нәрсе  кескіні  тұрған  орында  нақты  зат  болған  емес  қой!  Сонда  кескін 
қалайша жарқырайды? Мұның мәнін 1-суретті пайдаланып түсіндірейік. 
1,  а-суретте  жазық  айнадағы  А  нәрсенің  А
1
  кескіні  кӛрсетілген.  Енді  Ф 
жарық  кӛзінен  нәрсе  кескініне  бағытталған  жазық  айна  бетіне  жарық  шоғын 
түсірейік.  Сонда  жарық  шоғы  айна  бетінен  шағылып  нәрсе  бетіне  түседі  де 
оның  бетін  бұрынғыдан  күштірек  жарқыратады.  Ал,  күшті  жарқыраған  А 
денесінің айнадағы А
1
 кескінінің де жарқырауы артады. (1-сурет)[149]. 
 
 
 
Сурет 47 – Нәрсенің кескініне жарықтың түсуі 
 

 
130 
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар: 
Студенттердің  креативтілігін  қалыптастыру  үшін  біз  «оптика  пәні 
бойынша шығармашылық сипаттағы тапсырмалар» атты оқу-әдістемелік құрал 
дайындар  оқу  үдерісіне  енгіздік.  Бұл  оқу-әдістемелік  құралда  шығармашылық 
сипаттағы тапсырмалардың мынадай түрлерін таңдап алдық: 

студенттердің  қызығушылығын  оятуға  бағытталған  деңгейлік  бақылау 
сұрақтары(А,В,С деңгейлері) 

оптика пәні тақырыптары бойынша крассвордтар 

студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуға арналған үш сатылы тест 

сәйкестендіру тесті 

қателіктерді табу тапсырмалары 

бос орындарды толтыру 

графиктерді сызу, кестелерді толтыру 

тірек сызбалар 

қызықты эксперименттік жұмыстар 

қызықты оптикалық есептер (А,В,С деңгейлері) т.б[150] 
Мысалы  «Геометриялық  оптика  негіздері»  тақырыбы  бойынша  оқу-
әдістемелік құралда орын алған тапсырмаларды қарастырайық[151]. 
1. 
Бақылау сҧрақтары  
«А» нҧсқасы  
1. Судың алмазға қатысты және күкіртті кӛміртегінің мұзға қатысты сыну 
кӛрсеткішін есептеп шығыңдар. 
2. Параллель сәулелердің жазық параллель пластинаға түсу бұрышы 60
0
-қа 
тең.  Егер  пластина  арқылы  ӛтетін  сәулелердің  ара  қашықтығы  0,7  см-ге  тең 
болса, пластинадан параллель сәулелер шығатын нүктелердің ара қашықтығын 
табыңдар. 
 «Б» нҧсқасы  
1.  а)  Жарық  бӛлме  ішіне  бірдей  түсіп  тұрса  да  неліктен  қабырғаларға 
жапсырылған  түс  қағаздарының  бірі  ашық  түсті,  ал  екіншісі  қоңырқай  түсті 
болып кӛрінеді? 
     б)  Жарық  сәулесі  айнаға  перпендикуляр  түседі.  Егер  айнаны  16
0
 
бұрышқа бұратын болсақ шағылған сәуле, түскен сәуледен қаншалық бұрышқа 
ауытқиды? 
2. а) Неліктен заттың теп-тегіс бетінен шағылған жарық шоғы, түскен    
сәулеге қарағанда жарығырақ болады? 
    б)  Түскен  сәулемен  шағылған  сәуленің  арасындағы  бұрыш  50
0
-қа  тең. 
Жарық айнаға қандай бұрышпен түскен?  
«С» нҧсқасы  
1. а) Қандай жағдайда сыну бұрышы түсу бұрышына тең болады? 
    б) Суретте екі ортаның шекарасында жарық сәулесінің сынуы 
бейнеленген. Қайсы ортаның оптикалық тығыздығы кӛп? 
 

 
131 
 
 
Сурет 48 – Екі ортаның шекарасындағы сәуле жолы 
 
2.  а) Неге суы бар стақанға батырылған қасық бүгілген (иілген) сияқты 
болып кӛрінеді? 
    б) Суретте екі ортаның шекарасында жарық сәулесінің сынғаны 
бейнеленген. Қайсы ортаның оптикалық тығыздығы кӛп? 
 
 
Сурет 49 – Екі ортаның шекарасындағы сәуле жолы 
 
Проблемалық  эксперимент  қою:  Кәдімгі  лабораториялық  жұмыстан 
проблемалық  сипаттағы  лабораториялық  жұмыстардың  ерекшелігі  студент 
жұмысты берілген инструкцияға қарап емес ӛздігінен жасауға тырысады.  
Лабораториялық  жұмысты  берілген  инструкцияға  қарап  орындау 
студенттердің ӛзіндік жұмыс істеу қабілеттіліктерін тӛмендететіні белгілі. 
Қойылған  проблемалық  эксперимент  студенттің  қызығушылығын  оятады, 
ӛзіндік  жұмыс  жасауын  белсендендіреді,  шығармашылық  қабілеттіліктерін 
дамытады.  Оптика  пәні  бойынша  біз  лабораториялық  сабақтарда  тақырыптар 
бойынша проблемалық эксперименттер қойдық.  
Мысалы:    Бір  саңылау  арқылы  жарық  дифракциясының  таралу 
интенсивтілігі  қандай  шамаларға  байланысты  ӛзгереді?  деген  проблемалық 
сұрақтың  жауабын  студенттер  ӛздігінін  эксперимент  жүргізу  арқылы 
анықтайды. Ол үшін студенттер лабораториялық аудиториядағы арнайы жұмыс 
орнын  белгілеп  алады.  Ондағы  берілген  құрал  жабдықтарды  талдап  сол 
бойынша оларды құрастырады.  Сурет студенттердің орындап жатқаны.  
Қолданбалы  бағытқа  алып  келетін  жағдаяттар:    Бұл  жерде  біз  әр 
студенттің күнделікті  ӛміріндегі кездесетін жағдаяттармен байланысты болған 
мысалдар мен тапсырмалар арқылы оқу ортасын жасауды түсінеміз.  
Аталған  креативті  әдісті  біз  лаборатория,  практика  сабақтарында 
қолдандық.  Мысалы  ретінде  нәрсе  кескінінің  ығысуын  қарастырғанымызда 
күнделікті  студенттердің  «шәй  ішкен»  кездерін  кӛз  алдырына  елестетіп 
ӛздеріне осы құбылыстың қалай байқалатынын талдатамыз.  

 
132 
Қалың  шыны  бӛлігі,  шыны  ыдысқа  құйылған  мӛлдір  сұйық  т.с.с  мӛлдір 
орта  арқылы  нәрсеге  қарайық.  Сонда  нәрсе  орны  ауадағы  шын  орнына 
салыстырғанда  біршама  ығысады.  Бұл  ығысу  жарықтың  мӛлдір  ортамен 
ӛткенде  сыну  құбылысымен  түсіндіріледі.  Орын  ығысуды    тӛмендегі  сурет 
арқылы түсідірейік. Мұндағы: Б-бақылаушы: 
 
 
 
Сурет 50 – жарықтың сыну құбылысы 
 
Ш-мӛлдір  орта;  S-нәрсенің  нақты  орны;  S`-  нәрсенің  ығысқан  жорымал 
орны.  Тәжірбие  арқылы  мӛлдір  ортаның  қалыңдығы  неғұрлым  үлкен  болса, 
нәрсе кескінінің ығысуы  да соғұрлым кӛп болатындығын кӛруге болады.  
Шыны  стакан  алып  оның  ішіне  қарындашты  кӛлбете  салайық.  Енді 
стаканға біртіндеп су құя отырып қарындаштың суға батқан бӛлігіне жанынан 
немесе  тӛбесінен  қарайтын  болсақ,  онда  қарындаш  сынып  ығысқан  түрде 
кӛрінеді.  Сондай-ақ  стакан  бүйірінен  қарындашқа  қарасақ,  оның  су  ішіндегі 
бӛлігі  сыртқы  бӛлігіне  салыстырғанда  жуандау  болып  кӛрінеді.  Бұл 
құбылыстар жарықтың сыну заңымен түсіндіріледі. 
Жарықтың шағылуымен түсіндірілетін құбылыс. 
Кәдімгі  ақ  параққа  жазу  жазып,  осы  жазуды  сыртқы  бетінен  оқу  мүмкін 
емес.  Енді  осы  жазу  жазылған  парақтың  сыртқы  бетіне  май  жақсақ,  онда 
жазылған  жазу  анық  кӛрінеді  және  оқуға  болады.  Оның  себебі  жарықтың 
шағылуымен  түсіндіріледі.  Қағаз  беті  майланбаған  жағдайда  қағаз  бетіне 
түскен  жарық  сәулесі  толықтай  кері  шағылады,  сондықтан  жазуды  қағаздың 
сыртқы бетінен оқи алмаймыз. 
Ал,  енді  қағаз  бетіне  май  жаққанда,  май  қағаз  арасындағы  бостықты 
толтырады  да  қағаз  талшықтарының  орналасуын  ӛзгертеді,  нәтижеде  жазу 
бетіне  түскен  жарықтың  белгілі  бір  бӛлігі  қағаздан  сынады.  Осыдан  біз 
жазылған жазуды кӛріп, оқи аламыз.   
Осылайша,  жоғары  оқу  орнында  5В011000-Физика  мамандығы  бойынша 
«Оптика»  пәніне  бӛлінген  45  сағатты,  лекция,  практика,  лабораториялық 
сабақтарды  әдістемелік  жүйеге  сәйкес  жүргіздік.  Оқытудың  кез-келген 
формасында  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілік  кӛрсеткіштерін 
қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен  ақпараттық  технологияларды ұштастырып 

 
133 
қолдандық.  Оптиканы  оқытуда  сабақтың  түрлеріне  қарай  тиімді  әдіс-тәсілдер 
таңдалынып отырды.  
Келесі  тақырыпта  біздің  жасаған  әдістемелік  жүйеміздің  тиімділігін 
болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілік  кӛрсеткіштерінің  деңгейлерін 
анықтау  арқылы  дәлелдеу  үшін  жүргізілген  тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстарға тоқталамыз.  
 
2.3 Тәжірибелік - эксперименттік зерттеу жҧмыстарының нәтижелерін 
қорыту және ғылыми-әдістемелік ҧсыныстар беру   
Зерттеу  жұмысымыздағы  ғылыми  болжамның  дұрыстығын,  жасалынған 
білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесінің 
тиімділігін  анықтау  мақсатында  үш  кезеңнен  тұратын  тәжірибелік  -  
эксперименттік  жұмыстар  ұйымдастырылды.  Бұл  тәжірибелік  -  эксперимент 
кезеңдері:  айқындау,  қалыптастыру  және  жалпылауыш  эксперименттік 
жұмыстар  болды.  Тәжірибелік  -  эксперименттік  жұмыс  2012-2015  жылдары 
Қ.А.  Яссауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде  және 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, сонымен 
бірге Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде жүргізілді.   
Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың мақсаты: ғылыми болжамның 
дұрыстығын, жасалынған білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика 
мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқыту 
әдістемесінің тиімділігін анықтау.  
Айқындау,  қалыптастыру  және  жалпылауыш  кезеңдері  бойынша 
тәжipибeлiк-экcпepимeнттiк  жұмыcты  тиiмдi  ұйымдacтыpу  мeн  жүpгiзу 
үшін мына тaлaптapды ұстандық:  
-  зерттеудегі  негізгі  мәселенің  пaйдa  бoлуындағы  тapиxи  тұғыpлapды 
aлдын-aлa тaлдaу;   
- бoлжaмды анықтау;  
-  зерттеудегі  мәceлeнiң  пeдaгoгикaдaғы  тeopиялық  жәнe  пpaктикaлық 
жaғдaйын тaлдaу;    
- зepттeудің мiндeттерін нaқты aнықтaу;   
- тәжірибелік-экcпepимeнт нәтижeлepiн толық бaғaлaуғa мүмкiндiк бepeтiн 
кpитepийлepдi тaңдaп алу;   

тәжірибелік-экcпepимeнт  бapыcы  жәнe  пeдaгoгикaлық  үдepicкe 
ӛзгертулер eндipу бoйыншa aқпapaттapды жүйeлi таңдап aлу [153]. 
Тәжipибeлiк-экcпepимeнттiң  алғашқы  кeзeңi  -  айқындаушы  экcпepимeнтi 
2012–2013 жылдapы жүpгiзiлдi.  
Aйқындаушы  экcпepимeнтiнiң  міндеті  мыналарды  қамтыды:  физиканы 
оқыту  әдістемесін  жетілдіру,  дамыту  бағытындағы  шетелдік  және  отандық 
ғалымдардың еңбектерін зерттеу; физика саласында ақпараттандыру мәселелері 
бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талдау;  болашақ  мамандардың 
креативтілігін  қалыптастыру  және  дамыту  әдістемесі  бойынша  шетелдік  және 
отандық  ғалымдардың  еңбектерін  зерттеу;  физикалық  білімді  меңгеруде 

 
134 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың(АКТ) тиімділігіне студенттер 
мен  оқытушылардың  кӛзқарастарын  анықтау  және  ӛзіндік  білімін  арттыруда 
АКТ-ны  қолдана  алу  дәрежелерін  анықтау;  креативтілік  кӛрсеткіштерін 
анықтау  әдістері  таңдалынып  алынып,  ол  бойынша  тестілеу  жүргізіп, 
студенттердің  креативтілік  кӛрсеткіштерінің  бастапқы  деңгейін  анықтау; 
физика  саласындағы  жеке  пәндер  бойынша  студенттердің  ӛз  бетінше  жұмыс 
істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерінің даму деңгейлерін анықтау; болашақ 
физика  мұғалімдерінің  креативтілік  кӛрсеткіштерінің  деңгейін  арттырудың 
амалдарын анықтау. 
Aйқындaу  кeзeңiндe  oқытушылapмeн,  cтудeнттepмeн  әңгiмeлecу, 
caуaлнaмa  жүpгiзу,  бaғдapлaмaлық  құжaттapды  oқып  –  үйpeну  әдicтepi 
қoлдaнылды.  Aйқындaу  кeзeңiндe  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлау 
негізінде  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру  стандарты  бойынша  талдау  жұмыстары  жасалынды.  Анықталынып 
алынған 
«Оптика» 
пәні 
бoйыншa 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  жасау  және  қoлдaнуғa  бaйлaныcты  мәceлeлep  жәнe  пән 
бoйыншa  жacaлынғaн  жәнe  қoлдaныcтaғы  oқу  бaғдapлaмaлapы,  oқу 
cтaндapттapы; 
креативтілікті 
қалыптастырудағы 
әдіс-тәсілдер, 
жаңа 
технологиялар 
бойынша 
қaзaқcтaндық 
жәнe 
шeтeлдiк 
тәжipбиeлep 
зepттeліндi[154].  
Сонымен  қатар  анықтау  кезеңінде,  зерттеу  жұмыстардың  нәтижесінде 
зерттеудің  бастапқы  параметрлері,  оның  нысаны,  пәні,  болжамы,  әдістемесі, 
түсініктік-категориялық аппараты негізделді.      
Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
анықтаушы 
кезеңіне                  
Қ.А.  Яссауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  және  М.Әуезов 
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, сонымен бірге Мәскеу 
қалалық  педагогикалық  университетінде  білім  алушы  5В011000-Физика  және 
5В060400-Физика  мамандығынан  жалпы  400  студент  қатысты.  Айқындаушы 
кезеңі  сауалнама,  анкета  арқылы  жүргізілді(Қосымша  А).  Бірінші  кезекте 
білімді  ақпараттандыру  арқылы  креативтілікті  қалыптастыру  мәселелерінің 
жағдайын  зерттеу  барысында  анкета  жүргізіліп,  студенттердің  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларға  деген  кӛзқарасы  анықталынды.    Сонымен 
бірге  физика  саласының  жеке  пәндері  бойынша  студенттердің  ӛзіндік  жұмыс 
жасай  алу  қабілеттіліктерінің  деңгейлері  анықталынды,  креативтілік 
кӛрсеткіштерінің деңгейлері анықталынды(Қосымша Ә).  
Бұл  анкеталау  анализінің  нәтижесі  студенттердің  кӛпшілігі  оқу  үдерісі 
кезінде  АКТ-ны  қолдануды  қанағаттанарлық  дәрежеде  бағаламайды.  Оқу 
үдерісінде,  физиканы  оқытуда  АКТ-ны  қолдануды  тиімді  деп  анкета 
жүргізілген студенттердің тек 40,5 % -ы кӛрсеткен. Осы студенттердің 53,2%-ы 
«Оптика», 
«Атомдық 
және 
ядролық 
физика»  бӛлімдері 
бойынша 
шығармашылық қабілеттерін кӛрсете алуын ӛте тӛмен дәрежеде деп бағалаған.   
Сонымен  қатар,  креативтілік  кӛрсеткіштерін  бақылауға  арналған 
Д.Л.Джонсонның  сауалнамасы  бойынша  анализ  жұмыстары  жүргізілді. 
Джонсонның  сауалнамасы  креативтілік  кӛрсеткіштеріне  ӛзіндік  бағалауға 

 
135 
бағытталған. Джонсонның креативтілікті ӛзіндік бағалау сауалнамасынан орын 
алған кейбір сұрақтарды келтірейік:  
 
Кесте 9 – Джонсонның креативтілікті ӛзіндік бағалау сауалнамасы 
 
Тӛмендегі  берілген  әрбір  қатардағы  берілгендер  бойынша  ӛзіңіздің  қалпыңызды 
қаншалықты  дәрежеде  бағалайтыныңызды  кӛрсетіңіз!  Ӛз  қалпыңызды  5тік  балдық 
жүйемен «+» таңбасын қажетті орынға қою арқылы бағалаңыз. (1-ешқашан, ....., 5-барлық 
уақытта).  
№/  Сұрақтар 






Маған проблемалық сұрақ қойылғанда, мен кӛбінесе 
жауаптың бірнеше нұсқасын ұсынамын.  
 
 
 
 
 

Проблемалық  жағдай  туындағанда,  оның  шешімін 
табудың бірнеше жолын ойлаймын. 
 
 
 
 
 

Маған ерекше ойлау ұнайды.  
 
 
 
 
 

Мен  қызықты  тапсырмалар  бойынша  ӛз  бетінше 
«ақылмен» жұмыс істей алу қабілеттілігім бар.  
 
 
 
 
 
 
... 
............................................................................. 
 
 
 
 
 
20 
Маған  зерттеу  жұмыстары,  ойлап  табу,  жасап 
шығару жұмыстары ұнайды 
 
 
 
 
 
 
Кесте 10-Анкета кілті. 
 
Ӛнімділік 
Ұшқырлық  
Ерекшелік 
Жасай алу 









10 
11 
12 
13 
14 
15 
16 
17 
18 
19 
20 

 

 

 

 
Мор 
Мор 
Мор 
Мор 
Iӛ 
Iұ 
Iе 
Iж 
 
Әр  қайсы  сұрақ  креативтілік  кӛрсеткіштері  (ӛнімділік,  ұшқырлық, 
ерекшелік, жасай алу) бойынша орналасқан. 

- әр қайсы критерий бойынша жалпы ұпай. 
Мор – әр қайсы критерий бойынша орташа ұпай. 
Нәтижелерді ӛңдеу.   
Әр қайсы сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады.  
 
Орташа ұпай мына формула арқылы анықталынады: 
n


ор
М
 мұндағы n- 
әр қайсы критерий бойынша кӛрсеткіш саны(біздің жағдайымызда n=5) 

 
136 
 Iӛ – ӛнімділік индексі, Iұ- ұшқырлылық индексі, Iе - ерекшелік индексі, Iж 
– жасай алу индексі  
Iӛ  -  ӛнімділік  индексі  мына  формуламен  анықталынады: 
m
X


ґ
I

m
X
-  әр 
қайсы кӛрсеткіш бойынша максимальды ұпай (біздің жағдайысызда 
m
X
=25) 
Осы  сияқты  Iұ-  ұшқырлылық  индексі, Iе  -  ерекшелік  индексі,  Iж  –  жасай 
алу индексі анықталынады. 
Iк  –  креативтілік  индексі  келесі  түрде  анықталынады: 
Х
I
I
I
I
I
ж
е
ў
ґ
к




 
мұндағы Х- жалпы критерий саны(біздің жағдайда Х=4) 
Нәтижелер интерпретациясы: 
5
,
0
2
,
0


к
I
 - тӛменгі деңгей 
8
,
0
5
,
0


к
I
 - орта деңгей 
1
8
,
0


к
I
 - жоғары деңгей 
Сонымен  бірге  біз,  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілік 
кӛрсеткіштерінің  деңгейін  анықтау  мақсатында  X.  Зиверттің  «Креативті 
қабілеттерді  анықтауға»  арналған  тестін  қолданып  бақылау  жүргіздік.  Бұл 
әдістеме «Тапқырлық» (Н шкаласы) деп аталады.   
Әдістеменің жалпы мазмұны мынадай:  
Студенттерге  тапсырманы  орындау  барысында  ӛзін  тексеруге  мүмкіндік 
беретін  бірнеше  міндеттер  қойылады.  Бұл  әдістемені  жеке  және  топтық  түрде 
орындауға болады. Тапсырмаларды мүмкіндігінше жылдам орындау қажет.  
Мысалы  ретінде  біздің  қолданған  тапсырмамызды  келтірейік:    Кестенің 
сол  жақ  бағанасында  кӛптеген  бос  жолдар  берілген.  Әрбір  жолға  бір  сӛзден 
жазу  қажет.  Барлық  сӛздің  бастапқы  екі  әрпі  сәйкес  келуі  керек.  Сәйкес 
сӛздердің саны 3 тен кем болмауы тиіс. Сӛздерді дұрыс жазу немесе сӛздердің 
ұзындығы  үлкен  рол  атқармайды.  Тек  қана  анық  жазылса  болды.  Енді  әрбір 
бағананы орындау үшін уақыт беріледі және уақыт шегенделеді.   
Берілген  сӛздер  жазылған  жолдар  саны  саналады.  Әр  жазылған  сӛзге  1 
ұпайдан  беріледі.  Студенттердің  ішінен  ең  жоғары  және  ең  тӛмен  ұпай 
жинағандары  анықталынып  сол  бойынша  төмен,  орта,  жоғары  деңгейлер 
анықталынады.    
  
Кесте 11 – X. Зиверттің «Креативті қабілеттерді анықтауға» арналған тесті 
 
 
Инерция 
 
Физика саласы бойынша 
Интенсивтілік 
Интерференция 
Инфрақызыл 
...................... 
Индукция 
Инерттілік 
Кедергі  
Кернеу 

 
137 
 
11-кестенің жалғасы 
 
Кернеулік 
 
..................... 
Кельвин 
Маятник  
Магнит 
Маховик 
................... 
Масса 
 
Информатика саласы бойынша  
Бағдарлама 
Баспа 
Батырма 
................. 
Баған 
Интернет 
 
Тағыда  бір  тапсырмаға  мысал  келтірейік.  Мысалы,  шарик.  Оны 
тығыздығын,  массасын,  кӛлемін,  радиусын  анықтау  үшін  қолдануға  болады, 
сонымен  бірге  басқа  жағдайларда,  мысалы,  оны  жіпке  іліп  математикалық 
маятник  ретінде  қолданып,  еркін  түсу  үдеуін  анықтауға  т.б.  сол  сияқты 
жағдайларда қолдануға болады.    
Тапсырма.  Сізге  карточкаларда  атауы  ұсынылған  заттардың  әрбірін  неге 
қолдануға болатынын ойлап табу қажет. Сіз мүмкін болар неше нұсқасын таба 
аласыз? Әр бір затқа бір минуттан уақыт беріледі. Тапсырма орындауға кететін 
жалпы уақыт карточкадағы берілген сӛздердің санына байланысты.  
Д шкаласын бағалау (дивергентті ойлау)   
Әрбір  ұғынып  толтырылған  жол  үшін  екі  ұпай  есептеледі.  Содан  соң 
есептелген ұпайларды жинақтаңыз. Ең жоғары 60 ұпай алуға болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет