Құрамындағы өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына талдау жасау


Қаржылық беріктіліктің мінсіздігі мен қорына талдау жасау



бет15/16
Дата21.11.2022
өлшемі102,13 Kb.
#159226
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
рамында ы ндіріс ж мысшыларыны е бека ысына талдау жасау
Answer the questions.1. Have you a house or a flat2. How many rooms are there in your - Школьные Знания.com

Қаржылық беріктіліктің мінсіздігі мен қорына талдау жасау


Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.


Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:

  1. Қаржылық қатынастардың жиынтығы;

  2. ақшалай қорлардың жиынтығы;

  3. басқарудың қаржылық аппараты.

Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.
Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:

  1. мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;

  2. кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.

Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

    • біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

    • екіншіден, тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар. Ол қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім - коғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:

  1. материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;

  2. қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.

Бірінші қосалқы буында – материалдық өндіріс сферасы қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған акшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ
қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі.
Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен рөлі оның ұлттык табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қаржылық қатынастар түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастыру арқылы одан ары тұтыну мақсатында кұнды қайта бөлудің арналары бойынша бұрын жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады.
Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай каражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салык төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.
Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақшалай қорлардың құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындары белуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржылық қатынастарды топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды.
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға кызмет ететін нактылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет