тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың ӛсу, жетілу жолы бірден-бір
куә.
Шортанбай - ӛз заманының жалынды ақыны, ақылгӛй шешен жырауы. Ӛзі ӛмір
кешкен замана шындығын барлық кӛрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік
маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ
ӛмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің
шынайы куәгері.
Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған
аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді,
бұратана ӛлке боп, ӛзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар ӛктемдігі күн
санап ӛршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен
айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған
да қауіп – қатер кӛбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық
қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет,
Кенесары мен Наурызбай,
Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен
Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандады. Жоңғар
шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап
жатқан әлсіз ӛлкені патша ӛз қарамағына оп-оңай кӛндірмек болған еді.
Тап осындай әлеуметтік жағдайда ӛмір сүрген жазушының халқына берер
кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-
жұртына қамқор болады. Шортанбай - ӛз
заманының шындығын ақтара ашып, оған
ӛткір сын айта білген кӛреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы
сарыны бұған толық куә бола алады.
Шортанбайдың шығармалары ӛткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір
жинақтарда баспа бетін кӛре бастады. 1882 жылдардан бастап, ӛлең, толғаулары
жинақталып, бӛлек кітап кӛлемінде жарық кӛреді. Кӛрсетілген жинақтарға ақынның
«Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар»,
«Ӛсиет-насихат сӛздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан
қаласының ӛзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық кӛріп жатты. Оның
шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті
жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды.
Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың кӛкейіне бірден ұялады. Қаналып,
тоналып, қорлық кӛріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай
шығармаларына құлақтарын түрді. Ӛздерінің ойынан шыққан ақын сӛздері жатталып,
елге жайыла түсті.
Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін кӛргенімен, жалпы
кӛлемі кӛп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел
ӛмірі, жер,
қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа
қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы
топтар, т.б.
Ең алдымен, Шортанбай - ӛз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын
билеп тӛстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын.
Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман
Мынау заман қай заман –
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман... –
Шортанбай ӛз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да
күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын,
елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын,
ақшаның құлы
жылпостарды ӛткір сӛзімен түйрейді.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер
екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып
жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-
қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты,
Мініп кӛрер күші жоқ,
Қайыры жоқ бай шықты.
Ақша деген мал шықты
Сауып ішер сүті жоқ,
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны ӛмірден түңілген
жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген ӛлең жолдары
ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес,
батыл
күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін кӛрсетеді. Шортанбай жасаған
заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет кӛрсету екіталай.
Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ.
Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол
тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп,
ілгері жетеледі.
Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен ӛзінің үй іші, бала-шағасы қамын
қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал ӛсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа
тәрбиелейді:
Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) ӛссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен
жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы ӛлке, тӛзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-
бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай,
тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.
Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының
ақылгӛй, ӛсиетшіл келетінін айтқан жӛн.
Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу
жолға салуды ӛзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек. Ақын әр тұста терең
толғап, ӛрнекті де, ӛнерлі сӛз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады.
Шортанбайдың ӛлерде айтып кеткен ӛсиет сӛздері де бар. Ол ӛсиеттерін қалың
қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Ӛз атынан
барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал:
Сәлем айттым бәріне
Бауырлас туған ініме,
Қызмет етіп жүріңдер
Жұрт тамаша болушы еді,
Басшы, біткен кәріңе...
Жалғыз ауыз сӛзіме,
Дүние ыстық кӛрінді,
Құрғыр менің кӛзіме...
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет
ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - ӛлерде үстіне
ескерткіш орнатпауды, үлкен ас
бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға
үлестіруді ӛсиет еткен. Ақын кӛз жұмғалы ғасырдан астам уақыт ӛтсе де, оны халық
қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Б
ес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
Достарыңызбен бөлісу: