Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде



бет29/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, РЕФЕРАТ О КОНТ
Баға дегеніміз – қоғамдық қажетті жұмыс уақытындағы өнім өндіруге кеткен шығынды өлшеуге мүмкіндік беретін экономикалық категория товар құнының ақшалай көрінісі. Баға сұраным мен ұсыным заңына сәйкес өзгеріп отырады. Егер тауарға деген қажеттілік көп болса, тауар өндіруші бағаны көтереді, сұраныс көбейсе баға өседі.

Өнім бағасын белгілеу әдістерінің келесідей негізгі 3 тобы бар:


1. БАҒА ҚҰРУДЫҢ ПАРАМЕТРЛІК ӘДІСТЕРІ: үлестік көрсеткіштер әдісі, балдық әдісі, регресиондық талдау әдіс, агрегаттық әдіс.
2. БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ ШЫҒЫНДЫҚ ӘДІСТЕРІ: толық шығындық әдіс, тура шығындық әдіс.
3. БАҒА ҚҰРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ӘДІСТЕРІ: негізгі факторы сатушы шығындары емес сатып алушының тауар құндылығы мен пайдалылығын бағалауы болып табылады.

Параметрлік әдістер өнімнің тұтыну қасиеттері мен оның шығындары арасындағы параметрлік қатарларға кіретін сандық тәуелділіктерге негізделген. Параметрлік қатар дегеніміз – бірдей функцияны орындауға тағайындалған біртекті өнімдерінің өзара техника экономикалық параметрлік мәнімен айырмашылықта болуы. Мысалы: станок өнімділігі – 10 кг⁄сағ;жаңа станок өнімділігі – 20 кг⁄сағ; станоктың техника-экономикалық параметрі – өнімділік.


Үлестік көрсеткіштер әдісі: Өнімнің аз тобына баға құру және талдау жасау үшін қолданылады. Мұнда өнім бағасының жалпы деңгейін толығырақ анықтайтын негізгі бір параметр шамасы арқылы баға құрылады.
Балдық әдіс. Өнім параметрінің (қолайлығы,өнімділігі, икемділігі, жылдамдығы, сенімділігі, т.б) маңыздылығын және ерекшелігін сараптамалық бағалау негізінде әр параметрге сандық бал қояды. Осы балдар қосындысы өнімнің технико-экономикалық деңгейінің интегралдық бағалауын береді. Мысалы: Пайдалану қолайлығы – 40, Ұзақтығы -30, Сенімділік – 20, Өнімділік -10, барлығы:90
Регресиондық талдау әдісі.Өнімнің технико-экономикалық параметрлі өзгерісіне баға өзгерісінің тәуелділігін анықтау мақсатында қолданады. Регрессия теңдеуі сызықтық, дәрежелі және параболалық түрде болуы мүмкін.
Агрегаттық әдіс.Өнім бағасы параметрлік қатарларға кіретін жекеленген бөлшектерді бағалап қосу арқылы анықталады.
Баға белгілеудің шығындық әдістері:1)Толық шығындық әдіс бойынша баға жалпы шығындар мен пайданың қосындысы арқылы анықталады. Осы әдістің артықшылығы: өте қарапайым, ыңғайлы. Кемшілігі: бағаны құру кезінде тауарға сұраныс нарықтағы бәсеке ескерілмейді.
2) Тура шығындық әдіс: ауыспалы шығындарға белгілі бір қосымшаларды, пайда мөлшерін қосу арқылы баға белгілеуден тұрады. Ц – V Бұл айырма маржиналды пайда деп аталады.
Жалпы баға құру кезінде келесі факторлар негізге алынады:

  • Өндіріс шығындарының деңгейі; Нарықтағы бәсекелестік жағдайы; Сұраныс өзгерісі;

  • Тауардың ерекшелігі жоғары сапаға ие болуы.

Өнім бағасы Ц анықталады:


Ц.= S * (1+R) (1)


Мұндағы S - өнім бірлігінің толық өзіндік құны, тг;
R - рентабельдік деңгейі, %

Кәсіпорындағы күрделі қаржы салымы.




Қаржы салымы деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. 
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: 
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә)ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. 
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: 
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә)ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. 
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Инвестицияның түрлері.




Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:

  • қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.

  • венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы

  • тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар

  • аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.

Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:

  1. мүлікке – күрделі шығындар

  2. материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға)

Формасына қарай инвестиция түрлері:



  1. ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен;

  2. жер қорымен;

  3. ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен;

  4. ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).

Инвестиция көздері:



  1. кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);

  2. келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату);

  3. қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);

  4. Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;

  5. Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;

  6. Шетел инвестициялары.

Инвестицияны есептеудің нарықтағы әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет