Реферат орындаған: Тексерген: Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі


Тістердің қышқылдар әсерінен некроздануы



бет4/19
Дата09.05.2020
өлшемі31,58 Kb.
#66758
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Реферат (2)
Механикалық күй. Ең аз әсер ету ұғымдары1, text-2021-05-17, Химия п ні бойынша 4 то сан шін жиынты ба алау тапсырмалары
Тістердің қышқылдар әсерінен некроздануы

Тістердің қышқыл әсерінен некроздануы немесе химиялық некрозы жергілікті әсерлерден дамиды. Бұл үрдіс бейорганикалық қышқылдар (тұз, азот және күкірт, фосфор, фторлы сутек қышқылдары), сирек жағдайда органикалық қышқылдар өндірісінде ұзақ жылдар жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Қышқылдан некрозданудың ең алғашқы белгілері – тістердің қармалып қалу сезімі (чувство оскомины), аса сезімталдығы (температуралық, химиялық тітіркендіргіштерге), тістердің жұмсарып тістескенде бір-біріне жабысып қалатыны сияқты ыңғайсыздықтар. Аталмыш патологиялық үрдіс өндіріс цехтарының ауасында жоғарыда аталған қышқылдар бу немесе газ түрінде бөлініп, ауыз сұйығында еріп, сілекейдің қышқылдану салдарынан тістің қатты тіндерінде кальций жойыла бастауы нәтижесінде дамиды. Химиялық некроздану тереңдеген сайын көбінесе алдыңғы тістер кіреукесі күңгірттеніп, беті кедір-бүдір бола бастайды. Кейде кіреуке кір-сұр немесе оданда қоңырлау түске боялады және қатты тіндері біртіндеп мүжіле бастайды. Кіреуке алдымен тістеу қырларында жойылады, тістеу қырлары жұқарып, опырылғыш бола бастайды. Тіс тіндерінің деструкцияға ұщырап, мүжіле бастауы алдыңғы тістердің ауыз жақ беттеріне де ауыса бастайды. Осының нәтижесінде олардың көлемі кішірейіп, араларында саңылаулар (диастема және трема) пайда болады. Кейде олардың сауыттары қызылиек жиегіне дейін біртіндеп жойылуы әсерінен, азу тістер тобы механикалық қажалуға ұщырауы мүмкін (шамадан тыс шайнау күші түсуі әсерінен).

Тістердің қышқылдан некроздануының жеңіл түрлері асқазанның қышқыл бөлінуі төмендеп қабынуы кезінде (ахилический, анацидный гастрит) тұз қышқылының 10% ерітіндісін қабылдау мәжбүрлігінен де дамуы мүмкін. Бұл кезде көптеген тістер (күрек және үлкен азу тістер) зардап шегеді. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қышқылды шыны немесе пластмасса түтік арқылы қабылдау керек.



Емі. Тістердің қышқыл әсерінен некроздануын емдеу үшін кіреуке некрозы кезінде қолданылатын шараларды пайдалануға болады. Ал одан сақтандыру үшін өндірісте істейтін жұмысшылар техника қауіпсіздігі ережесін сақтау керек және ауыздарын әрбір 2-3 сағатта сілтілердің әлсіз ерітінділерімен (ас содасының 1-2% ерітіндісі) шайып тұрулары қажет. Қазіргі кезде олардың тістерін қышқылдар әсерінен қорғайтын арнаулы пластмасса жабындылар – капалар шығарылуда. Тістер некроздануы бар жұмысшылар диспансерлік есепке алынып, олардың тістеріне жүйелі түрде қайта минералдандырып емдеу шаралары жүргізілуге тиіс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет